↑ Жоғары шығу
28 қазан 2012

Ажал аяқ астында

Ассаламу алайкум құрметті айтаберліктер Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Бұл постты жазуыма себеп менің тірі екенім себепші, жаңа екі кештің арасында жол апатына ұшырадық ата анам ұлсыз, інілерім ағасыз, жан жарым жарсыз, перзенттерім әкесіз, сіздер доссыз қалар едіңіздер, Аллаға шүкір өмір сүру тағдырыма жазылған екен және сіздермен біргемін.
Египеттің Ал-азхар Ислам университетін бітіріп келген сыныптасым екеуміз Сарыағашта біраз жерлерге діни білім беруге барамыз бүгін сол сабағымыз бар еді соған кешкі ақшам намазынан кейін көлікпен алып кетті көлік ішінде бес жанбыз дала қараңғы «ЖШС Алекс» минералды су зауытынан өтіп енді жылдамдықты асырғаны сол еді шопыр баланың шамамен алпысқа енді көтеріліп еді кенеттен жолдан 5-6 сиыр шыға келді ауыл іші емес үлкен жол, жақындағанда көріп қалдық, солға бұрсақ қарсы жолға шығамыз оңға бұрсақ жолдың жиегіне шықсақ аударыламыз жол күрделі жөндеуден жақында қолданысқа берілген жөндеу жұмыстары әліде жүріп жатыр, не керек көлікті оңға алдық соңғы сиырды ұрдықта шеткен теңселіп барып көлік тоқтады түкке түсінбей көліктен түстік тез есімізді жиып, қалған жігіттерді көліктен шығарып алдық Алла сақтап тірі қалдық сиырдың тұяғы алдыңғы айнаға(лавовой) тигенде ертең жаназамыз шығатын еді.
Әр бір жан иесі өлім дәмін татушы (Әл — имран сүресі 85 аят)
?

Пікірлер:17

avatar
Құдай сақтап қалған екен. Менің де бүгін досым шаңсорғышының шнурының бір шегесі розеткада қалып қойған. Анау физик-оқымысты, «бір темірді ұстасаң ештеңе қылмайды» деп ойлап жалаң қолмен басқан ғой. Құдай сақтағанда бір қолы жерге заземление болып аман қалыпты. Күліп қояды)))
avatar
  • Yasin
  • 28 қазан 2012, 01:52
  • +1
иә Ереке, бүгін қайта дүниеге келген күніміз болды ғой досыңыз екеуміздің
avatar
  • qyrmyzy
  • 28 қазан 2012, 03:28
  • +1
«ЖШС Алекс» минералды су зауытынан өтіп
Абай мен Сарыағаштың арасында өткен балалық шағым. Сарыағаштан ары қарай Жылға, Дарбаза… оххх, настольгияяяяя. Сол жолдармен жүрсең, аттракционға отырғандай күй кешем. Органдарым орнынан қозғалып, жүрегім тамағыма келіп қала ма… Тәубә, Аллаға шүкір, ағасы…
avatar
  • Jako
  • 28 қазан 2012, 09:54
  • +1
Бұдан кейін де Алла жар болып жүруді жазсын деп тілеймін!
avatar
  • Yasin
  • 28 қазан 2012, 21:02
  • 0
Рахмет ағасы
avatar
  • Zhanat
  • 28 қазан 2012, 16:48
  • +1
Аман қалғаныңызға қуаныштымын. Жазда менде бір апаттан қалғам. Қарсы машинаға соғылып, ой үстінде келе жатып
avatar
  • Yasin
  • 28 қазан 2012, 21:05
  • 0
Аман болайықшы
  • Korkem
  • 28 қазан 2012, 16:59
  • +1
уууу сіз аман болыңызшы, аға.Кәусәр жанеем
Пікір 2021-10-28 17:00:01 күні Korkem тарапынан түзетілді
avatar
  • Yasin
  • 28 қазан 2012, 21:03
  • 0
Қуанышыңа әрдайым серік болайын
avatar
  • mairosh
  • 28 қазан 2012, 20:14
  • +1
Алла мықтап сақтапты сізді.
avatar
  • Yasin
  • 28 қазан 2012, 21:03
  • 0
Алла баршамызды сақтасын
avatar
Yasin бауырым, аман қалғандарыңа қуаныштымын. Екі рәкағат шүкір намазын оқуыңа кеңес беремін. Бір күнде қаншама ахиреттік жемістер бар десеңізші, түсінген пендеге.
Өміріңіз ұзақ болсын!
avatar
  • Yasin
  • 29 қазан 2012, 13:55
  • 0
сізге де соны тілеймін
avatar
  • m170785
  • 29 қазан 2012, 18:52
  • +1
астахфируллаһ, Ясин аман болыңыз, Бұл да Ұлы раббымның күші ғой,
avatar
  • Yasin
  • 29 қазан 2012, 21:56
  • 0
Аллаһ баршамыздың аман болуымызды жазсын
avatar
  • Yasin
  • 29 қазан 2012, 22:13
  • +1
Кім де кімнің ақырғы сөзі «Сиынуға лайықты зат жоқ Алладан басқа, Мұхаммед с.а.у оның елшісі екеніне куалік беремін»( لا اله الا الله محمد رسول الله) болса ол жәннәті деген хадис шариф бар, сол сөзді айту оңай емес екен.
PS: бір ауыз сөзбен жаннатқа барамын дегендерге алтын сырға өмірде қандай сөзді көп қолданса соңғы сөзі сол болады екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.