Құдалық

Өз ойым /
Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық

Кеше үйленген ағамның Құдалығын тоғыз-поғыз, киіт-пиіт дегендерді жиып қойып, қазіргі заманға сай «современный» өткізбек болғанбыз. Бірақ оған қыз жақ қарсылық білдірді. Қара шаңырақта қалған қыз ата-анасының қолында 90.ға келген атасы бар екен. Ұят болады дегізіп, мен түсінбейтін тоғызы мен киіп-пиітін жасайтын болды. Әр жақтың салты әр түрлі ғой, өздерінше қалыптасқан.

Жеңешем таудың қызы, өзім де таудың қызы болғаныммен, ол — нағыз Таудың қызы. Дәл тау етегінен орын алған, ауасы саф, табиғаты керемет жерде орналасқан, қанатын кеңге жайған малды ауыл қызы. Осындай тамаша ауылға қонақ болу деген абырой ма екен, құдалыққа барамын деушілер көбейіп, тіпті ренжісіп те қалғандар болды.
Құдалыққа баруға неге сонша қызығатынын да білмеймін, құдалыққа баруды атамаса өкпесін алдына салып алатындарды да көріп жүрміз. Не керек, бас-аяғы 12 адам аталды. Біз жақта 11-12 адамнан асып кетсе сөз болады, ұят болады десіп жатады. Бірақ, болашақ құдағиымыз қоңырау шалып 16 адам күтетіндерін, одан аз болып қалмауын сұраған-тын. Бұл жақсы ғой, әрине.

Үй тоғыз. Ағайын тоғыз. Тәтті тоғыз. Әшекей тоғыз. Ентікпе. От жылытар. Әже көйлек. Құда кәде. Көрімдік. Сырға салу. Қалыңмал.
Болашақ құда-құдағиымыз момын жандар екен, шамасы құдалықты басқарып, билеп-төстеп жүрген өзге пысықай абысындары болса керек. Құдағиды қоңыраулатып, біз білмейтін біраз салттармен таныстырып, не апару керектігін хабарлап тұрды. Өзімнің мамам да қазақ салтынан кенде емес, бір кісідей білері бар жан. Олар тек ой қосып отыды, ертеңгі күн ұят болып қалмасын деп. Бір қоңырау шалғанында әр салтты айтып, алдын ала дайындығымызға дайындық қосып отырды.

Сонымен, тоғыз мата орамлымен, артығымен бір чемондан лық толтырылды, оны ашқан адамға деп әр сөмкенің бетіне бір-бір матадан. Келесі чемодан шапан, костюм, көйлек, артығымен тоғызға жеткізілді, бетіне және бір мата. Кәсте-күстә, тәтті-пәтті, шоколадтты конфеттердің түр-түрімен мадленді печеный, өрік-мейіз, жержаңғақ секілді тәтті-пәттілер тоғызға жеткізіліп, бір сөмке кетті, бетінде мата. Сосын бір заманға сай клем.

Құдағи тағы бір қоңыраулатқанында Ентікпе атты салтты еске салды. Онысын ең алғаш біз жақтан барған құда-құдағиларды күтіп алушылар "құдалар келді! құдалар келді!" деп алдынан ентіге шыққанда «міне, ентікпең» деп ұстата қояры екен. Кәдімгі қолдан тоқылған, дүкендерде сатылатын ұстайтыны бар корзинкаға жеміс-жидегі бар, екі матасы, бір арақ, бір коньяк, екі түрлі сусыны бар ма барін салып сыртынан полиэтилен қағазбен жауып, ленталармен сәндеп, көздің жауын алатындай етіп әрлеп бердім. (Суретте жиен сіңлімнің артқы жағында тұр ентікпе дегені)) жеке өзін суретке түсіру ойыма келмепті)
Қыз анасының анасы бар екен, яғни, нағашы әжесі, оған деп "әже көйлек" тартылады.
"Әшекей тоғызына" тоғыз түрлі бижутерия, сырғасы, білезік, сақинасы әр қайсысы тоғыз-тоғыздан. Жеңгелері, көрші-қолаң таласып алатын таратпа, жұғысты болсын ырымы шығар ол да бір.
«От жылытар»ға 5 метр ақ мата. От басында тамақ істеген әйелдер ол матадан жыртысып алады екен де, біз жақтан апарған кәсте-күстәдан бөлісіп алғанда соның ішіне салып байлап алып кетеді екен.

Одан бөлек "Құда кәде" бас тартылғанда құда тастайтын ақша, қызды әкеліп сырға саларда әр қайсысы 5-10 мыңнан Көрімдікке деп ақша тастары бар. Арасында қалыңмал беріледі, ертеңіне ауылға берер құдаяшүкірі мен өлі-тірісіне деп бір қой, дастарханға деп 15 мыңның сомасы және бір жәшік арақ. қыз аламын десең көнбеске ләж жоқ

Қызға құда түсу деген оңай емес екен, барыңды шашады екенсің. Бұрын соңды барғаным немесе оқығаным болмаса онша білмеуші ем, бірінші рет өз үйімде көрдім, бәрінің басы-қасында өзім жүрдім. Кей кейде "үйлену оңай, үй болу қиын" дегенге қарсы шыққың да келіп кетеді екен, сөкпеңдер, бастан өткен соң түсінгендей болады екенсің))

Қыз жақта, ұл жақта шашылып, әупірімдеп келінді алып келдік сонымен) Иә, қалыңмал берудің де, шашылудың да өзіндік сыры бар секілді. Қазақстанның кей аймақтарында «зачееем? не надо!» деп, қалыңмал мен аста-төк шашылуға қарсы болып жатады.
Керісінше үйленудің ауыртпалығы болмаса қадірі де болмайтын секілді. Оңайлықпен қосыла қоймай, біраз әуре-сарсаңға түсіп, шашылған екі жақ та әдептен оңайлықпен оза қоймайды. Бір-біріне әрең қол жеткізген екі жас та бірін бірі сыйлап, қадірлейді. Сол үшін де жігіттің қалыңмал мен алтын сырғаны өзі тапқаны дұрыс, одан кейін сонша қиындықпен қолына қондырған құсын оп-оңай ұшыра қоймасы анық, оны мәпелеп, сыйлар еді. Қанша дегенімен өз Отанын, үйін тастап келу қыз бала үшін ауыр нарсе, оған бөтен, яғни ендігіде өзі үйі болар отауға сіңісуіне осы бастан жағдай жасалуға тиіс. Осының бәрін ұмытпай ойластырған мамама рахмет! ))


Ағамның қыз жақта отқа май құю сәтінен:


Ағам мен жеңешем:

Келесіде жеңешемді қалай күтіп алғанымыз бен құдалықтан қайтқан құдалардың айтқан "қызықтарын" баяндайтын боламын.

38 пікір

m170785
Құтты болсын
Korkem
Оқыдыз ба өзі? )) рахмет!
m170785
Оқып болғалы қай заман Көркемжан )), 3 топтамасын күтіп жатырмыз кино ұқсатып ))
korwinin_kyzy
3 суретте артта турган адамнын бойы узын ба әлде бірдененнін устыне шыгып турма?
Korkem
көрмейтінің жоқ екен, тапшанға шығып алған болуы керек.)))
m170785
Көркемжан мына егізіңіз ақ....)))))
Korkem
Көршінің қызы керемет енді...)))
korwinin_kyzy
тапшан деген сөзді бырын ырэт естуым
Ak123
Қадамы құтты болсын жеңгеңіздің!!! Мен де келесі жылы Құдай қаласа, осындай әурешілікпен жүретін болам
Korkem
Рахмет! Бағыңыз ашылып, бақытты болғайсыз! Бақ тілеймін
Ak123
ойбу, құрсын мен емес, ағам))))
Korkem
))) құрымасын, бәріміздің басымыздан өтетін жәйт қой)))
Ak123
тілегіңізге рақмет, үлкен))) маған әлі ерте ғой деп шошып кеткенім ғой
Delfina
Көркем құтты болсын! Женгенді ренжетпей айтқаның тындап, көмектесіп жүр. Сол үйдің қызыңдай болып сініп кетсін деп тілеймін.
Delfina
Отқа май құюмане жігітте? бірінші рет көріп тұрмын.)))
yesbolat83
Көркем, ағаң мен жеңешең бір-біріне сай жарасымды жұп екен. Бақытты болсын!
Расында,
3 топтамасын күтіп жатырмыз кино ұқсатып ))
.
Постың әрі фильм сияқты, әрі жастарға салт-жоралғыларды үйрететін үлгі.
qyrmyzy
ұжыыыыыыс, не әурешілік???? Саған әдемі жарасады на көйлек, бас киімі де:)
User
сағанда кигізейік жақында
qyrmyzy
хе хе, алып қашамыз ба?
Aikona
ой қыз ұзатуда оңай жұмыс емес екен, әпкемді ұзатқанда көрдік қой. Ағаң мен жеңгең сүйкімді екен. бақытты болсын!
Zhanat
Бәрін дұрыстап үйреніп ал, мен үйленгенде өзің жасайтын боласың осының бәрін)))
Korkem
Aikona
Korkem
Сіздікі қимылдамайды ғҰәәә
Aikona
сол қимылдамай қойдҒо
Korkem
қимылдау керек, қимылдау керек ))
zhurttyn_balasy
теріс қарап ренжіп тұрған смайлик па? :))
m170785
Көркемжан енді өшірет сіздікі, билеп секіріп қайтайық )))
Korkem
бәрің енді кезек сенікі, сенікі деп шеттетесіңдерқұтыла алмай бір
Aikona
біздікін де біраз «пахать» етіп ал сонан кейін кетесің :)
Ademi
Біздікі де бар
Kan
Көркем жан. Сенің көрерің алдағой әлі. Сен үшін дүниенің бәрі қызық. Ал шын мәнінде ең бастысы. Ағаң мен жеңгеңнің жарасып тату-тәтті өмір кешуінде.
қалған қазақтың салтының маңызы шамалы.
Korkem
ағасы, дұрыс айтасыз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.