Арнат FM радиосы жайлы

Өз ойым /
Кеш жарық достар.Сендерге екі күнен бері маған жақсы әуен сыйлап, көңілді кеш сыйлап жүрген радиомен таныстырғысм келеді. Радионың жүргізушісі Арнатпен болған сұқбатты ұсынып отырмын.
Өзіңді таныстырып өтсеңіз
Байсеитов Арнат Орынбасарұлы 1990 жылы Жамбыл обылысы Меркі ауданында дуниге келгенмин. 11 сыныпты битирген сон әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журалистика факультетін 2008 жылы тәмамдадым.

Радионың толық аты жөні
volnorez.com/arnatfm “АрнатФМ”
Радио қашан дүниеге келді
Радио 23,02,2012 құрылған. Бірақ, оқудан қолым босамай бір айдан соң тоқтап қалды. Ол кезде 4 курс студенті едим. Бір жылдан соң қайта қолға алдым.
Кімдердің көмегі арқылы келді
Жаңа технологияға деген қызығушылығым Асқат Еркінбай деген ұстазымның дәрісінен кейін туды. Осы радионың дүниеге келуі күтпеген жағдай болды. Себебі, бір студенттен естідім: осындай сайт бар екенін. Содан ашып көрейін деген ой болды. Аштым. Алайда, сайтты бір аптада зерттедім. Қалай жұмыс істеу керек? Қандай техника қажет дегендей сұрақтарға жауап іздедім. Ең бірінші тікелей эфирге шыққанда маған қолдау көрсеткен группаластарым: Тоқбергенова Даяна, Бегімбет Айгерім, Базарбаева Жаңылай, Жұмабай Назерке сынды достарым.
Радионың аудиториясын кеңейтуде кімдер көмек берді
Ия, радио құрылған соң оның аудиториясын кеңейту керек болды. Менің жоғарыда айтып кеткен группаластарым барлық әлеуметтік желілерде тіркелген. Солардың көмегімен тыңдармандардың саны күн өткен сайын көбейе берді.
Интернетте блог әлемі жайлы айтарыңыз бар ма
Болгәлемі жайлы көбісі біле бермейді. Сондықтан жастарға білім керек. Ал, білімді олар кімнен алады, арине сол саланың маманынан. Маман керек.Алға жылжу бар. (Бұл сұраққа тез-тез жауап бере салдым. Шикі әлі)
Онлайн радир жасау қайдан ойыңа келді?
Шынымды айтсам дәл ашқан кезде ойымда ештеме болмады. Ашып қоя саламын дедім. Бірақ, жатақханада тұратын достарым тікелей эфирге шығуымды өтінді. Содан кейін, бірінші саны сұқбат болсын дедік. Ең алғашқы қонақ Жұмабай Назерке болды. Себебі, группамыздың старостосы болған. Ол қыздан аттап өте алмадық. Осылайша басталып кеті.
volnorez.com/arnatfm/152723-Gz4de1h31931LZN3teEWw.mp3
Негізгі идея кімнен?
Ой қосқандар жетерлік, солардың ішінде журналистика факультетінің 2008 жылы 4 курс оқыған студенттері. Барлығы дерлік идея айтып, ой қосты.
Мақсаты? Айырмашылығы?
Мақсатым тек қазақша сөйлеп, қазақша ән тыңдайтын қазақтың барлық азаматтарын бір ортаға жинау. Әуе толқынындағы радиолардын айырмашылығы: 1.барлық тыңдарман бір мезетте ой айта алады. Чат арқылы. 2. Тыңдармандардың саны белгілі. 3. Белгіленгена умағы жоқ. Шет елдегі Отандастарымызда қазақтың әсем әні мен күбірлеген күйін тыңдай алады. 4.
Тікелей Эфирдің Қиыншылықтары
Басында маған бәрі оңай болып көрінген. Алайда, өзің жургізуші, өзің әнмен әрлеуші, одан қала берсе қоржынымдағы жоқ әнді интернеттен іздеуге тура келеді. Кейде болады басқа ұлтты азаматтар кіріп кетіп. Түк түсінбей жатады. Осылардың барлығын ретке келтіру керек. Бірақ, мен жақсы көретін жумысыммен айналысқан соң болар, етім үйреніп кетті.

Радионы мына сілтеме арқылы тыңдай аласыздар: volnorez.com/arnatfm

20 пікір

Korkem
Алға, Арнат!
Yasin
Арант сәттілік бауырым!
Abylai
Ұұұұуууу, келіңдер толқынға volnorez.com/arnatfm эфирдеміз
followme_alik
Тірлік де :)
Abylai
эфир аяқталды, ертең кешкі тоғыз ондарда кел
followme_alik
Біреуге жалынды флуд жолдау үшін_обәзәтілнө.
korwinin_kyzy
Радио деген не?
Jako
Дауысы естілетін, бет жүзін көрсетпейтін адамдар кауымы жиналған ақпараттық кеңістік десем түсінесің бе?
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Баяғыда қабырғада ілулі тұратын «Сарнауық» деп аталатын бес сомның радиосы болатын, ешқандай жарнамасыз, еш міндетсіз тәулік бойы сарнайтын.Вот, сол радио еді…
Соңғы өңделген уақыты:
qyrmyzy
Жарайсың, Арнат! Керемет идея! Жайнаш апайды эфирге шақырған бағдарламаң да жақсы шығып еді…
STR
аматёр жобаларды ұнатам. Мақатаевтің уленін оққан қыздың даусына сындым)))
VVVWWW
Тамаша, бұның тікелей эфирге шығатын уақытын айтып жібересіздер ме (қай сағатта дегенім ғой, шамамен болса да)
followme_alik
22:00… оның өзінде алдын-ала хабарландырумен)
AKA
Жаман емес, бастысы алға жылжу бар. Сәттілік!
4o4
Байсеитов Арнат Орынбасарұлы 1990 жылы Жамбыл обылысы Меркі ауданында дуниге келгенмин. 11 сыныпты битирген сон әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журалистика факультетін 2008 жылы тәмамдадым.

Еліміздегі үздік үштікке енетін жоғарғы оқу орнын 18 жасында аяқтаған вундеркиндке бас иейік)))
mairosh
жұрттын қатесін табуға мастерсіз я
ZevsKO
хе хе шамасы жалғыз сен байқаған сияқтысың ғой
ZevsKO
эхх ең Алғаш Айдана деген досымен сұхбат жүргізгені есімде. Күшті кездер еді
Orxantai
Байсеитов Арнат Орынбасарұлы 1990 жылы Жамбыл обылысы Меркі ауданында дуниге келгенмин. 11 сыныпты битирген сон әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журалистика факультетін 2008 жылы тәмамдадым.Бұл сұқбат берушінің немесе жазып алған кісінің қателігі…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.