Өмір - өзен ағады немесе өмір мен уақыт
Өз ойым /
Өмір — өзен ағады деп, «Заман» жігіттері айтпақшы, өмір зулап өтіп барады. Ертеде ата-бабаларымыз айтпақшы 1 ғасырымыз — 1жылдай, 1 жылымыз — 1 айдай, 1 — айымыз — 1 аптадай, 1 — аптамыз — 1 күндей, 1 — күніміз — құрма ағашының жапырағының жанып кеткеніндей зу-зу өтіп жатыр. Кейде мен осы өмірден түңіліп, бас ауған жаққа жүре бергім келеді. Ешкім жоқ, жат жерге барып, жеке қалып аспандағы жұлдыздарға қарап жатқым келеді. Неге екенін білмеймін, күнделікті тірлік менің жүйкемді жұқартып, әбден қоздырғандай көрінеді. Тіпті, айналамдағы адамдармен тез ренжісіп қалатын жағдайға жеттім. Өзіме не болып жүргенін білмеймін. Соңғы кездері жұмыс жасауды да қойдым. ЕШ нәрсеге құлқым жоқ болады да тұрады. КЕйде ойланамын осының бәрі — компьютердің әсері ме деп. Кеше ғана соңғы қоңырау соғылып, 3 айға мектептен қош айтысып едік, бүгін міне мектепке баруға дайындалып жатырмыз. Сонда 3 ай қалай зымырап өте шықты? Осындай зымыраған уақыт мені қатты таңқалдырып, тұнық ойға батырады. Сонда уақыт адамға тәуелді ме? Жоқ әлде адам уақытқа тәуелді ме? Жаңа ғана таң атып мал маңырап жатқан еді, қазір міне түс болып қалыпты. Уақыт пен өмір — адам мен жұмыс секілді. Әйтеуір жан-жаққа ағылып бара жатқан адамдар, барлығы отбасын асырау үшін жанталасып қамшының сабындай қысқа өмірде барын салып жатыр. Осындай жабырқау сәттерде, ой тұнығында жүрген сәттерде, маған демеу болып, көңілімді бір сәтке алдарқатып, мені жұбататын — АЙТАБЕР сайты. Көңілім босаңсыған сәттерде Айтаберге кіре қалам да, посттарды оқып пікір жазып көңілімді басқа арнаға бір сәтке бұрамын.
Осы Айтаберденде көптеген жақсы-жақсы достар таптым. Білмегенімді біліп жатырм осы сайттан. Рахмет саған — АЙТАБЕР!
Өмір мен уақты туралы аздаған ойымды айтып, сіздерді жалықтырып алып жатсам кешірім сұраймын. Жалпы барлық Айтаберліктерден кешірім сұраймын. Артық кетіп қалған жерім болса кешіріңіздер мені...!
49 пікір
Шет жерде де осы уақыт.
бәрін біліп тұрсыңғо)
Уақыт еш уақытта адамға тәуелді бола алмайды, ол Ұлы.
Сен ұйқтайсың ба, осы?сұрап алған 5 сағат энергиям бар,1 күнге жететін))осылай әр аптамыз өте береді…
2. сурет: Емтихан үстінде
3. сурет: Результат куту
4. сурет: результат нәтижесі
5. сурет: емтиханнан 5 алды
6. сурет: интернет әлемінде
7. сурет: ертең емтихан...
елең ете қалдың ба?
немесе иман жолына түсу керек. Өмірден түңілу ол тым қиын.