Қарағанды іn my humble opinion

Елді мекендер /
Өткен аптадағы демалыс күнім шахтерлар қаласында өткен еді. Иә, Қарағандыға барып қайттым. Негізі бұған дейін бұл қалада болғанмын. Біраз «ережелерімен» таныспын дегенім ғой.

Мұнда көмектесетін достарым да жоқ екен. Бірақ 2gis.kz сайтының көп көмегі тиді. Баратын орныңды көрсетсең, жаяу қанша уақытта, автобуспен қанша уақытта жететініңді «айтып береді» ғой. Сонымен, Қарағанды іn my humble opinion («имхо»):

Такси туралы. Бір қызығы – мұнда көшенің кез келген жерінде тұра қалып, қолың көтере сала, такси ұстай алмайсың. «Жабайы» таксиға үйренген маған Қарағандыда жүру өте қиын болды. Тіпті қайтарда пойызыма кешігіп қала жаздадым. Жол жиегінде жарты сағаттай тұрсам да, бірде-бір көлік тоқтамады. Ешкімге ақша керек емес екен. Ал жаңбыр болса себелеп тұр…

Елді мекендер: Қарағанды

Қарағандыдағы ескерткіштер. Меніңше, Қарағанды басқа қалалардан ескерткіштерімен ерекшеленеді. Түр-түрін интернеттен көріп жүрміз ғой. Бірақ өмірде көру – бұйырмай жүр. Осы жолы да ерекше ескерткіштерін көре алмай қайттым. Ал Жеңіс саябағындағы ескерткіші ерекше екен. Мұның себебін таптым ғой: Қарағандыда ескерткіш жасайтын атақты отбасы тұрады екен. Бұған бөлек пост арнау керек.

Көше атаулары. Бала кезімде мені Алматыға анам «әкеп тастаған» (7-сынып бітірген кезімде, баламын ғой енді ол кезде). Сонда таңқалғаным – мұнда да Достық, Сәтбаев деген көшелер де бар екен. Сөйтсем, мұндай көше атаулары барлық қалада бар екен ғой (Мосфильмнің көше атауларына қатысты бір фильмі бар еді ғой). Ал Қарағандыда көше атаулары да ерекше: Құрылысшылар, Кеншілер, Шахтерлар… Бірақ біраз көше атаулары әлі өзгертілмепті.

Елді мекендер: Қарағанды

Халқы. Астанада шетелдіктер көп. Ал орыстар аз. Ал Қарағандыда өте көп сияқты. Аялдамадағы бір орыс ападан жаңа мешітке қалай бару керек екенін сұрғанымда «білмеймін» деп жауап беріп еді. Ал екіншісі дәл қай автобус баратынын айтпасада, «арғы беттен отырасың» деп нұсқап жіберді. Сөйтсем, тиіп тұр екен. Ал аялдамадан қазақ апаны таппадым))))
Баға. Баға туралы айтпауыма да болар еді. Бірақ астаналықтар айтуы тиіс деп ойлаймын. Былайша айтқанда, Қарағандыда – арзаншылық. Жолақы – 80 теңге. Түскі асты 500 теңгеге іштім…

Интернет. Егер басқа қалаға барсаңыз, интернетсіз қиын болары анық. Демалыс орындарының мекенжайы, тамақтанатын орындар, пойыз/ұшақ уақытын интернеттен қараймыз. Тіпті түсірген әдемі суретіңізді инстаға ілгіңіз келіп тұрады. Интернет болмаса, 2gis серігім болар ма еді.

Интернет дегенде жылдамдықты айтпау мүмкін емес шығар. «Тормоз» интернеттің болғанынан болмағаны артық. Себебі жүйкеңді жұқартып жібереді. Менің де біреуге пайдам тисін деп, Қарағанды қаласындағы үш компания ұсынатын (Kcell, Beeline, Tele2) мобильді интернеттің жылдамдығы туралы инфо-карта жасадым. Егер Қарағандыға бара қалсаңыз, керек болып қалар. Немесе қарағандылықтарға мобильді интернет үшін үлгі болады деп ойлаймын. Ал менің Теле2-ім тығырыққа тіремеді, «зыр-зыр» етіп, барып қайттық.

Елді мекендер: https://mapsengine.google.com/map/u/1/edit?authuser=1&mid=zauq6QZv5wyU.kwPpK-XfJMbU

Нені ұмыттым?

1 пікір

ulzhankzz
Көше атаулары қызық екен))))
Қарағандыға жол түссе пайдасы болар…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.