Қимаймын....

Өз ойым /
Соңғы екі айда басымда "Қашан диплом қорғап бітем, Қашан құтыламын мына оқудан" — деген ойлар болған еді. 4 жыл оқу оқығанымда осы соңғы екі айдағыдай жүгірмеген шығармын. Рейтинг кезінде жимиып тұрып аямастан 95балын қойып беретін мұғалімдерімізде аяқ-астынан қыр көрсетіп......., әй қайсыбірін айтайын сабылтты ғой тәуір. Сонымен айтеуір диплом да қорғалды бәрі де біткендей болды. Өткен жетіде бойымды бір жеңілдік билеп, мәз-мейрам боп жүрген едім. Бүгін универға «обходной» толтыруға бардым. Барлық қағаздарына қолымды қойып, өз қағаздарыма мөрлерін бастыртып, мен оған (университетке), ол маған деген барлық қарыздарымызды өтесіп, университеттен әндете басып шыққан едім. Бірақ автобусқа отырысымен және қазірге дейін көңілімде бір көңілсіздік пайда болғаны. Қандай қуанышқа, шаттыққа толы беймаза бір шағымызды артқа тастадық. Енді ондай шақ өміріме қайта келер ме, келмес пе кім білсін.
Ойлана келе төрт жыл аямай білім нәрімен сусындатқан университетіме бір пост арнайын деп шештім. Сонымен таныс болыңыздар:
ШҚО, Өскемен қаласы, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік Техникалық Университеті.


Ректорат


«Алтай» технопаркі. Мұнда ғылыми кітапхана, конференц зал, мультимедиалық аудиториялар орналасқан.


Университетіміздің бірінші этажында орналасқан «айналы» зал.

Студенттер арасында бұл зал «Аквариум» деп аталып кеткен, себебі жан-жағы айнамен қоршалған, төбесі де әйнек сондықтан ішінде жүргенде аквариумдегі балықтай сезімде боласың.

Жатақхана.


Мынау дене тәрбиесі болатын «Модуль» стадионы.

Жазда айнала жүгіру, қыста айнала шаңғы тебумен айналысамыз. Арасында ішіне кіріп бассейн мен тренажер залында жаттығып қайтамыз.

Университетіміздің артқы алаңында орналасқан киіз үй ішіндегі асханамыз.

08-АУк-1 тобының екінші курс студенттері, яғни менің сүйікті тобым ))))) Өкінішке орай «свежий» суреттеріміз қолыма түспей жүргені.

мені іздемей-ақ қойыңыздар мен түсіріп тұрмын)))))))))

Мінекей мен, сонау үшінші курстағы кезім

қолында не сумка жоқ, не папкасы жоқ неткен студент десеңізші хехе )))))))

ойбууууу 4жыл ұстаған студенттік билетімді ұмытып барады екенмін ғой

3*4суретім белгілі бір себептермен жасырылды.
біздің студенттік билетіміз де, оқырман билетіміз де, университетке кіретін «пропускіміз» де осы.

Ал осымен 4жыл саялаған білім ордам жайлы қысқаша таныстыруым тәмәм. 1958жылдан бергі тарихын, білім беру жүйесі, университет құрылымы жайлы айтып берсем болар еді бірақ артық ақпарат жалықтырып жіберер. Аса қызыққандар үшін www.ektu.kz сайты арқашанда сіздердің құзырларыңызда.
эххххххххх Қайран студенттік өмір-айййййййй

6 пікір

Begimzhan
Тамаша! Кезінде мен де универді қимағанмын, сосын қалдық қой…
Togzhan
Университеттеріңіздің ішіндегі айналы залы әдемі екен!
qyrmyzy
Ал мен қиям!
followme_alik
Қайран студенттік өмір-ай, көтеріңкі көңіл-ай ...© _ Шер тарқатар қызық әлі алда...керемет)
kz_aidar
Менің сүйікті университетім!!)))) Университет туралы постты көріп, бір қуанып қалдым.))) Әскери кафедра туралы жазуды ұмытып кетіпсің ғой. Жарайды, енді мен жалғастыратын боламын!!! Ал диплом қорғауың құтты болсын! Өмірде табыстарға, биік мақсаттарға жетуіңе, аңсаған армандарыңның орындалуына тілектеспін!!)))
banzaika1990
рахмет, айтқаның келсін! Бірнеше рет барып көргенім болмаса әскери кафедрада оқымағандықтан суреттері болмады. Университетіміз жайлы айтатын, толықтыратын нәрселер әлі көп-ақ, меннен де қызықтырып жазатыныңа сенімдімін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.