Ана туралы ой

Өз ойым /
Қалайсыңдар достар! Мен анамды өте жақсы көремін,әрине әр адам анасын жақсы көреді. Бірақ көп адам ананың қадірін түсінбейді.Мен ана туралы көп нарсе айта алам ана әлемдегі ең адамға жақын жан,өз анам менің сырлас досым.Қарап отсаң ата анаңның арқасында сен шалқып еш уайымсыз өмір сүресің.Мен қандай қиындық болсын анаммен ақылдассам енді мен біттім дегенде де анаң саған дұрыс жолды көрсетіп, демеу береді.Ана әрқашан баласын ойлайды,әрине әкенің де рөлі өте маңызды. Алла сөзінде де жәннат — ананың аяғының астында деген, және ананы Меккеге арқалап апарсаң да ана парызын өтей алмайсын деп ананың құдіреттілігін түсіндірген. Бірақ кейбір жігіттер үйленгеннен кейін келіншегін тыңдап аналарын қартайғанда қарттар үйіне апарып тастап жатқан жағдайды жоққа шығара алмаймын. Бұл жігіттің анасын ұнатпағанан істеген әрекеті емес меніңше,әйелінің айтқанын істеймін деп не істегенін білмиді деп ойлаймын. Себебі Адам атаның өзі бір өсиетінде әйелдің айтқанын орындай беруден шектеген. Себебі Адам ата әйелінің айтканын істимін деп әр мұсылманға арман болып жүрген жәннаттағы алманы жеп жерге түскен. Осыны әр еркек білсе деймін.Көпке топырақ шашпаймын бірақ жігіттер осы өсиетті біле бермейтін сияқты! Ана ол қандай болсын,қандай жаман қасиеті болса да ол АНА! Ол түн ұйқысын төрт бөліп сені осындай жасқа дейін бағып, тұмсықтыға шоқтырмай қанаттыға қақтырмай, қатарыңнан кем қылмай осы халге жеткізді! Анаңа қапа болған сәтте ананның жақсы қасиеттерін ойлап анаңды ренжітсең көпке созбай кешірім сұра! Анаңды бағала!

2 пікір

AKA
«Анаңа, анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» (хадис)
Zhassiko
Иа шынымен де ананың орны мүлдем бөлек… АКА дұрыс хадисті көрсетті, тіпті анаң бір аптадай үйіңде болмаса қалай сағынатындарыңды, үйге келген соң анаңның ыстық құшағына еніп кетіп, қатты қысып құшақтап кетесіңдер, кәдімгідей орны білініп, кеткен соң, үйде бір өзгеріс болғандай, айнала жым-жырт болып қалады, "Қызым, шәй ішсейші, кешке қандай тамақ істейміз? Көршінің үйіне барып келші, сабағыңды орындамайсың ба? Кино көргеннен мүйізің шыға ма? әәәй, үйді шашпасайшы, жинап қой бол тез, магазинге барып келші, жанымм келші, бетіңнен сүйейінші" дегенді күнде естімесек, құдды бізге энергия жетпей тұрғандай болады..)) кейде ашуланса ананың қасында бір сәтке тұруға қорқып қашып кетесің, енді жымиса оның күлкісінен артық күлкі жоқтай аттап кете алмайсың,, ее Ана сенің құдыретің қандай, атқан таңдай, бәрібір әрбір адамның жүрегінде Ана деп хоть кішкентай болса да орын болады… рас Әке ше дейтіндер де шығады, Әкенің жақындығы жездедей-ақ деген мақалды ұмыитпаңдар!..
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.