Мен кішкентай кезімде неге сенетін едім?

Өз ойым /
Ассалаумағалейкум бәріңе!
Мен кішкентай кезімде өте сенгіш бала болдым.
Тәәк!
1 Анаконда киносы біткенде соңына дейін қараймын деп ыңылдайтынмын.Үйдегілер соңына дин қарасаң Анаконда өзі атып шығады дегенге амал жоқ сендім))

2 Бір Алланың бар екеніне сендім,әліде сенемін.

3 Көшеде шаң борағанда(құйын) ішіне кіріп кетсең шайтанды көресің дегенге сендім

4 Бұтын керіп тұрған бір нәрсенің ортасынан өтсең сабақтан 2 аласың дегенге сендім, ол шынба,өтірікпе білмедім))

5 Басыңа кітап жастанып жатсаң,ішіндегілер басыңа кіреді дегенге сендім,4ші класта МАБ жақындаған күндерде басыма жастанып жататын әдетім болды))

6 Жұрттың баласының аяғын бассаң, ол бала менің аяғымды басу керек! Оны не үшін басу керек, соны түсінбедім)))

7 Он саусағыңды кезекпен санасаң құдай түнде саусақтарыңды кесіп алады дегенге сенген сияқтымын осы)))

8 Бір тас бар, жарқыраған кристалл сияқты, біздің ауылдың жанында Қазақстан деген совхоз бар, манағы тасты сол совхоздың күніне көрсетсең аспаннан ақша жауады дегенге сендім.Сілекейіміз ағып жүретін еді

Иәә қазір қарап отырсам бәрі баланың қиялы екеніне күлкім келеді.

43 пікір

alikona
Жұрттың баласының аяғын бассаң, ол бала менің аяғымды басу керек! Оны не үшін басу керек, соны түсінбедім)))
мен әлі де солай істейм, бірақ мен де неге екенін түсінбедім әлі,әйтеуір бір әдет)
banzaika1990
мен біреудің аяғын басып кетсем, лезде «Аяғың менің аяғымның астында қалды ақша төле» -дейтінмін, ана бала аңырып нестерін білмей қарап қалушы еді)))))))))))))))))
Daka_sss
әлі де кішкентайсың ғой Ақниет :D
Aknyet99
Намаз оқитын жасқа келдім)))Ол жас кішкентайма өзің ойлаш?)))
Daka_sss
тамаша 13 жас, есейіп кетіпсің ғой, үйленбейсің бе?
Aknyet99
12!!13те отау иесі))))Сен отырып қалдыңба?
Daka_sss
маладес, 2 ұлым, 1 қызым бар :DD
AKA
Өлтіресіңдер-әй, әңгімені :))))))
MSHERIMBEK
Тәрбиешіміз өз жұмысын дұрыс атқармай жүр ма деп қоям, бір ойым:)))
qyrmyzy
ойбуйййй, апашкі болғаным ба?
MSHERIMBEK
Ақниет, жазбаңды тақырыбына сай блогқа ауыстыршы.
Aknyet99
Қандай блог?
MSHERIMBEK
Әуелі мынаны оқып шық: aitaber.kz/page/faq/
Ал, мына жазбаңды Өз ойым блогына сал: aitaber.kz/blog/oilar/
rauan
Сосын мен құстар ұшып бара жатқанда отырмасаң 2 аласың дегенге сенгем әлі де сенем ))
Aknyet99
Қыста нестедің?
rauan
қарғалар ұшып бара жатқанда отырдым ))
Aknyet99
Қоңырау соқты,қарғалар ұшпай жатыр, нестейсің?
rauan
еш нәрсе… бір нәрсе істеуім міндетті емес шығар
Aknyet99
Тұра бересіңбе?)))
rauan
мылжыңдай бермеш
Aknyet99
хахахахаххаха
MSHERIMBEK
Банға кетіп қалу коэфиценттерің артуда.............75%
rauan
артық не айттым? ))
Aknyet99
әйй менде мылжыңмын))
AKA
Құдооооой, қателеріңнен сол! Бүгін мейірімдімін. Келесі жолы қатесіз жазуға тырысшы, жарай ма? Әйтпесе…
Aknyet99
Сенің көңілің жылитын күн бар екен)))
AKA
Үлкенді сыйлап үйрен, қарағым! Мен жайлы білмейсіз, сондықтан айтудың қажеті жоқ…
Korkem
үлкен дейді муахахахах, балапансың ғой әлі қарағееем))
User
еркектерше күлмеш епті :)
Korkem
муахахахах жының ұстап бара ма? ))) әйелдерше сығылыспаш
AKA
Менен кейінгілер жұмыртқаның ішінде отырып, жазып отырған болса керек…
pana
мен Қайсар деген бүжай бар екеніне, шоколад қорабының астынан тағы конфет шығатынына (туысқандар рахмет!), папаны шындап карта, шашкиден ұтатыныма, керемет даусым барына,көрші бала мені жақсы көретініне сендім))
AL-ASTER
Папам мен маманың папасы мен мамасы бар екенін алғаш естігенде фантастикалық кинолар жайында қалған
MSHERIMBEK
муахаха, кетЧ:) Рас па?:)
AL-ASTER
ия сондағысы 4-5 жасармын ғой, бір жақа қонаққа бардық. Сосын маған айтып жатыр, мамам бұлар сенің нағашы атаң мен апаң, менің папам мен мамам деп. Мен біртүрлі боп қалдым, үнемі кішкентай боп ата-анасының жанында жүру мәңгілік деп ойласам керек.
Korkem
муахахахах қызық екении
Jako
Мен әжемнің баласы екеніме 10-класс оқығаныма шейін сендім, кейін амал жоқ мойындадым,әкем мен шешемнің бар екенін.
pana
суреттегі ата-әжем маған қарап тұратынына сенетінмін… бөлменің қай бұрышында болсам да… кейде ілесе ала ма деп жүгірем сосын,
AL-ASTER
Түнде сол, айға қарап няғып осы ілесіп болмайды деген ой болған.
ай өлтірдің ау хахахахх
m170785
Сөмкеңді теріс ұстасаң 2 аласың, қарғалар топ болып ұшып бара жатса 2 аласың, жылай берсең шашың түсіп таз боласың, жылай берсең ана аға алып кетеді не қорқытады болды ғой ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.