***

Таусылмайтын махаббат /
Көрмесем де сыр ақтардым өзіңе,
Жүрегім де жыр сыйлайды төгіле…
Армандаған өмірде қиял-құсым
Қанат қосшы ұшайын өз көгімде…

Жүрмесем де жаныңда, армандаймын
Елестің аралында қалғандаймын…
Мейлі шын, мейлі елес болсаңдағы
Жүрегім енді сенсіз соға алмайды…

Түсінсең де, түсінбесең де осы жайым
Жүзіңді жүрек жібір көрген сайын…
Бір саған деп асылдан соғып қойған
Әрқашан жүрегімде орын дайын…

Жүрегімді жаулап бір алғандайсың
Сүйкімді нәзік қылық жас талдайсың…
Мендегі қамалдарды талқандайсың…
Сен қандайсың, аруым, сен қандайсың?!

Қолыңнан ұстап шіркін көрмесем де
Жаныңды күйзелтпесін қоңырау мұң…
Жүрегіммен, ойлаймын, жылытайын
Суық күн ызғарымен тоңдырмауын…

Қараймын мен бейнеңе мейірімді…
Сездің бе жүрек тағы күйеріңді?
Аңдаусыз ес жиғызбай жүрек шіркін
Төпелеп төгесің-ау күйлеріңді…

Жаза алмай, сол бір ғашық дастанды
Жүрмін әлі қысқа өлең болып азық…
Өлеңім ұзаршы енді, жыр жастаншы,
Сезім-жыр өміріме болсын қазық…

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.