Біздің өлкеміздегі Қайыңды көлі

Елді мекендер /







Мен Алматы облысы, Райымбек ауданында тұрамын. Өзімнің аймағымдағы көрікті де, әсем жерлермен мақтануыма болады. Мысалы, Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Қайыңды көлі, Шонжыдағы Ыстықсу, Шәлкөде жайлауы, Шоғансай және т.б. Енді осылардың ішінен Қайыңды көлі жайлы айтып өтейін.
Қайыңды көлі Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым жерде Күнгей Алатауында орналасқан. Бұл көл сол аудандағы Саты ауылына қарайды. Қайынды көлі көшкін жылжығанның нәтижесінде бір ғасырдан астам бұрын пайда болған деседі. Жаздың аптап ыстық күнінің өзінде су температурасы -6 градустан аспайды. Және судың бірден терең болып кетуі суға түсуге кедергі жасайды.Бұл жердің кереметі — таза ауасы, самал желі және көлдің жанында орналасқан бұлақ. Жаз кезінде шетелдік және отандық туристер мұнда көп келеді. Тау шыңымен жарыса өсетін, сирек кездесетін еңлікгүл де (эдельвейс) осында. Табиғаты сондай керемет жер.Мен, тіпті, сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Сондықтан да, өздеріңіз келіп, әсем табиғатпен жақын танысып, демалып қайтыңыздар демекпін. Біздің таңғажайып өлке сіздерді әрдайым құшақ жая қарсы алуға дайын! (Суреттер интернеттен алынды.)

2 пікір

Aikona
Менің туған жерім Шәлкөде ауылы. Керемет. Сағындым ауылымды…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.