Ұстазым менің ұстазым!( 5 жылдық құтты болсын)
Өз ойым /
Ғаламға білім нұрын шашқан ұстазыма рахмет!Мектеп қабырғасынан үлкен өмірдің даңғыл жолына шыққаныма әні-міні дегенше 5 жыл зулап өте шықты. Уақытымның мән мен мағынаға толы өтіп жатуының өзі ұстазымның жемісі деп білемін. Ол кісі ұстаздардың ұстазы. Шәкірттері қазіргі таңда ұстаздық етуде. Маған оқу, сызуды үйреткен апайымды бүгінгі күнге дейін ұмыта алар емеспін. Неге дейсіз бе?
Мектепте озат оқушылардың қатарынан болатынмын. Бір күні ұйқымнан әдеттегіден басқаша ояндым. Өзімді тіптен еркін сезіндім. Сабаққа кірісімен сыныптастарыммен шүйіркелесіп әңгіме базаршығын құрып алдық. Содан сабақ та басталды. Ал мен болсам әңгімемді әлі сапырып отырмын. Апайым ашуға булықты ма әлде мерген болып кетті ме әйтеуір қолындағы ручкасын маған қарай бағыттап, лақтырып жіберді. Жаңағы ручка көзіме жарқ етіп тиді. Өзімше сабырлы бола қалдым. Апайым жаныма жүгіріп келіп, көзіңе не болды айналайын байқамай қалдым деп жалпақтап жатыр. Содан бері бейәдепсіздікке салынбайтын болдым. Ручкамен ұрып болсын дұрыс тәрбие берген екен-ау деп қазір ойлап отрмын.
Әсілінде алғашқы ұстазымды ұмытпауымның себебі бұл емес. Оның себебі мынада:
-«А-ның» «А» екенін «Б-ның» «Б» екенін үйреткендіктен;
— Оқлыққа, жазу сызуға қызығушылығымды арттырғадықтан;
— Адамды адам ететін көркем мінезі екендігін ұқтырғандықтан!
Ол кісі менің мәңгі жүрегімде!
Бүгін сіздерге өзімнің алғашқы ұстазым жайлы айта өткенді жөн көрдім. Архивті ақтарып кеп жіберіп едім табылғаны міне.
1-2 грамота шықты арасында көрсетіге ұялдым.
ОҚО Шардара ауданы Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебінің тәжірибелі мұғалімі Сапаркүл апай. Суреттен бірден тауып алатындарыңызға күмәнім жоқ :)! Ал ендеше тақырыпты ашып оқып қалған екенсіз сіз де өзіңіздің алғашқы әріп үйреткен мұғаліміңіздің аты- жөнін сабақ беретін мектебін пікір ретінде көрсете кетіңіз.
Ұстаздарымызға көрсеткен құрметіміз болсын!!!
44 пікір
Айтпақшы 5-жылдық құтты болсын!
Алғашқы ұстазым Сүйіндікова Жанат 1-4 сынып
Қайықбаева Жадыра 5-6 сынып
Байменова Гүлзинат 7-9 сынып
Рахменова Шара 10-11 сынып
Осы кісілерге мың алғысым!
Фото в студию:
Бізге 4 жыл, биыл 25не мектепке бармаймыз деп келістік
Мынау информатика сабағында. Тестке дайындық кезі, фотоға түсірген Альбинаға ырысбек!
Анаңызбенмұғаліміңізбен түскен сурет в студиюөкінішке орай менің бастауыш сыныптағы суреттерім бәрі ауылда қалып қойды, мынау Анамның қазіргі сыныбы, ал анау менің 3жасар кезім)))))))))11-сыныпта түскен суреттер??
ортамыздағы ағылшын пән мұғаліміміз — Амина Кайсановна
кіп-кішкентаймыз иа 9сынып оқушылары секілдіЫм ымЕсімі — Мұхабат апай.
Шымкент қаласы «Обылыстық дарынды балаларға арналған №1 мектеп-интернаттың» ұстазы.