Логикалық есеп: жалған дәрі капсуласы

Математика әлемінде /


Берілгені: Сізге бір уыс 45 дәрі капсуласы берілген. Соның ішінде бір дәрі өтірік дәрі. Өтірік дәрінің салмағы қалғандарынан бөлек, бірақ жеңілірек па ауырлау ма ол белгісіз.

Енді осы есепті, барынша аз рет өлшеп, жалған дәріні тауып алыңыз.

16 пікір

Korkem
Бәрін суға салып кеп жіберемін да, бәрі бетінде қалып біреуі батып кетсе ауыр болғаны, бәрі батып бірі батпай бетінде қалса жеңіл әрі ол жалған дәрі болғаны
AL-ASTER
Жауабыңыз қызықты екен. Бірақ берілген есептің дұрыс жауабы бұл емес көрінеді.
dimash
Қызық есеп сияқты)) Жайдан жай капсуланың саны 45 деп нақты айтылмаған шығар… сол сандарының қатысы болған ғой…

Алдымен бір капсуланы өлшеп аламыз, мысалы 1 капсуланың салмағы 2 грамм делік. Сосын барлық капсуланы өлшейміз, ол барлығы бірдей болса 90 грамм болуы керек. Егер 90 гр-нан көп болса жалған капсуланың салмағы басым, 90 гр-нан кем болса жалған капсуланың салмасғы аз. Соны біліп алған сон сол жалған капсула кездескенше біртіндеп өлшейміз… )) м?
AL-ASTER
Жауап дұрыс. Бірақ, бұдан да қысқа жолдары күтіледі.
Yeraly
45 ті екіге бөліп, түрлі ыдысқа салып олшейміз, сонда бір жағында 23 екіншісінде 22 болады, өзгешесі 23 болса оны тағы екіге бөлеміз, сонда 11 мен 12 шыгады, сәйтіп олшей береміз
AL-ASTER
Жақсы. Енді формула келтіріп, сол бойынша шығара салса, тез әрі қысқа шығатын көрінеді.
Abylai
дәрілерді екіге бөліп салыстыру арқылы есептегенде тым ұзақ болып кете ма? одан да қысқа жолы бар ма? (ықтималдық теориясы керек па )))
AL-ASTER
ықтималдық теориясы есепті шығару жолында келтірілмеген, бірақ мүмкін сен ұсынған есепте болып қалар, хош!
Abylai
5рет өлшеп тапқан көп па?
AL-ASTER
Дабай бауырым, в студию!
followme_alik
осындай кезде логикамның жоғын ұғам.
Karlen
45 дәріден екі дәріне аламызда, таразыға саламыз. Екеуі тең болса, біреуін алып қаламыз.(Ал екеуі тең болмаса, екеуінің біреуі жалған) Екіншісін қайтып дәрілерге қосамыз. Сонда бізде 44 дәрі қалады. 44 бөлеміз екіге тең болады 22. dimash айтқандай 1 дәрі 2 грамм болса, 22 дәрі 44 грамм болу керек. Екі бөлінгеннің 44 граммын алып қоямызда. Қалған дәріні тағыда екіге бөлеміз. 11 дәріден 22 грамм болу керек. 22 грамм болған 11 дәріні алып тастаймыз да, қалған 11 дәріден тағыда 1 дәріне өлшеп алып тастаймыз.(өлшеген 1 дәрі 2 грамм болса дұрыс, ал 2 грамм болмаса жалған). Енді 10 дәрі қалды. екіге бөлеміз. 5 дәрі 10 грамм болу керек. 10 грамм болған 5 дәріні алып тастаймыз. Қалған 5 дәріден тағы 1 дәріні алып, өлшеп алып тастаймыз.(өлшеген 1 дәрі 2 грамм болса дұрыс, ал 2 грамм болмаса жалған). 4 дәрі қалады, екіге бөлеміз. 2 дәрі 4 грамм болу керек. 4 грамм болған 2 дәріні алып тастаймыз да, қалған екі дәріні екіге бөлеміз. 2 грамм болған дәрі дұрыс, ал 2 грамм болмаған екінші дәрі жалған болады. Осылай табылады.
AL-ASTER
6 рет өлшепсіз, әзірге жақсы жауап.
AL-ASTER
Осы типтес өлшеу тәсілімен, бір рет өлшеп қана анықтау мүмкін бе?



Меніңше, болады. Пирамидаға ұқсатып жалғыз рет өлшегенде, өтірік дәрі өзі шығатын көрінеді. Соны дәлелдеу керек.
ereke_enu
Есепті қойш, мына капсулаларды ішкім кеп кетті))) Е витаминдері сияқты… 6 жолмен шығады ау сол, теңдей екіге бөле бересің, ал, егер үшке, не одан көпке бөлсең, қадам саны көбейіп кетеді
AL-ASTER
Есепті в студию! ))) Жалған капсуланы анықтап алып, Е витаминдерін қабылдай беруге ешкім кедергі емес)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.