Біртүрлі әңгіме (зытып келем...)

Өз ойым /
«Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам… Зытып келе жатқаным — қашып келем, артыма қарай беретінім — қорқып келемін ...» (жоқ бұны «Қазақ солдатын» жазып отыр деп ойламап қалмаңыздар, керісінше мен оны қуып келе жатырған). Өмір бойы қуып келе жатырмын!!! (әлі жете алмай келе жатырғанымды түсініп отырған боларсыздар).
«Хех, бұл нені қуып жүр, соншама, мүмкін махаббат шығар» деп ойлап жатырған боларсыздар (Сіздерге айтарым, махаббаты қумайды, ол өзі келеді).
Мүмкін, оның "өмір бойғы арманы" болар (Жоға, оған жету мүлдем мүмкін емес екенін өздеріңіз білесіздер, ықықық адамның арманы таусылған ба)
Ол не болды сонда а? Ия, ол «ерік-жігерім» екен… «Оны ұмытам мүлде, енді кездеспеймін, енді оны ойласам атым құрысын! Бүкіл жастық шағымды ұрлаған, Атың өшкір пәлекет!!!» (өз-өзіме осылай талай уәде бердім ғой, кешірерсіздер сол уәдеме әлі күнге тұра алмай келем). Бұл шындық (ащы болса да) ия менің «ерік жігерім» жоқ, ез адам болармын (ұят та болса айтайын, әлі күнге қуып жете алмаймын оны)
Қалай етсем де күніне бір рет көрмесем тұра алмаймын оны, «Айтабер» сайты!!!!

20 пікір

followme_alik
:D
зытып келем
Abylai
Бүкіл жастық шағымды ұрлаған
Бырат ау неткен оптимист едің
AKA
муахахахах :))))))
Korkem
әзілің ба, шының ба?
qyrmyzy
ық ық, Кны елестетіп ем… Қатырыпсыз… сол, біз де зытамыз да жүеміз:)
Korkem
муахахах кетші на
pari
Қалай етсем де күніне бір рет көрмесем тұра алмаймын оны, «Айтабер» сайты!!!!
осы сөзге менде қосыламын.
Иә, Айтабер мені билеп-төстеп алды. Жоғарыдағы бір күш сияқты. Мені басқарып отырғандай. Бірақ Айтаберден жамандық көріп жатырған жоқпын. Білмегенімді біліп жүрмін
yesbolat83
Расында да біртүрлі әңгіме екен, арт жағы жақсы аяқталатын.
Kan
Екеуміздің әрекетеміздимінбе әйтеуір ұқсастық бар сияқылды. Мен де «ерік жігерімді» қуып келем. уәде беріп онымды орындай алмай жүрмін. менде "Қалай етсем де күніне бір рет көрмесем тұра алмаймын оны, «Айтабер» сайты!!!!"
Korkem
Екеуміздің әрекетеміздимінбе әйтеуір ұқсастық бар сияқылды
мынау арманыңыз шығар, VVVWWW.ге ұқсау қайдааа :)))
Jako
Жақсы жазылған, ой салып қарасаң өмірдің өзі қуудан және қашудан тұрады.Мысалы Күнді Ай қуады, күннен ай қашады, екеуі бір біріне жетіп алып тоқтап қалса не болар еді. Сол сияқты уақыт та жарысуда,секунті минут, минутті сағат қуады, осылар бір біріне жетіп алып тоқтап қалса не болар еді.Осылар сияқты сен де ерік-жігеріңді қуып жетіп, тыпыр еткізбесең не болар еді, қорқынышты емес пе? Демек Мәке, сіз толыққанды, өмірге тура көзқарастағы азаматсыз.Бәрлеріңіздің ерік-жігерлеріңіз алда жүріп, жеткізбей, арман, мүдделеріңізді сүйреуші күш болуына тілектеспін,әрине жаксы жақтарынан. Ал «Айтабер» жағына келсек, мен аурумын.
ereke_enu
Өзім үшін қысқаша бір конспект, т.б. жазу керек болғанда Вордты қолдансам болады, бірақ Айтаберге жазғым кеп тұрады. Неге екенін білмедім. Айтабердің редакторы ыңғайлы ма, әлде, басқа бір әсерлер бола ма… )
didi0393
aitaberge kirgen Adam shyagalmasyn dep okytyp tastagango Karasakal bro;-) I vot rezultaty
Ademi
Біздің балалық шақтағы шедеуір тамақ:
Біздің балалық шақтағы шедеуір сайт:
Шедеуір Мультик:

Шедеуір передача:

мынау айнала берсе, айнала берсе:

Настолджи, қызым, балам не қарайды екен?
Nursultan2002
Біріншісін ВК көрдім
AKA
махаббаты қумайды, ол өзі келеді
Күте, күте төзімі таусылып: «Махаббат бер!» дегендер де болды, бұл сайтта. :))) жақшалар десейш…
Ademi
махаббат келем десе, келе салады. Қайдан келгенін өзің де байқамай қаласың. Алшы мына махаббатты дейді сосын:)))))))
mairosh
Жоға, оған жету мүлдем мүмкін емес екенін өздеріңіз білесіздер, ықықық адамның арманы таусылған ба
Ибәй неге бұлай айтасыз?
khairbek
ООО қолым қышып отр ед қай постты минустасам екен деп,,,,,
VVVWWW
О, рахмет бауырым, осы қуған посттыға кім минус қояр деп күтіп отыр едім (шынына келгенде постыға -10 деген баға күтіп отыр едім), үмітімді ақтағаныңа (аз да болса дегенім ғой)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.