Бұрышқа тұр!!!

Өз ойым /
Көтере алмай келеңсіз еркелігін,
Жазалады әкесі тентек ұлын.
-Тұр бұрышқа деді әкесі, ашуланып ақырды
Батырындай бағзы бір ертегінің.

Қорыққаннан бұрышқа барып тұрды бала,
Құйттай болып дөң-айбат түрді қара,
Анда-санда иығы селк-селк етіп,
Пырсылдайды әредік мұрны ғана.

Әр бөлме де, төрт бұрыш бар орайы кеп,
Тұрып шыққан сол бұрышқа талайы рет,
Ол ойлайды:
«Бұрышқа тұрмас ем-ау,
Тусам егер үйі жоқ, жабайы боп.

Осы бала бұрышты жеп көреді,
Осы бала бұрышқа кектенеді,
Анасына айтады ол кей күні:
»Мен өскен де,
Бұрышсыз үй тұрғызам деп келеді.

Сол тентекке жанымның қошы келген,
Еркелігін мен болсам кешірер ме-ем??
Шіркін-ай, ата-бабамыз бақытты ғой,
Бұрышы жоқ үйлерде өсіп өнген.

14 пікір

ereke_enu
Мына өлеңнің авторы өзің бе? Керемет, ұнады!!!
SteVen_S_Sanzhar
ЖО00 мен емес, Авторы ағам Жақанов Ұлықбек ағам,өңдеген мен кейбір жерлерін өзгерттім
ereke_enu
бірақ, қызықты деректер емес қой???
Бала ойы, бала ренжісі, бала көңіл недеген нәзік еді!!!
qyrmyzy
Есте болады екен;)
SteVen_S_Sanzhar
ЖО00 мен емес, Авторы ағам Жақанов Ұлықбек ағам,өңдеген мен кейбір жерлерін өзгерттім
yesbolat83
Қорыққаннан бұрышқа барып тұрды бала,
Құйттай болып дөң-айбат түрді қара,
Анда-санда иығы селк-селк етіп,
Пырсылдайды әредік мұрны ғана.
Құдай-ау, тура менің ұлымның қылықтары.
satirik92
Бұрышсыз үй салынса қуанар ем! Атам қазақтың кигіз үйінде бұрыш жоқ. Оның себебі бұрышқа шайтан тұрақтайды деседі.
korwinin_kyzy
Негізі бұрышқа мектепте тұрғызатын ед, бұ қалай болғаны ребиата?
Jako
Шіркін-ай, ата-бабамыз бақытты ғой,
Бұрышы жоқ үйлерде өсіп өнген.
Иә, ойлантып тастады…
korwinin_kyzy
Шіркін-ай, ата-бабамыз бақытты ғой,
Бұрышы жоқ үйлерде өсіп өнген.
кім айтты Киіз уйде бұрыш жоқ деп))))))))))))) Жако я с миром
бар ән жерге тұр деп айтасалады го
Jako
Негізі бұрыштың аурасы ауыр болады, мен сол туралы ойланып қалып едім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.