Кейде, көңілсіздік те керек шығар?! (Мәңгі бақытқа жету үшін)
Өз ойым /
Алып, ұшып бір орында отыра алмай біресе терезеге біресе қалтафон терезесіне ұңіліп, ғаламтордың небір «мен» деген сайттарына симай кететініміз бар! Содан жанымызға жамау болар ештеңе таппаған соң мұңая кетеміз.
Менің бүгінгі қорқынышты тақырыбым да сол жайлы :). Өміріңіздегі «көңілсіздікті» керек деп тұрған жалғыз жан шығармын мүмкін. Алайда, мен айтқалы тұрған «көңілсіздік» «бақытсыздық» емес! Қуаныш, бақыт, шаттық, қорқыныш сезімдері сияқты адам басынан көңілсіздік сезімін де басынан кешеді.
Көңілсіз кезімізде біз қандаймыз, ойлап қарайықшы?!
— Ешкімен сөйлескіміз келмейді, жылғыз қалғанды жөн санаймыз;
— Айналадағы құбылыспен, өзгеріспен шаруамыз болмайды;
— Анаған үлгермейтін болдым, мынаған кешіктім деп алып-ұшқан сезім де үштігүйлі жоқ болады;
Осындай көңіл-күйде отырып, еріксіз өткенімізге ой жүгіртеміз. Сонда не ойлайды екенбіз?!
— Осы күнге дейін мен не бітірдім;
— Менің өмірімнің мәнәсі неде;
— Не үшін туылдым, не үшін қашан және қалай өмірден өтемін?;
— Осы күнге дейін өзіме не істедім;
— Өзім соңынан өкінетін істерді неге істедім екен?!;
Осылай адамның өмір өрнегіне, байланысты небір сұрақтар туындап жатады.
Осының бәрін миларыңызды ашытып айтып отырған себебім:
«Бұл өмірдің шындығы — жалғындығы» Осы жалғындықты біз көбінесе көңіл күйіміздің қошы болмағанда ғана мойындайтынымыз тағы бар! Өмірдің жалғандығын есімізге салып тұратын көңілсіз күйіміз, бізді ақиқи бақытқа жетелеуі мүмкін!
С.С: Өлімді нүкте деп алсақ, көңілсіз күйді үтір дер-ем! Себебі, сөйлемдегі үтірдің рөлі секілді, өмірімізді бір сәтке тоқтата тұрып, болашығымызға бағыт-бағдар беретін осы бір сезімді үтірге теңедім!

12 пікір
мейлруыңдыыыссссРахмет.Жақсы жазыпсыз.Тауып айтылған теңеу.
Кімнің өлеңі екенін білмеймінӨлең жолдары Мұхтар ағамыздікі қателеспесем.