Маңғыстау жастарының саяхаты өтті

Елді мекендер /
Маусым айының 7 – сі күні «Жас Отан» ЖҚ облыстық деңгейінде жастардың өлкетану саяхатын өткізді. Шара кең көлемді өтті. Саяхат Маңғыстау облысындағы тарихи орын Ақмыш бағы, Шерқала тауы, Айрақты тауына ұйымдастырылды. Облыстың аудан орталықтарынан, өндіріс мекемелерінен 60 жас қатыстырылып, бір күндік «Жастар Отанға» саяхаты өткізілді.
Ақтау қаласынан 150 шақырым жерде орналасқан бұл тарихи қорымдар жастарға үлкен әсер қалдырды. Таулардың тарихын біліп, ата баба кешкен қиындықтар туралы мағлұматтар алды.
Негізгі мақсат: жастармен тарихи орындарды аралау, көне қорымдарға тазалық жұмыстарын жүргізу, жастарға патриоттық тәрбие беру, ата — бабаның ұрпаққа қалдырған ұлағатын ұғыну, үлгісін насихаттау.
Шара Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Елтану» ҚБ – нің атсалысуымен өтті. Ерекшелігі саяхатқа жергілікті әлеуметтік желі пайдалушы жастар, журналисттер, жас ақындар және Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қатысты.
Жастар саяхатпен бірге аталған қорымдар мен бақтарды тазартып, сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Шараға жергілікті Лада газеті, Маңғыстау газеті, «Қазақстан Ақтау» телеарнасы толып түсірілім жасады. Шара соңында жастар «Эко Life» сейілін өткізіп, ән айтып, көңіл көтеріп аяқтады.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.