Ақпан
Өз ойым /
сурет алынған жер
Айта берейік айтатынымыз болмаса түртіп алайық
Ақпан айыжылы орыны
Ақпан – «ақ ықпа» сөзінен шыққан, — дейді Жәрдем Кейкін. – Бұл ай ішіндегі ауа райының аумалы-төкпелі, құбылмалы сойқандығын білдіреді. Сол себепті халқымыз: «Ақпан – қайталаманың ақ бораны». Ақпан: «Білмесең білдірем, білсең бүлдірем», — дейді. Ақпан айнымалы: өткен қаңтарды есіркейді, алдағы наурызды еске салады», — деген.
Ақпан – алдамшы. Бір бүйріңді қыздырса, екінші бүйіріңді мұздатады. Бір қолымен маңдайдан сипап, екінші қолымен маңдайдан шертеді. «Жақсылығына барса – құт, жамандығына барса – жұт» айы.
Ақпан – тұрақсыз: кейде аяздың беті қайтып, сынады, кейде аспан түнеріп, жапалақтап қар жауады. Бұрқасынды да, шуақты да күндері көп.
Ақпанда қыс пен көктем белдеседі. Қаңтарда бұрқасын, боран тәулік бойы соқса, ақпанда түнде, таң алдында соғады.
Ақпан борандайды, келер наурыз – жылауық. Ақпан аяғында аяз айылын жиып, қыс қаһарынан айырылады.
Ақпанның 15 жұлдызы – қыс пен көктемнің алғаш ұшырасатын күні. Бұл күні ауа райы қандай болса, көктем райы сол тақылеттес болмақ. Екі аралықта қар жауса, көктем жаңбырлы.
4 пікір
қалай тауып айтылған өзі?)