420 келі алтын мен күміс жұмсалған Тәж-Махал...

Елді мекендер /
Жана мен интернетті қарап отырып мына ақпаратты оқыдым. Сіздерге де осы ақпаратты ақуга кенес беремін.

Үндістанда алтын, күміс және алмас секілді бағалы металдар мен тастардан әйгілі Тәж-Махалдың макеті жасалуда. Макетке 20 келі алтын, 400 келі күміс және 8 тас алмас жұмсалған.

Алла жазса, Тәж-Махалдың бұл көшірмесі жылдың соңына дейін аяқталады деп отыр. Жауһарлардан жасалған бағалы қолтуынды аяқталған соң, 18 миллион долларға бағаланбақ.

Бұл туындымен 35 кісіден тұрадын шеберлер тобы айналысуда. Макетте тұпнұсқадағыдай 20 күмбез, 32 есік бар. Барлық күмбезі мен есігі алтыннан жасалған. Тіпті, Тәж-Махалдағы Құран аяттары да макетке дәл түпнұсқадағыдай түскен. Аяттардың дұрыс жазылуы үшін арнайы дін қызметкерлерін де шақырған. Бағалы металдардан жасалған макеттің жобасын Стар Гемс зергерлік фирмасының иесі Сейід Ханиф есімді азамат жасаған. Ол, өзінің айтуынша, 22 жыл бұрын Тәж-Махалды алғаш көргенде, көркіне қатты сүйсінген. Міне, осы туындысынан 22 жыл бойғы сүйсінісін көруге болады. Тәж-Махал макетінің биіктігі – 105 сантиметр, ал ені 170 сантиметр.

4 пікір

ZevsKO
еріккеннің ермегі демеске шара жоққ
pernebekova96
Ия шын мәнінде 420 алтын мен күміс жұмсап ысырап қылған, бірак біршетінен бұлда өнерғой
yesbolat83
Үндістанда не көп, жағдайы төмен отбасылар немесе баспанасыз жүргендер. Оданда… Бірақ, кім білген, мүмкін
18 миллион долларға
бағаланған осы түскен табысты игі істерге жұмсар.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.