Сыртыңнан ғана ғашық боп жүрмін....

Таусылмайтын махаббат /
Көргенде алғаш, естен тандырдың,
Жүректе үміт, отын жандырдың.
Пәниде жалған, махаббат барына,
Тек өзің ғана, жаным нандырдың.

Сағыныш нұрын шашқандай болдың,
Бақыт сарайын ашқандай болдың.
Жаныңа келіп, қолымды созсам,
Үнсіз күлімдеп, қашқандай болдың.

Көңіл қазығын қаққандай болдың,
Үміт шырағын жаққандай болдың.
Жоғалтып таппай жүрген сезімді,
Өзіңнен жаным тапқандай болдым.

Күнді көрпе ғып, жапқандай болдың,
Айды шам қылып, жаққандай болдың.
Айна алдында шашыңды тарап,
Жұлдыздан алқа таққандай болдың.

Арайлап атқан таңымдай болдың,
Жылуын жаққан, жанымдай болдың.
Көңіл білдіріп, сырымды айтар,
Іздеген сәтте, табылмай қойдың.

Қол созсам алыс, бағымдай болдың,
Қусам жеткізбес, сағымдай болдың.
Сезімді арбап, жүректі ұрлап,
Тағдырға жаным, бағынбай солдың.

Қайбір серіні арманың қылдың,
Көкорай шалғын, орманы болдың.
Бір өзің ғана тұтатып жаққан,
Махаббатыңның қорғаны болдың.

Күнімде күттім, қайтып келер деп,
Түнімде күттім, түсіме енер деп.
Өзің кеп жаққан, үміт шырағын,
Өзіңнен өзге өшірмесін деп.

Көп күттім сені, мін тақпа маған,
Жүргенім жоқ мен, сарқ боп сағам.
Үміт пен Күдік, арбасқан сәтте,
Таңдауын қалқам, қалдырдым саған.

Тілеулесің боп, арманы бірдің,
Мұңайып тұрып, өтірік күлдім.
Сезімім менің, іштей тұншығып,
Сыртыңнан ғана ғашық боп жүрмін.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.