Маңғыстау жайлы бір аңыз...

Елді мекендер /
Маңғыстауды дүйім халық: мұнайға бай, қарт Каспийдің құшағында жатқан алып дала және қасиетті 362 әулие орын тапқан киелі мекен деп біледі. Шынында да бұл өлке басынан талай зұлмат күндерді өткізген, миллиондаған тарихқа куә, мыңдаған жұрт көшіп-қонған, тоғыз жолдың торабында орналасқан тарихи жер. Әр тасы, сайы, керуендей тізілген таулары артта қалған дәуір мен ғасырлардың сырын шертіп тұрғандай. Әріге кетсек бұл өлкенің үстімен сонау II-III ғасырларда Қытайдан бастау алған Ұлы Жібек жолы өткен. Шұрайлы жер іздеген Асанқайғы бабамызда бұл мекенге үш мәрте келіп-кеткен. Бір келгенінде ол: «Топырағының майы бар екен. Түбінде еліне құт-береке әкеледі»- деп тектен-тек айтпаса керек. Иә, айтқаны айдай анық келді. Бүгінде Маңғыстау мұнай көзінің ірі ошақтарының бірі болып отыр. Енді мен осы Маңғыстау қазақ халқының қол астына қалай өтті. Сол жайында естіген аңыздарымның бірінің әлқиссасын тарқатайын.
Ертеде бұл жерді түрікмендер мекен етсе керек. Табиғаты қазіргідей емес жас желекке орынған, түрлі гүлдер өскен, бір сөзбен айтар болсақ қарасаң көзің тоймайтын сұлу өлке болыпты. Бірде осы өлкенің үстімен басына құрық тимеген, азулы да айбынды Адай халқы көшіп бара жатыпты. Түн ауған соң түрікмендерден бірер күн қонақтап тұруға рұқсат сұрап, елші жіберген екен. Ал түрікмендер болса рұқсаттарын бермей жіберген елшісін өлтіріп тастапты. Мұны білген Адай халқы оларға қарсы шабуыл жасап, жерлерін иемденіп алыпты. Кейіннен жердің астынан мұнай шыға бастағасын табиғаты қуаңшылыққа айнала бастапты. Сөйтіп түрікмендер де өздіктерінен ығыса бастапты.
Мен осы аңыз арқылы өскелең ұрпаққа қазаққа ешкім жерлерін сыйға бермегенін, оның үлкен қан төгіспен алынғанын айтқым келді. Бір төбені жауына бермеу үшін сан мың баһадүр бабаларымыз қыршынан қиылды. Ал біз өз жерімізді сатудан аулақ болайық.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.