Оралдық көңіл-күй

Елді мекендер /
Қала көшелерімен жүрсеңіз, өткен-кеткенді ойлауға толық мүмкіндініңіз бар. Ескі ғимараттар, ағаштар — қаланың ең бір тартымды тұсы осылар болуы керек. Төрт қатар жолға сыймай, кептеліс туғызған көліктердің дыбысын елемей-ақ жүре берсеңіз болады. Əдетте мен Достық даңғылын бойлай үйге қарай жаяулатамын. Үйіне, жұмысына асыққан жолаушылар. Жолда жеміс-жидек, көкөніс сатқан сатушыларды күнде кездестіремін. Аялдамалардағы автобусын асыға күткен жолаушыларды тамашалау да -бір қызық. Əйтеуір бір қарбалас.
Аспанды сұрғылт бұлт қаптаса да, жаңбыр жаумай тұрғалы қашан. Бетіңді қарған салқын жел ғана "қыс келе жатыр" деп тұрғандай. Жапырағынан айрылып ағаштардың жалаңаштанғаны болмаса,қала көркі — өзінде. Өткен заманда бой көтерген ғимараттар осы күнге шейін ажарын жоғалтқан емес. Қайта төрт ғасырлық өмірімен мақтанғандай қала Орал жайнай түсуде.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.