Тілім- тірегім

Өз ойым /
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Алайда, Қазақстанда мемлекеттік тілді енгізу және дамыту мәселесі қазіргі уақытқа дейін толық шешілген жоқ. Бұл мәселе уақыт еншісінде деп санаймыз. ХХ ғасырдың басында Абай өзінің жиырма бесінші сөзінде «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да — бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды.» — деген болатын. Әрине, мақсат орыс тілінен бір күнде бас тарту емес, қазақ тілі мен орыс тілін бір біріне қарсы қою да емес. Дегенмен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін шын мәнінде алуы ғана мемлекетті мемлекет ете алады.. Біз өз тәуелсіздігімізді алған жылдардан бері қазақ тілі біз үшін үлкен мәселе, үлкен мәселе болып қалмақ. Қазақ болып, ұлт болып, ұлы қауымдастық болып қалыптасу үшін тіл білімін дамыту керек, сол жолда көп тер төгу керек деп ойлаймын.
Қазақстанда шамамен қазақ балаларының 80 пайызы қазақ мектептерінде оқиды және мектептердің шамамен 70 пайызы қазақ тілінде дәріс береді. Бірақ дәл осы арадан даулы мәселе туындайды. Неліктен көптеген қалалардағы, әсіресе, ірі қалалардағы көптеген мектептер «аралас мектептерден» тұрады. Бұл нені білдіреді? Мысалы, мектепте дәріс алушылардың көпшілігі орыс тілінде оқитын болса, сол мектепте дәріс алатындардың азшылығы қазақ тілінде білім алатын балалар. Міне, сондықтан да орыс тілінің басымдығы білініп тұрады. Бірақ, осыдан жиырма жыл бұрын, әсіресе Қазақстанның ірі қалаларында қазақ тіліндегі мектептердің саны өте аз болғаны есімізде, мысалы, миллион тұрғыны бар Алматыда бар болғаны бір ғана қазақ мектебі болып еді.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған болатын. Біз мақтанышпен бойымызды тік көтеріп, тәуелсіздігімізді айтамыз. Қандай іс-шаралар болмасын тәуелсіздік шежіресін айтамыз ана жылы анандай болды мына жылы мынандай болды деп, мақтанышпен айтамыз. Бірақ сол шежіреде мынаншасыншы жылы біздің қазақ тілінің мәртебесі жоғарылады деп мақтандықпа? Әрине, жоқ себебі жыл сайын қазақ тілінің мәртебесі төмендеп бара жатыр емес пе?
Соңғы уақытта Қазақстанда мынадай қызық үрдісті байқауға болады: жергілікті емес ұлттар өкілдері өз балаларын қазақ тіліндегі бала бақшаларға, мектептерге беруде. Қазақ мектептерінде оқитын өзге ұлт балаларының саны 25 мыңға жетті. Санмен бірге сапа да өсуде. Мысалы, Ақтөбе қаласында балалар үйінің ұлты қазақ емес тәрбиеленушілері арасында мемлекеттік тілді білу бойынша сайыста тәрбиеленуші жасөспірім жігіт қазақ тілін тамаша білетінін көрсетті және қала әкімінің қолынан пәтер кілті табыс етілді. Бір қуантатыны басқа ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді жан-тәнімен үйренушілер де және жауапкершілікпен қарайтын да жандардың көбеюі. Міне, сондықтан мемлекеттік тіл – қазақ тілін қоғамдағы өзінің лайықты орнын алатын күн де алыс емес. Бірақ, былай қарағанда онда тек қана өзге ұлт өкілдері барады, қазақша білмейтін қазақтарға бәрібір. Әйтеуір тіл біледі сөйлей алады. Оларға қазақ тілінің маңыздылығының қажеті де жоқ. Сонда сол орыстар, татарлар, өзбектер қазақша сөйлеп, қазақша үйреніп жатқанда жүрейік сол көштен қалып, өз тілімізді білмей.

3 пікір

AKA
Көшірілген және дереккөзі көрсетілмеген жазбаның бәрі минусқа лайық, авторды — зынданға!
бұл менің 2011 жылдың ақпан айында «Мектеп Әлемі» газетінде жариялаған мақалам болатын. Еш жерден дерек көз алып, көшірген жоқпын.
qyrmyzy
Мына жазбаңды «ЕҚға» (Егемен Қазақстан) берсең, басады!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.