Рухани байлық немесе бақыт дегеніміз не?
Өз ойым /
Адамдар негізі \көбісі\ ақшасы көп адамдарды «Бақытты» деп ойлайды. Яғни, жақсы жұмысы бар-айлығы қомақты, керемет үйі бар керемет ақшаға салынған немесе жай ғана үстінде жақсы киімі бар, мыңдаған долларға алынған. Осындай адамдарды көбісі бақытты санайды. Себебі ол «Бай». Бірақ, олай емес. Маған анам әрқашан айтып отырады :«Алла бүгін бермесе ертең береді» деп. Мән бермегем негізі. Енді мән беретін болдым. Расыменде кішкентай кезінен жоқшылықта өскен бала кейін еңбектеніп, еңбегінің рахатын көреді. Ал, бай ата-анасының етегі мен ақшасына жабысып өскен бала- еңбек дегеннің не екенін білмейді. Бұл тек байлыққа ғана емес жақсылық пен жамандыққа да қатысты. «Жер-домалақ» шыныменде домалақ. Біреуге істегенің алдыңа айналып келіп жатады. Біреуге жақсылық жасасаң сол адамнан болмасада, Алладан қайтады. Саған қайтпасада сенің ұрпағыңа қайтады. Ал, біреуге жамандық жасасаң күндердің күнінде сенің де өміріңде бір келеңсіздік болары анық.«Адамның күні-адаммен, маймылдың күні- бананмен» деген рас екен ғой. Сондықтан барлығына жақсы қабақ танытып, тек жақсылық жасап өмір сүріңіздерші.Сонда өмір де сіздерге жақсы қарайды, жақсы қабақ танытып.
Байлыққа, ақшаға қызықпаңыздар олар- жай ғана қолда тұрған зат. Ол заттың ертең сіздің қолыңызда болатынын, болмайтынын кім біледі? Ал, бақыт ешқашан таусылмайды. Таусылмақ емес.
Осы жолда кейбір бай адамдардың қалтасындағысы қайдан табылып жатыр деп ойлайсыз. Осының кесірінен емес пе қанша адамдар алаяқтарға алданып, зар еңіреп жүргені. Бірақ, рухани байлықсыз мемлекет құруға болмайды. Бірақ құрылып жатыр, біз сол мемлекетте тұрып жатырмыз. Өкінішке орай.
сондықтанда қандай жағдай болмасын ар-ұяттарыңызды жоғалтпаңыздаршы, адамгершіл болуға тырысайықшы. Рухани байлық дегеніміз осы емеспе? сіздер сияқты мен де адамдары ар-ұятты, бей-берекетсіздікті білмейтін, адамгершіл Республикада тұрғым келеді.

40 пікір
Иә, не айтпақ болған сөзіңіздің төркінін түсініп отырмын. Дегенімен, байлық бақыт болмаса да, сол байлықтың бір бөлшегі іспеттес. Бағалай білу керек.
2. Рухани дағдарысқа ұшырап жүрген сіз шығарсыз? Мынадай қорытындыны қайдан естіп алдыңыз/зерттедіңіз/оқыдыңыз? Көпке топырақ шашпайық.
Елдің қалтасында, елдің баласында неңіз бар?
Барлығын өз басыңыздан, айналаңыздан бастаңыз. Құр айғайдың қажеті шамалы. Рахмет!
Өз еліңізді «рухани байлықсыз» санағандығыңыз, рухани байлығыңыздың жетіспеушілігінен болар бәлкім?! Өзімізден бастайық бірінші!
Бақыт деген не өзі деп
Бастады топ таласты,
Бірі оны үйден іздеп,
Бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады:
Бақыт деген барлық,
Байлық емес пе,
Керегіңше киіп ішсең
Бақыттысың демес пе?!
Бірі айтады:
Жоооқ,
Бақыт деген
Қолың жетпес мансап қой.
Жұрттан гөрі жүрсең ерек,
Оның өзі жақсы ат қой.
Бірі айтады:
Бақыт деген
Жүйрік мініп, той тойлау.
Ісің болмай күйбеңменен
Қарын тойса карта ойнау.
Бірі айтады:
Бақыт деген
Адал жар мен перзент қой.
Ынтымаққа ырыс келген,
Ол да соған келмек қой.
Пікірлердің таласына
Осылай мен жолықтым.
Бақыт адам баласына
Келмес оңай,
Соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да,
Байлықтан да, жардан да.
Мансап жетпес бар адамға
Үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар
Таңдап сол бір жақұтты.
Оны алыстан іздемегін,
Жүректен тап бақытты!
Listen or
иә шыыныменде., Меніңде анам осы сөздерді құлағыма сіңіретте тұрады, мен сол айтылған сөздердің үлкен мәні бар екенін түсіндім:)+1