31 қазан 2012
Абылай, "туылатын күнің" құтты болсын
Сүйікті де, сүйкімді, ардақты да аяулы, ақылды, білімді, денелі, ұзын бойлы, толық денелі ...










Ощм ешкім танымаса да өзім танып, сыйлайтын Абылайымды Қараша айында туылатын күнімен құттықтаймын. Анық қай күні туылу керек екенін білмеймін, бірақ әйтеуір Қарашада туылу керек еді негізі. Мамам солай деді…
Абылай сен Қарашада туылғаныңда мына менің дәл қазіргі өмірім қандай өзгеретінін қанша қиялдасам да тіпті болжай алар емеспін.
Сенің Қарашада емес, менің Қыркүйекте туылғаным, менің екі тұлғалы санамның қалыптасуына едәуір әсер етті. Әлі ойлаймын да, бәлкім Сен Қарашада, уақытында туылғаныңда, басқа мектепке, басқа құрдастармен, басқа ортамен, басқа колледжге, басқа группаға, басқа қалаға оқып, басқа жетде жұмыс жасар ма еді(к?ң? м?).....
Әлі күнге дейін солай ойлайм да ))) сұмдық ощм, психологқа қаралу керек еді.
Абылай деген туылмай қалған аға не іні, не тағы біреуі емес, құдай сақтасын жан жағым бәрі аман есен. Туылмай қалған, яғни уақытында туылмаған Абылай ол мына менмін. Мен Abylai Қыркүйекте туылдым, 2.4 килограммен 7 айлық болып. Шала туылған (недоношенный) деп мед. картамда жазылып тұр. Сол енді қазіргі жағдайым сәл ойымдағыдай шықпаса, бәлкім уақытында туылғанда басқаша болар ма еді деп күбірлеп қалатын әдетім бар.
Енд бұрындары сұрайм ғо, «мама мен неге арықпын» немесе «мама менің бойым неге кішкентай» немесе «мама мен неге көп ұйықтай берем» деп, «шала туылғандығыңнан ғой» дейтін. Содан ойланып, елестететінмін, уақытында туылған Абылайдың бойы ұзын, кең иықты, түрі жасына сай, толық, денелі туылғандағы салмағы 3-4 килограмм болса өмірі қалай болар еді деп.
Сол Абылай уақытында туылғанда, туылған күні Осы Қараша айының бір күндерінде болар еді…
Суретте екі Абылай
Сол жақтағы шала туылған Абылай, Оң жаңтағы уақытында туылғанда примерно осындай болады ау деген Абылай
пы\сы: Әрқашан есімдесің амиго!
Мына ән есіме түсіп кетті
- Abylai
- 01 қараша 2012, 00:03
- 0
Әттең Шала емес Абылай, мына пікірге қуана қуана жауап берер еді. Мен тек :))) дей аламын
- User
- 01 қараша 2012, 01:28
- 0
Хаха басында не жазған құдай ау деп түсінбей жатыр едім., Енді түсіндім.Былай ғо нормально ғылып туылғанымда мүмкін басқаша болар ма еді деген сияқты ғо әңгіме…
- Zhanat
- 01 қараша 2012, 11:10
- 0
Оқып келемін, өткенде Көркем ерте құтықтап қойған ба деп ойлап келемін, Сөйтіп бір ойға келдім, фейсбукка барып құтықтап келейін.
- didi0393
- 01 қараша 2012, 14:39
- 0
razdvoenie lichnosti dnya rozhdeniya))) jyndy,jyndy! tuylatyn kuninmen!;-)
- AKA
- 02 қараша 2012, 16:56
- 0
Кідәй-ай :)) Шала туылғандардан мықты, атақты адамдар шығады деп көп естимін, сен онсыз да күштісің! Одан әрі жоғарылай бер, Або, тілекшімін! :)
Пікір 2021-11-02 16:57:34 күні AKA тарапынан түзетілді
- QARASAQAL
- 02 қараша 2012, 17:43
- 0
Шала туылғандардан мықты, атақты адамдар шығады деп көп естимінИә, жас кезімде мен де ертегіге сенетін едім:))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.
Пікірлер:48