Жігіт пен қыз арасында достық жоқ!
Бірнеше уақыт бұрын сенімен мәңгі бірге боламын деп ойлаған едім. Басымыздан талай қызық оқиғалар өтті. Көп жерлерде қол ұстасып күндерді өткіздік. Сенің ортаң да, менің ортам да біз үшін қуанып жатты. Бір жолмен жүріп, бір жоспар құра бастадық. Алайда тағдырдың «намек» беруімен сені тастауды жөн көрдім. Арада біршама уақыт өтті, қазір сол кезде дұрыс шешім қабылдағаныма көзім жетіп отыр. Ал тақырыпқа оралсақ, жігіт пен қыздың арасында достық жоқ деген ұғымды қолдаймын. Бұл бейтаныс сері менің жан дегендегі далғыз досым болды. Барлық сырым мен жырымды біліп отырып менен онымен бірге болуымды сұрана бастады. Бұдан алдын да достарым сөз айтып жатқан жайттар көп болды. Кейбірлеріне ренжіп, біреулерімен қатынасымды мүлде үзген болатынмын…
0 пікір