Қызбен жігіттің достығы немесе жасырын махаббат!

Өз ойым /

Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша пікір бер дегенді естігенім бар еді. Рас екен-ау. Пікірдің көптігі, әралундығы өзінше бір әңгіме ал енді қарама қайшы пікірлер ол мүлдем қызуқанды адамдар арасында үлкен талас- тартыстарға апаратын бірден бір фактор.
Мәселен бұраннан шешімін таппай сол талқылаулы күйінде жылы жауылатын тақырытардың бір-екеуін ойға сала кетейін.
1. Бірінші жұмыртқа пайда болда ма, әлде тауық пайда болды ма?
2. Қызбен жігіт шынайы дос па, әлде жасырын махаббат ба?
2-тақырып жөнінде аз-маз әңгіме өрбітсем және өз ойымды білдіріп, оны дәлелдесем.
Қызбен жігіт дос бола алмайды деп айтпайақ қояйын, бірақ олардың достығын жасырын махаббат деп бағалар едім. Сөзіме өз өмірім дәлел болсын.
Мектепте оқып жүрген шағымыз, аузымыздан ана сүті кетпеген уақыттың өзінде сыныптастарымызбен үзілістің өзінде шүйіркелесіп, кімге қай қыз ұнайтынын айтып үлгеретінбіз. Сондай балалықтың бал шақтарында менің достарымның бірі қыз болатын. Онымен мен сабаққа бірге барып бірге қайтатынмын. Кейде үй тапсырмасын бірге орныдайтынбыз. Осылайша өсіп, ер-жеттім енді болашақ студентпіз жолымыз еріксіз екіге айырылды. Бұрынғыдай күнде көріспесек те, анда-санда жолыққанда жағдай сұрасып тарасатынбыз. Бірде дос қызымның достарынан подругаларынан оның мені ұнатанынын тіптем дос ретінде емес мені екі жартының бір бөлігіндей көрктіндігін есіттім. Сенер сенбесімді білмедім, сенгенмен не пайда ол мен үшін тек дос қана болатын.
Оның жүрегіндегі сезімін мен тек 3-жылдан кейін ғана өз басымнан өткердім. Жо-жоқ оған ғашық болғаным жоқ, алайда мен оның орнында болдым яғни группадағы қызға, өзгелерге досым деп таныстыратын ару қызға ғашық болым. Мен онымен досым деп, қалжыңдап болсын бар сезімімді жеткізуге тырысатынмын алайда ол мені тек қалжыңқұмар адал дос деп қана бағалайтын. Осылайша мен қызбен жігіт өздерін дос деп санаса, онда міндетті түрде оның біреуі екіншісіне ғашық, өзі мойындамағанымен күндердің бір күнінде жүрегі мойындайтыны сөзсіз!
Ендеше кім кімге ғашық, оны анықтау қиын емес! Жүрегіңізге үңілсеңіз болғаны. Келіспесеңіз пікіріңізді білдіріңіз! 21-жылдық өмірлік тәжірибем осылай дейді!

34 пікір

Korkem
Тамаша ой. Мен әдетте қыз бен жігіт арасындағы достыққа әсте сенбеймін, сонымен қатар оны тіпті түсіндіріп, сөзбен жеткізе де алмаушы едім. Тамаша жазыпсың, қосыламын!
Bagashar
егер ғашық болсам…
Korkem
иә, толығырақ?
akil_kalta01
Охо Korkem! Көріп қуанып қалдым. Сені кәдімгідей ретжітіп алдым ба десем! :) Жігрелі екнсің! Ойыма қосылғаның тамаша болды, әйтпесе қызбен жігіт дос бола алады дегендер миымды ашытып жіберіп еді :))
Korkem
Сәлеметпісің)) сен де ренжи көрме. Кейде тазы ашуын тырнадан алатын кездер болады екен)))
VVVWWW
<code>Мен әдетте қыз бен жігіт арасындағы достыққа әсте сенбеймін</code>
Мүмкін!!! Бірақ кесіп айтпаңыз, сенетіндер бар ғой ондай достыққа (тіпті басынан кешіп жүргендер)
Korkem
Мен әдетте қыз бен жігіт арасындағы достыққа әсте сенбеймін.
сенбеймін емес сенбейтінмін
болуға тиіс еді, қателесіппін))))
Қыздар арасында мүлдем дос ретінде санайтын адамым жоқ. Араласатын қыздармен жәй ғана «сәлем,қош бол».
calendula
Қыз бен жігіттің арасында бұрын достық болады деуші едім. Бірақ екеуінің бірінде болсын сезім болады екен…
ardak1996
бірақ,қыз бен жігітте де ешқандай махаббат сезімі жоқ достар бар емес пе?
akil_kalta01
Білмедім, ardak1996 осы тұста calendulaның пікірі орынды деп ойлаймын! Ондайды өзім кездестірмеппін. Ал егер сенің дос жігітің болса онда қуана бер, себебі ол саған сөзсіз ғашық! :) Сенбесең байқап көр… :))
ardak1996
менің 3сыныптан бері бір партада отырып келе жатырған, жақыыын дос балам бар, ол маған сырын айтады және ол басқа жанға ессіз ғашық, жақында мені таныстырады, арамызда ешқандай махаббат ұшқыны осы уақытқа дейін байқалған емес, байқалмайды да деп ойлаймын) Ондай достар аз да болса бар деп ойлаймын!
akil_kalta01
Иә, өмірдің ішіне бүккен сыры көп қой. Мүмкііііііііііііііін сен оны ұнататын боларсың :) Менің ойымша мына сұрақтарға шын жауап берсең ақиқатын білесің:
1. Сен онымен не себептен жақын доссың? Ұнайтын мінездер бар болар не сүйкімді шығар
2. Сен біреуді ұнатып қалсаң, қарым қатынасыңды онымен үзуге тура келсе қуана келісемісің?
3. Оның ғашық қызы туралы саған айтқыны сені, беймәлім күйге бөлемей ма?
ardak1996
ЖОқ, арамызда ешқандай махаббат сезімі жоқ, таза достық, сыйластық.
mairosh
Талқылап тастапсындар ғо. Мынаның өзі бір факті, бірақ менің басымнан мүлдем басқа оқиға болды. Бұнда қызбен жігіт дос бола алмайт деп келтірілсе менде басқа. мен дос жігіт бар. 1 жыл болд алі доспыз. Ол өзінің қыздары жайлы айтып беріп отырады. Ойламаймын ол мені ұнатады деп. Ал өзім оны дос ретінде қатты сыйлаймын. жазбан жақсы екен.
akil_kalta01
Менің ойым мынандай:
1. Қызбен жігіт бірін-бірін үнатпаса олар дос бола алмайды, ал егер олар бірін-бірі үнатса онда ол достық емес «жасырын махаббат» деп ойлаймын! Пікіріңе рахмет! :))
mairosh
1. Қызбен жігіт бірін-бірін үнатпаса олар дос бола алмайды
қалай сондаа дос бола алмайды? керісінше шығар мүмкін??
akil_kalta01
Ендіі, мені өз ойын тықпалап жатыр деп ойлама! Не дегенмен де, саған досыңның ұнайтын жақтары болмаса сен онымен дос бола алмайсың ғой! Ал егер, ұнайтын жақтары болса, онда сен оған жігітке қарағандай қарайсың, сол себептен де сен оны ұнатып жатқаныңды байқамай да қалуың мүмкін ғой, мен осыны айтқым келген! :)
Тек «мынау не деген адам өзі»- деп, ренжи көрме!
mairosh
Ой реніш жоқ қой))) Түсіндім енді. Но мен келіспеймін. Досымнын маған адалдығы сөзшендігі мені әр қашан қоладайтығымен дос болам. Еш қашан қыз көз қараспен қарамаппын. Рахмет түсіндіргеніңізге))))
qyrmyzy
хех, қыз бен жігіт дос бола алады! Ол үшін:
1. Қызда да, жігітте де сүйіктілері болу керек
2. Қыздың жасы үлкен болу керек
3. Туыс болу керек екеуі де
Былай, жақсы араласатын жігіт достарым бар :) Қыз бен жігіт дос бола алады, бола алған, болып қала бермек
akil_kalta01
Сенің айтып отырғаның достықтың шарықтау шегі ғой :) қанекей ондай достар болса!
qyrmyzy
кучт ғүә, дос болайық ендеше ;)
akil_kalta01
Дос болдық деп есептей бер! кичконтай саусағыңды алып кел.:))айқастырып достасайық :)))
qyrmyzy
хех, саусағым кучкунтай сындырып қойма, байқа! Міне, енд дос болдық.
Korkem
1. Қызда да, жігітте де сүйіктілері болу керек
сүйіктім болса, онда оның дос қызының болғанын әсте қаламас едім))))
Әрине, ол да менің жігіт досым болса ренжіген болар еді ғой))
qyrmyzy
хех, мен қарсы болмас едім :) Сүйіктім оған кетем десе де қарсы болмайтын ем:)
akil_kalta01
Не деген жүрегі кең адамсың! Бірақ өмірде бұлай болмайды ғой!
qyrmyzy
неге? Дауай екеуміз дәлелдеп көрейік
akil_kalta01
Дауа, дауай "қыз дайын болса біз дайын"! :)
Jakss
Өмірде барлығыда болады ғой! Бірақ, мен де сенің ойыңа толықтай қосыламын! ++++
Sabions
21-жылдық өмірлік тәжірибем осылай дейді
сонда 21 жыл бойы махаббатты бастан кешірдіңіз ба?..
akil_kalta01
Бұрындары мектеп кезінде «анкета» толтырушы едік. сол кезде қызық-қызық сұрақтарға жауап беретінбіз, сол қызық сұрақтардың бірі:
— Махаббатың қанша жасыңнан оянды?
Менің жауабым:
-«туылғанан бері» деген болатынмын. Айтайын дегенім, өмір сүргелі бері түсінгенім ғой :))
duman
Бәріңізге СӘЛЕМДЕР!
1-Махаббат достық!Өте үлкен тақырып! Сізбен қосыламын, меніңде басымнан еселеніп өттіғой, сыныптағы қызбен дос болдым, кейін ғашық болдым, ал ол тек дос ретінде силап бағалайды, жақсы көреді.ал мен ғашығыма (досыма) жетуге:қызықтым, қиналдым, шаршадым соңында жалықтым.Ал қазір, онымен келісіп ақыры өзгелер жасай алмағанды біз жасаймыз деп келістік! Яғни «Достықтан махаббат болады, ал махаббаттан достық болмайды»- деуші еді.Иә біз осы сөзді жоққа шығарытын болдық, яғни мәңгілік адал достық қалыптастырмақпыз! Иншаллах солай болса екен!
2-Жұмыртқа туралы ойым, ол Жаратушы бір Аллаға ғана аян екенін білемін!
akil_kalta01
Онда сендер тәуекелшіл жұп болдыңдар ғой! Өз атымнан бақыт тілеймін!!!
-Жұмыртқа туралы ой білдірген жалғыз өзің болдың, жарайсың!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.