Рейтинг
+10.18

Математика әлемінде

Бұл қауымдастықта математиканың шығу тегі, кейбір математикалық терминдердің пайда болуы туралы деректер және де қызықты есептер жарияланатын болады.

б. з. ll ғасырлық қытай есебі

Жабайы үйрек Оңтүстік теңізден Солтүстік теңізге дейін 7 күн ұшады. Жабайы қаз Солтүстік теңізден Оңтүстік теңізге дейін 9 күн ұшады. Жабайы үйрек пен жабайы қаз бір уақытта ұшса, олар неше күннен...

Қу түлкі мен желаяқ тышқан

"Қу, сұмпайы" түлкі тышқанды көрді. Түлкі 4 рет секіргенде тышқанға жетер еді, бірақ тышқан қаша жөнелді. Түлкінің бір секіру ұзындығы тышқанның 12 қадамына тең. Егер түлкі бір рет секірген уақытта тышқан 4 қадам жасаса, түлкі неше рет секіргенде тышқанды ұсатайды? Ал математик-блогерлер, кімде қандай шығару нұсқа жолдары бар? шығарғандарға +1

тапқанға жүлде №3!!!

Тапқан адамға «ҮЛКЕН МӘЛӘДЕС» виртуалды төсбелгісі ду қол шапалақпен табысталады! Кыз бен жігіт көшеде көз атысып бірін-бірі ұнатып қалды. Жігіт қыздың жасын сұрады. Қыз былайша жұмбақтап...

Тапқанға жүлде №2!!!

Логикалық сұрақ! Тапқан адамға "ҮЛКЕН МӘЛӘДЕС" төс белгісін ұсынамын :)) Бір таксиші көлігін айдап келе жатыр. Алдыңғы орны бос артқы орындарында жолаушылары бар. Кенет жауын жауып кетті. Аялдамада 2 жолаушы тұр еді, біреуі шал екіншісі жас бала. Таксиші жас баланы алдына отырғызып алды. Сонда артта отырған жолаушылар таксишіге " сіз неге жас баланы алдыңыз? Шалды...

Ертегі есеп. Мұраларын бөлісу.

Парсы шаруасы үш ұлына 17 түйесін мұраға қалдырды. Бірінші ұлына барлық түйеснінң 1/2-ін, екінші ұлына 1/3-ін, үшінші ұлына 1/9-ін алуды тапсырды. Ағайындылар көп ойланды, бірақ әкесінің мұрасын ол айтқандай етіп бөле алмады. Сол кезде олардың жанынан түйесімен өтіп бара жатыр еді. Ол түйелерге өзінің қосып, мәселені шешуді ұсынды. Шындығында, ағайындылар түйелерді әкесі айтқанадй бөліп алды....

Сағат туралы

Біраз, басымызды жазып есеп шығарайық, достар! Сағат тілдері секіріссіз қозғалады деп есептесек, сағат 4-ті көрсеткеннен кейін, қанша уақытта минут тілі сағат тілін қуып жетеді? Таак,...

Тапқанға жүлде!!!

Салем! Қойылған сұрақтарға көңілім толды, және Отандастарымның интелектуалды дамуына өз үлесімді қоссам деген ойым бар еді. Міне іздегенге сұраған дегендей сол сәт туып тұр. Ендеше сұрақ!!!...