Ескі Шымкент қаласы туралы бейнебаян мен суреттері
Интернетте жүріп мына видеоны көріп ой қуанғаным-ай. Өте әрі қымбат видеоны тауып алдым. Бұл сонау Жако ағамыз Шымкентте жүріп студент болып жүрген кезіне бір естелік ретінде арнап жазып отырмын. Ағасы сіз де шымшахарда оқып студент болғаныңызды білеміз, сізді де осы ерекше күнмен құттықтап мына видеоны сізге тарту етемін. Қателеспесем бұл видео сіз оқыған уақыттар болуы керек шамасы. Видеода Ордабасы алаңы, Аэрапорт, Колос аялдамасы яғни қазір оны Тунель деп атайды сол жерлер көзге бірденен ұрады. Қазіргі Шымкент пен бұрынғы Шымкентті салыстырып көріңіздер.
21 пікір
Жоғарыдағы 1-ші сурет ол кезде ұмытпасам «Киров алаңы»- деп аталатын, сол маңда «Восход» қонақ үйі,«Арай»-кафесі, Истебительдің монументі ьолушы еді.Жақын маңда Орталық базар, Комсгомол көлі болатын.Өткен күндерге деген сағыныш, ностальгия…