Өмірге құштарлық

… Осы бір сөздің мағынасына терең үңіліп көрдіңіз бе? Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп шүкір айтуды ұмытып кетіп жататынымыз жасырын емес. Алланың әр күніне алғыс білдіріп, деніміздің сау болғаны үшін, таңнын атқаны мен күннің батқанын көру бақытына ие боп жүргеніміз үшін, көрген әр жақсылығымыз үшін Аллаға шексіз мадақ айтуымыз қажет. Себебі осы мүмкіндіктерден айырылып күн кешіп жатқан жандар қаншама?! Бір қадам аттаудың өзі мұң болып, төсекке таңылып жатқан немесе табиғат сұлулығын бір көруге зару боп жүрген зағип жандардың тағдыры сізді ойландырып көрді ме? Айтсе де ондай жандардың өмірге деген құштарлығы ерекше. Себебі олар он екі мүшесі сау адаммен салыстырғанда өмірдің мәнін әлдеқайда терең түсінеді, жүрегімен ұғынып сезінеді, олар үшін әр секунд мәнді, әр сағат қайталанбас сәт, әр күн қайтып келмес жылға татиды. Олардың көкірегі асқақ арман мен қиялға толы… Ал ең бастысы- үміт! Олар әр күніне ерекше үмітпен қарайды, айтеуір бір жақсылықтың боларына, жарқын күндердің туарына сенеді, сөйтіп өзін-өзі жігерлендіре, қайрай түседі. Оған қанша төзімділік қажет десеңізші! Бір қиындық туа қалса салы суға кетіп, өмірдің еш мәні жоқтай, баз кешіп, түңіліп кететін пенде атаулыға бұндай қиындықтарды бастан өткеру, сабырлық таныту-қиынның қиыны…
Ал дені сау адам ше? Ол үшін алынбайтын қамал жоқтай...Қайнаған өмір алды артына қарауға мұрша бермей алға жетелеуде, ол үшін уақыт қашанда тапшы, тапшылығы соншалық, кейде амандасуға уақыт таппай қалады… “Адамды көрген кезде риза қыл, мүмкін сен оны сонғы рет көріп тұрған шығарсың”- деген жанды сөз бар, шынымен де, қамшының сабындай қысқа ғұмырда адам алды артына бажайлап қарап, барға қанағат, жоққа сабыр ете білсе игі… Байлар бай бола түссем дейді, кедейлер күнелту үшін тырбаңдайды, ал кемтар адам Алладан денсаулық тілейді…
Бір жағдай еріксіз есіме түсіп отыр. 9 сынып оқитын кезіміз. Биология сабағы. Ұстазымыз әркез бізге қызықты мағлұматтар әкеп, пәнге деген қызығушылымызды арттыру үшін барын салатын. Бүгін де ерекше сабақ. Біз өз денсаулығымызға қаншалықты көңіл бөліп жүрміз? Сыздай қалса ғана дәріге, дәрігер көмегіне жүгініп, ауырғанда ғана еске түсіріп, ағзамызды өкпелетіп жүрген жоқпыз ба?- деді мұғалім. Себебі адамның әрбір мүшесі бізге қызмет ететіндіктен иесінен жылы сөзді, жақсы күтімді қажет етеді… Бір ғана мысал деді. Қазір барлығымыз көзімізді жұмамыз… Мен аш демейінше жұмып отырасыңдар деп тапсырма берді. Бәріміз көзіміз жұмулы, ашуға ұмтылып, деңбіріміз қашты. Бір бірімізге сөйлеп қоямыз. Сол кезде мұғалім: Мен қуанып тұрмын!-деді көңілсіз үнмен… алайда оның даусынан біз жабырқаулы көңіл-күй мен ауыр мұңды сезгендей болдық… бірақ толық көз жеткізу үшін көру қажет болды…
… Сол көзімді жұмған сәт маған естен кетпестей әсер қалдырды, себебі бұрын ешкім еріктен тыс: көзіңді жұм! -деп бұйырып көрмегендіктен бе, менің бойымды үрей биледі, айналамда не боп жатқанын көруге асықтым, мұғалимамның неге аяқ астынан көңілсіз бола қалғанын көргім кеп тағатсыздандым, тас қараңғыда жалғыз қалғандай кеудем қорқынышқа толды… Сол сәтте мен адам көз жанарының қаншалықты маңызды екенін, жанымызға жарық сыйлап, әлемнің бар қызылын айна қатесіз көруімізге себеп боп жүрген оны күнделікті өмірде бірде ескерсек, бірде ескермей жүргенімізді түсіндім…
Таудан биік секілденіп талғамың,
Ардан биік секілденіп арманың.
Пенделікпен ұмытасың тәубеңді,
Сынағына шыдай алмай Алланың.
Ай мен Күнге үптіргің кеп шекеңді,
Көрмедім деп көлгірсисің шетелді.
Тәубаға кел, шетел түгіл зағиптар,
Көре алмайды өзі туған мекенді.
Қошеметті көрмесеңіз несі бар,
Бар жағдайды ақиқатпен шешіп ал.
Жылы сөзді естімеген кезіңде,
Керең болып туылғанды есіңе ал!
Тәубаға кел, пенде болсаң есі бар,
Сабырсыздар қадірсіз болып тосылар.
Дүниеге қолың жетпей қалғанда,
Қос қолы жоқ пенделерді есіңе ал!
Бақыт мәңгі тұрсын десең басыңда,
Қанағат қыл, ашуланба, тасынба!
Көлігім жоқ деп ренжуің бекерлік,
Аяғы жоқ адамдардың қасында.
Топ алдында төрге озғың кеп төтеден,
Тым болмаса айтпадым деп екі өлең.
Ақын болып тумадым деп налыйсың,
Мылқау болып туғаныңда не етер ең?
Құлақ түріп әркім айтқан пікірге,
Бей-берекет бой ұрасың күпірге.
Тау мен тасқа соға бермей басыңды,
Аман-есен жүргеніңе шүкір де!

… Шынымен, менің де айтпағым осы, бар ойды осы бір мәнді де мағыналы өлең жолдарына сыйдыра білген ақынға мың рахмет!

Ойға шомып отырған сәттерімнің бірінде шимайлаған жазбам гой, куле көрмеңіз☺☺)))))

5 пікір

массаган мында кіріңіз мына сілтемеге деймін қуынам
Соңғы өңделген уақыты:
  • Abylai
  • 0
Аптыр мен емес
депсіңғұә
avatar
  • nur_85_4
  • 0
korwinin_kyzy, сізді түсінбедім, не айткыныз келгенін. Мен өзге ақынның өлеңін өз атымнан беріп отырған ештенем жоқ қой, сондай керемет өлеңді тудыра білген ақынға риза болып соңын осы өлең жолдарымен аяқтағым келді, себебі көкіректегі бар айтқын келген ойды дөп басып айта білген ақын… шамасы сіз жазбаны дұрыс түсінбегенсіз ау…
all ok Nur пыросты мына оленди мен салдым дегенымго биринши
avatar
Керемет жазыпсыз. Мұғаліміңізге риза болдым.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.