Дастархан мәдениеті қайда кеткен екен?

Елді мекендер /

Қазақ мәдениетінде тамаққа тойғанша уақытты өлең-жырмен тарқатып отырып думандап отырушы еді. Қазірде ел ішінде солай өтеді де, кім кімде болмасын Қазақ тойдан есе жібермейтін халық қой. Бәрақ, Астанада болған тойда, тұрғындар ақша табамыз деп тойда тамақтануға да асығама деген ойға келеді. Кезінде өткен тарихтан да, ата-баба тойларынан да үзілмес дәстүрдің бір ізділігін көріп жүруші едік. Сондай-ақ, қатымның да тәртібі еш өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатыр, қазадан кейін қатым жасағанда асты көпшіліктің ниеті "қабыл етсін" деп таратып беретін. Астананың тойына барамын деп қатымда отырғандай болады екенсің. Ішпей-жемей жатып өздерінің бір адамдары құдаларды күтема деп емес, үстел үстіндегі етті турап, бір-екі тілімді таратып беріп, қалған жартысыннан көбін өзіне салып алу үшін отырады екен ғой. Ішер-ішпесте дорбаларды таратып бергені сол ақ еді, дастархан басындағы барлығы тәлеңкесімен төңкеріле бастап еді, Құдай салмасын тап-таза қылып жинап алды. Даяшыларға жеңіл болады екен. Артынан жақыным айтады неге салып алмадыңдар бізде осылай деп. Бұл қайдан келген дәстүр екенін кім білген, масқара, басқа айтары көп қызықты жерлері бар әрине. Бір көңілге кірбін келтіргені осы еді.

Осылай таң қалдым елорда жұртына, алайда елорда мәдениеті төмен деген сөз емес бұл, жалпы үрдістің өзгере бастауын жақтырмайды екенсін. Мүмкін заман талабы солай болар, әрдайым ел ішінде жақсылығы мен қуаныштары молынан жетсін, бақ-берекесі тоймен өлшенген Қазақ жұртында той мәдениетінде бұндай келеңсіздіктер тарих беттеріне түспей ұмытылып кетсін. Солай боларына сенемін.

3 пікір

Karlen
Ия. Ұмытылып кетсе екен. Дым көрмеген, дым жемеген адамдар сияқты. Барлығына аш көзді әйелдер кінәлі, екіншіден әйіліне қой демейтін момақан еркектер кінәлі.
kema
hehehehe, osy talai toidyn damin tattym)))) Shynymen kaidan kelgen urdis ekenin ali kunge bile almai jurgenim. Bul urdis asirese soltustikke tan ba dep oilap kaldym?! (oz oiym bolgan son jazdym, renji kormenizder) Al kei toilar muldem baskasha otedi, toidy bitire almai asabalar sasyp jurgen kezderde bolgan))))) Khazakh degen toi ushin jaralgan halyk koi.

Rahmet sizge myna postynyz ushin))))
AL-ASTER
Неа. Иә рас, өзіміз дәмханада немесе асханада сатып алған асты алып кетеміз қалдырмай, бірақ тойдағы дастарханды алып кетуді естімеппін.

ПыСы: Астана қаласында көп жақтан жиналған адамдар ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.