Кешiрiңдер менi... Қолымнан келмейдi...

Өз ойым /
АРАҚ...
Жаныма түрпідей тиетін осы сөз, қаншама мыңдаған адамның ғұмырын жалмады десеңші. Қаншама миллиондаған бейшара-байқұстардың көз жасы жатыр осы сөздің астарында. Осы бір әзәзілдің суын ешкім де ұната қоймайтыны хақ дүние. Көшеде біреудің аунап жатқанын байқасақ, немесе ішіп алған күйеуі әйелін тоқпақтағанын естісек, арақ деген албастыны сыбап, жеті атасын түгендеп шығамыз. «Кiм жасады екен осы арақ деген бәленi», «Неге дүкендерде сатады», «Сатқызбау керек»,-деймiз. Деуiн деп аламызда кейде той-жиындарда өзiмiзде сол «шiркiндi» тартынбай бiр кiсiдей-ақ тартып отырамыз. Неге? «Е, ендi бiздiкi анда-санда ғой», «Салынып кетпеймiз ғой». Қызық екен. Ақылды болса, елдiң бәрi осылай-ақ жүре бермей ме онда? Ешқандай маскүнемдiк болмаса. Мiне бұлай ойлау бiздiң басты қателiгiмiз. Сол маскүнемдер «мен ертең алқаш боламын» деп бастады дейсiз бе? Олар да дәл осылай ойлаған басында. Сiз секiлдi. Той-томалақтарда басталған «стакан соғыстыру» ертең үйде жалғасын таппайтынына кiм кепiлдiк бередi. Қиын. Әрине, қиын-ақ. Арақ — ол анық харам етiлген шайтаннын лас суы. Кұранда ап-анық етiп көрсетiлген. "Әй иман келтiргендер! Арақ шайтанның iстерiнен. Одан сақтаныңдар. Негiзiнен шайтан арақ пен құмар арқылы араларыңа дұшпандық әрi кек салып, Аллаhты еске алудан және намаз оқудан тосуды қалайды" (Мәйда сүресi, 90-91 аят). Мейiрiмi шексiз Аллаh Тағала, бiздiң жағдайымызды ойлап, пендесiнiң жаман жолда өтпеуi үшiн спирттi iшiмдiктi харам еттi. Түсiне бiлген жан үшiн оның мәнi аса зор. Айтыңызшы, арақтан сiз қандай пайда көрдiңiз? Қане шыққан мүйiзiмiз болса көрсетейiкшi. Мейлi ғой, медицинада пайдасы бар дейтiн шығарсыз. Ал сiз оның зиянын ойладыңызба одан бұрын? Зияны сұмдық емес пе арақтың.

Сiз қазiр осы постты оқып отырғанда, көздерi жәутеңдеп, «бүгiн әкем iшiп келмесе екен», «ең болмағанда бүгiнгi күнiмiз тыныш өтсе екен» деп жылап отыр әлемнiң әр түкпiрiнде қаншама жас балалар. Солардың жағдайын бiр сәт ойлап көрдiк пе? Терлеп-тепшiп сұм арақтың пайдасын iздегенше, осы балғындардың жағдайын да ойлап қояйықшы. Олар үшiн өмiрдiң бақыты неде? Олардың бiр-ақ арманы бар ғой. Дастархан басында күлiп-ойнап отырып тамақ iшу. Болды, осы ғана. "Әкемiз арақты қойса екен". Басқа арманы жоқ. Олар өзiнiң қатарластары ұқсап өстi дейсiз бе? Қашан көрсең маскүнем әкесiнен немесе шешесiнен зәресi қалмай қашып жүргенi. Бiр-бiрiнiң бауырына тығылысып, көрпе астында қаншама түндер жылап шықты екен. Сiз бен бiз оны бiлмеймiз ғой. Арақтың арты ешқашан жақсылыққа әкелген емес. Әттең-ай… Қолымда емес, егер маған салса сол балалардың барлығына көмек бергiм келедi. Алқаш әке мен маскүнем анаға айтқым келедi, түсiндiргiм келедi, араққұмарлықтан арылтқым келедi. Арақ атаулыны мүлде жоқ қылар едiм.
Кешiрiңдер менi… Қолымнан келмейдi...

44 пікір

didi0393
точно! балалардың болашағы, психикасы бұзылады осындай ішкіш әкелерден! резко негативно отношусь к алкоголю
MSHERIMBEK
Ішуді тастадыңыз ба не???
О жоооқ! Бұл енді мен үшін шынымен катастрофа:)))
didi0393
ммммммммммммммммммм!
Kan
Ниетің асыл екен Алла разы болсын. арине арақ харам. Айтседе арақ ишкеннің барлығын қаралай беруге болмайды. Асіресе жеке адамның өзін кіналау абестік. оған жалпы қоғам кіналі, мемлеккет жауапты. Пайғамбарымыздың мына бір хадисі есіме түсіп отыр.
жоғарыда келтірілген «МАЙДА» суресінің аяты түскеннен кейін барша мүсылмандар арақ ішуден жаппай тиылыпты тек (аты есімде жоқ) бір Бадауей сахаба арағын қоя алмаған екен. Өзге сахабалар «басын шауып тастайық, жазалайық оңбағанды» деп қаралай бастапты. (сен сияқты арақ ішкенің барін жау көріп) Сонада сүйіктіпайғамбарымыз тұрып «тимеңдер оған, өз бауырларыңды қаралап қара бет болмаңдар ол Аллаһты және оның елшісін жанынан артық жақсы көреді» деп өзгелердің өзге мүсылманды қаралауына тиым салыпты. Бұл сақиқ хадис арнайы рияуат еткен сахабалар бар.
Сенің жазғаныңмен толықтай келісем. Тек өзеге қырынанда ойласын дегенімғой. Арине қолан келсе қойншынан басар едік. жалпы разымын саған жарайсың!!!
zhomart
Ойыңызбен келісемін. Мұсылман болу әсте-әсте дейді ғой аға. Иншалла, ретімен орнына келе жатар. Әйтсе де біз соны түсіндіруіміз керек қой, көбі білмейді, күнә деп ойламайды, ертеңін ойламағандықтан ғой. Кішкене болсын түсіндіріп өтсе «ее күнә екен ғой», деп ойланама дейсің ғой. Сізгеде Алла разы болсын! Әмин!
Kan
Жарайсың. Харамды харам деген дұрыс арине. Сауатын жетсе дәлелдеген жақсы.Көбіне біз өзіміз жауап бере алмай жатамыз. бәріде Алланың қалауымен ғоооой.
MSHERIMBEK
Ойың дұрыс Жомеке) Бірақ арақ деген пайғамбардың уақытында да болған, ақырзаманға дейін бола береді. Бүкіл адамның проблемасын мойынға артудың қажеті жоқ, сәйкесінше әркім өз отбасынан бастасын, десек те бұл да сан жылдар бойы айтылып тозығы жетті. Сондықтан менің дәл қазіргі позициям: Ішкендерге жаным ашиды. Ішпегендерді сыйлаймын. Менімен бірге ішкендерге жаным ашиды әрі сыйлаймын:)))) Әзіл ғой
Ощм, тағы да арақ туралы пост жазылса Жұрттың баласымен бірге ішіп кететін шығармын
zhomart
Бір мұсылман өзіне тілегенін екінші мұсылманға тілемейінше толық иман келтірген болып саналмайды деген хадис жолдарын оқығаным бар еді. Сәл де болса ойланып, тиылса дейсің ғой. Бұл өмір ештеңе емес-ау ертең ақыретте қалай болар екен деп ойланатын кездерім боп тұрады.
MSHERIMBEK
Өмірге реально қарауды үйренсек екен деймін. Өз отбасымызды жаңағыдай тыйып алудың өзі бір ғұмырлық дүния))) Мысалы, менің жанұямда барлығы намаз оқиды. Ешкім ішпейді. Мен үшін бұл нәрсеген жету оңай болған жоқ дееееееееп өмірдерегімді айтпай ақ қояйын. Бірақ, өмір — ол Өмір! Түбінде құдайдың қалауынан ешкім де 1 мм де шығып кете алған емес;)
zhomart
Түбінде құдайдың қалауынан ешкім де 1 мм де шығып кете алған емес;)
Иә ойланған жанға осы сөзіңіз әсер етсе екен
zhurttyn_balasy
Вообще то я падший, так что мне можно.
zhomart
Орыс орыспен орысша сөйлессін © көрші Матвей
zhurttyn_balasy
шірәғім заставить ете алмайсың
MSHERIMBEK
Православный мусульманин дещ:)))
pari
көзіме еріксіз жас алдым.тамаша жазылған.Иә, араққа салынып көшеде сұлап құлап жатқан талай ер адамдарды көріп ішім удай ашиды.ауызы құрғамай күнде ішіп ішкілікке салынып кешке үйіне барып шатақ шығарып әйелдерімен төбелесетін қаншама адамдар бар.Ондайлар арақты қоя алмайды.Тек бір күні рескі жүректен кетеді.Ал арақтың әкелген пайдасы не сонда?Ішеді,ішеді де бір күні өледі де қалады.Кімге зиян кімге пайда? Арақты бастамас бұрын барлығын ойлап алу керек.Арақ ішкен еркектің отбасының алдында да жұртының алдынан да қадірі кетеді, бір сөзбен айтқанда авторитеті шашылып қалады. Сондықтан жігіттер шайтан суын аузымызға алмайықшы! Рахмет!
MSHERIMBEK
Арақты бастамас бұрын барлығын ойлап алу керек.
Қызықсың Пари:) Адам арақты бастаймын деп бастамайды ғой:) Сол жаққа жолап кетпеуінің дұрыс алғышарттарын қарастыру керек сияқты
pari
кейде жолдастарына еріп мен шаршадым ішем деп кететіндер болады яғни мынадай ой болады:
-Мен жасарымды жасадым асарымды асадым осы күнге дейін ішпей келдім менде бір мына тірлікте ішіп көрейінші жолдастарым ішкенде мен не сонда іше алмаймын ба?,-деп өзін мәжбүр ететіндер болады Сәке:)
Ais_97
Дұрыс айтасың, Сағыныш!
Korkem
Сағыныш қашан да дұрыс айтады ©
pari
ық ық сөзге антоним
qyrmyzy
муахахахахахх
qyrmyzy
сондай әлсіз ба едіңіз? Жіләғаны нес?! муахахахаха
qyrmyzy
Бір апта ма, бір ай ма тоқтамай арақ жайлы жазып көрейік. Егер өз арамыздағылар тастаса, результат! Тастамаса, давай, до свидания ©! Эксперимент жасап көрейік!
Manas
Бір апта ма, бір ай ма тоқтамай арақ жайлы жазып көрейік.
пост жазып жіберіңіз, хауарландыру
qyrmyzy
ертен сен жазшы
qyrmyzy
төте жолы қандай?
qyrmyzy
керекке кірсем, таңертең бір-ақ шығамын. Доступ жоқ ояқа маған, ық ық
Manas
арақ туралы айтылатын бір терме бар еді баянмен, жәмммән, жылайсың)))
Karakulov
Күшті жазылған, тек тақырыбын өзгерту керек сияқты.
dimash
...Ішуге болмайтының білмейтін адам жоқ, біреуге «ол шайтанның суы, ішпесей» деп айта салу тым оңай!
Мен өзімді бұл әтаптан өттім деп ойлаймын. Соңғы рет 2011 жылдын қазан айталында ғана… Одан кейін қаншама «отырыстардан» қашып жүрдім.
Негізі аллергия жаман недуга, но көпшілік ер адамдарда сол араққа алергия болсайш шіркіннің!

Айтпақшы, осы біреуге сол жаман сусынды алып берген күнәға жатады ма?
Мен жазғы демалысым болған сон үйде жата бермей стройкада жұмыс істеп жүрмін, сондағы «мастерлер» құдайдың құтты күні «жүзграмдатып» жүреді. Кейде ақшалары болмай қалатын кездер болады, ол күндері «виялый» болып дым жұмыс өндірмей қояды, сөйлемей да қоятындары бар. Амал жоқ, мені қаужайды. Жұмыстың біткені маған да жақсы, тезірек бітірсек ақшамды да тезірек аламын. Алып беремін кейде.

Арақты қой деп оларға айтып сөз шығындаудың қажеті жоқ екен. «Сүтпен біткен мінез сүйекпен қалыптасады». Ішулерінің себебі «шаршағанды басу үшін, тонусты көтеру үшін, жұмыстеу үшін!» міне мәселе қайда жатыр…
zhomart
Айтпақшы, осы біреуге сол жаман сусынды алып берген күнәға жатады ма?

dimash Пайғамбарымыз (с.ғ.с) арақ ішкенді де, оған алып бергенді де, ішпесе де арақ ішетіндердің қасында отырғандардың барлығын бір қатарға жатқызған. Демек күнә
mairosh
Ағам ау Дұрыс айтасыз. Бірақ өкінішке орай араққа сұраныс болған соң оны мүлдем алып тастау мүмкін емес боп тұр. Енді әркім өз санасына берсің деуден артық ешнарсе айталмаймыз(((
Zhassiko
ыы Өте жақсы жазылған… Негізі жаман атаулының бәрі осы арақтан шығады… Жазба шынында керемет, біраз ойға батырды…
qyrmyzy
ішетінімді жасырмаймын дешиш
AKA
Оқығым келмейді мұндайды, санасына берсін деймін. Адамда «ерік» деген болады, мықты болса өз-өзін жеңе алады деген сөз. Әлсіз болса, бала-шағасының көз жасына да қарамайды, ішкен күйі, іше беретін болады. Өз-өзінің түбіне жетіп бітеді…
zhomart
Сол мықтылар әлсіздерге көмек беріп жіберсе қандай керемет болады, "өй өзі біледі" «санасына берсін» деуімізбен іс бітпейтіні анық. Жұмылған жұдырықтай бәріміз бірдей ат салысқанымыз дұрыс-ақ.
zhomart
Мен тек бұл жерді емес, жалпы өмірдегіні айтып жатқан едім негізі.
AKA
Ғұмыры баласының арақты тастауы үшін жанталасумен өткен ананы көргем, жасамағаны жоқ. Анасының сөзі, ісі, көз жасы санасына жетпегеннен кейін, сені яки мені тыңдайды деймісің?! Айту оңай, бірақ қанша тырысқанмен нәтиже жоқ болатын жағдайлар бар өмірде, соны түсініңіз. Қазіргі күйлері жайлы бейхабармын…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.