Күйеуге шыққым келмейді
Жасым 22-де. "Қашан күйеуге шығасың?" деген сұрақ осы кезден мазалайды ғой. Осы сұрақты естісем, «шықпаймын» деп шорт кескім келеді. Бірақ, тәрбие құрғыр бұған жол бермейді. Біздің қоғамда «күйеуге шыққым келмейді» десең, бәрі жаман қарайды. Онда тұрған не бар? Өз бостандығымды ешкіммен бөліскім келмеді. Адамның рухани дамуы үшін жалғыз болу керек. Ал, отбасы оны шектейді. Күйеуге шыққан қыздар қоғамдық жерлерге шығып, құрбыларымен кездесуден қалады. Бірнеше айға, тіпті, бірнеше жылға жоқ болып кетеді. Олардың көзінен тек мұң көремін. Сондықтан, шыққым келмейді күйеуге!
12 пікір
Ал, күйеуге шығып бақыт таба алмаған әйелдер туралы айтқаның өте-өте ащы шындық… Дегенмен, таңертең ұйқыдан оянғанда жаныңда сүйген жарыңның пысылдап ұйықтап жатқаны зор қуаныш сыйлайды. Сүйген жар болса ғана бақыт сыйлайды, сүймегенің… қиын, жаның азапталғанда өзіңді бұл қоғамға да сыймайтындай сезінуің ғажап емес. Ол жалғыздықтан да жаман.