Саялы Сарыағаш

Елді мекендер /
Сарыағаш ауданы 1939 жылы құрылған. Оңтүстiк Қазақстан облысының ең iрi аудандарының бiрi болып саналады. Қазiргi кезде 7613 шаршы километр аумағы бар ауданда 40-тан астам ұлт өкiлдерiнен құралған 250,3 мыңнан астам халық тұрады. Ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымында 1 қала, 1 поселке және 24 ауылдық округтер бар. Сарыағаш аудан әкімдігі 1992 жылы ақпан айында құрылған. Бүгінге ауданда 13 бөлім қызмет атқаруда.
Климаты континенталды, қысы жылы (-100С төңірегінде), жазы ыстық (+400С-қа жетеді). Өсімдіктердің өсіп-өну мерзімі 220-320 тәулік. Атмосфералық жауын шашындардың орташа жылдық мөлшері 80-300 мм-ге дейін жетеді.
Аудан аумағынан сулы Келес және Құр Келес өзендері ағып өтеді.
Аудан аумағында аты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де мәлiм «Сарыағаш шипажайы» МҚК, «Алтын-Бұлақ», «Арман» санаториясы, «Ана мен бала» шипажайы сияқты 10 демалыс аймағы  бар.
Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары болып табылады. Қазiргi кезде 55 термальды су скважиналарының барлығы аудан мекемелерi мен тұрғындарына қызмет көрсетуде. 
Аудандағы ірі, орта және шағын әртүрлі меншіктегі кәсіпорындардың өнім шығарып тұрғандары 46% құрайды.
Өнеркәсіп саласы бойынша негізінен Сарыағаш минералды су құю (28.4%) және жеңіл өнеркәсіп (24.7%) салалары бар. Атап айтқанда «Алекс» ЖШС-минералды су құю өндірісі, «Айша-Бибі» ЖШС-мақта талшықтары өндірісі, «АВК Капланбек» АШК-жоғары сапалы шарап өнімдері, «Сенім» ЖШС-жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіреді. «Әуес», «Жылға-Агро» ЖШС-тері — бидай ұнын экспортқа шығаруда. «Дина-Н» ЖШС-құрылыс материалдарының 8 түрін шығаруда.
 

5 пікір

Aspan
Шыбық тықсаң ну болатын (ары қарай ұмытып қаппын), — деп басталатын сөзін Асан Қайғы Сарыағаш өңірін көргенде айтқан екен.
Yeraly
Өнеркәсіп өндірісі жалпы ішкі өнім көлемінің 13,2 %-ын құрайды. Ауданның өнеркәсібі негізінен минералды су құю, мақта талшығын өндіру және тігін өнімдері, азық-түлік өндірісі, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдары, газ және электр қуатын бөлу және т.б. салаларға бағытталған.

2009 жылы минералды су өндіру көлемі 135,4 млн. литрді, мақта талшығы 10524 тонна, жүзім шарабы мен сықпасы 1711,2 мың литр және коньяк спирті 688,5 мың литр болды. Құрылыс қажетіне арналған бетон бұйымдар өндірісі 18221 тоннаны құрады.

Жоғары технологиялық өндірістерді енгізу, құрал-жабдықтарды жаңарту жөніндегі жұмыс өнеркәсіптің басқа да салаларында жүзеге асырылуда. Ауданда 7 кәсіпорын ИСО-9001 сапа менеджменті жүйесіне енгізілген.

Ауданда минералды су құю зауыттарының қажетін өтеу мақсатында ПЭТ бутылка мен полиэтилен қаптарын шығаратын «Фармпласт-инвест», «Пласт центр» және «Технологиес и К» ЖШС барлығы 611,1 млн теңге өнімін өндірді.

Ауданда Қошқарата ауылдық округі, Қошқарата елді мекені арқылы ағып өтетін Келес өзенінің үстінен салынған Қошқарата шағын ГЭС-і бірнеше жылдардан бері электр қуатын өндіріп, Келес өңірінің бюджеттік мекемелері мен 1500 абонентті электр қуатымен қамтамасыз етіп келеді. Қуаты — 1,3 Мг/вт.

Аудан аумағында жер қойнауын пайдаланушылар бойынша құмды гравилі қоспаны өндіру бойынша 2 мекеме күйдірілген қыш өндірісі бойынша 2 мекеме, асфальт өндірісі бойынша 1 мекеме, темір бетон өнімдері бойынша 1 кәсіпорын айналысады.

«Дина-Н» ЖШС пайдалы қазбаның 2 түрін (шағал және топырақ) пайдаланады. Әр қайсысына яғни шағалды және топырақты алуға жеке-жеке келісім-шартқа отырған және шешімдері бар.

Шағал тасты жылына 22,5 мың метр куб өндіруде. Шағалдан 10 түрлі құрылысқа қажетті өнімдер шығарады. Олар темір бетон өнімдерін, трубалар, әр түрлі плита, спринтерлық блок, шлакоблок, тротуар бардюрлеры, фундамент блоктары, брюсчаткалар, әр түрлі лотоктар шығарылатын өнім түрлерін жоспар бойынша өндірілуде.

Ал табиғи топырақты топырақты өндіріп күйген кірпіш шығарумен айналысуда.

«Асфльт» ЖШС асфальт төсеу жұмыстарын жүргізед

Сарыағаш ауданы – Оңтүстік Қазақстанның ең ірі өндірісті-аграрлы аймақтарының бірі. Мұнда қазіргі нарықтық инфрақұрылымның негіздері қалан.ан. Сарыағаш шипалы минералды суға, бентонитті балшыққа, кварцтық құмдарға, сонымен қатар, бидай, мақта, жеміс, жүзім және мәуе жемістері өсірілетін құнарлы топыраұққа бай. «Сарыағаш» минералды суын шығарумен 33 тіркелген кәсіпорын айналысады.

Сарыағаш ауданында мал шаруашылығы мен өсімдік өсіру жақсы дамыған. Келешекте аудан экономикасы кластерлі дамуға негізделетін болады. Бұл жағдайда облыстық агроөнеркәсіптік потенциалы мүмкіндігінше толығымен пайдаланылады. Сарыағаш ауданында шарап, тоғыма және туристтік кластерлерін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар.
Осыған сүйенетін болсақ Сарыағаш ауданының экономикалық жағдайы да нашар емес секілді.
QAZAQ
Бір сұрағым бар. Сарыағашта медицина колледжі бар ма?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.