Роза Әлқожамен кездесу

Өз ойым /
Әңгімені неден бастарымды білмей отырғаным...Қазір бәрімізге белгілі Фейсбук деген желі бар, сол желіге тіркеліп, бірақ кірмей қойғаныма 1 жылдан асып кетті. Жақында қайта кірдім. Кірсем, Роза Әлкожамен ортақ достарым бар екен, менің ең суйікті әншім еді,қуанышымда шек жоқ. Достық ұсындым. Әңгіменің әлқиссасын Розаның әпкесі айтқан сөздерінен бастадым, ол кісі мені өзінің сіңілісі Роза Әлқожаға ұқсатқан болатын, мінезімді де, түрімді де. Сонымен не керке Розамен тіл табысып, жолықтық. Роза әпке адам жатырқамайды екен, бауырына тартып, кеше уйіне апарды. Айдын жездемізбен, кішкентайлармен де таныстық. обчым барі жақсы өтті.

17 пікір

aitaber
Өлеңдері күшті ғой :)
pari
Барлық әншілердің бойында осындай қарапайымдылық, қарапайым халықпен тіл табысушылық болғай))
AyKoN
бес саусақ бірдей емес, бәрі бұлай емес.
pari
менің айтарым сондай болғай)
AshTrollToqTrollmenOinamaide
бес саусақ бірдей болғанда ғой) өмір тамаша болар еді, бірақ…
korwinin_kyzy
Бес саусақ бірдей болса ана жерде нетіп отырганда ынгайсыз болады гой )))))))))))))))))))))
Kan
Роза Әлқожаның әндері қандай мөп-мөлдір болса өзіде сондай тап-таза жан. Ол кісінің әндерінде қазақи қарапайымдлық байқалады. Бұндай ән жазу үшінде үлкен адами қасиет болуы тиіс ал ондай қасиет Розада бар болған соң халық әндерін сүйіп тыңдайды.
zhomart
Әдемі екен, расымен ұқсайсыңдар
AyKoN
рахмет Жоми аға! Роза әпке де ұқсастығымызды мойындады, Айдын жезде түрлерің ұқсайды десе, Роза әпке жан дүниеміз ұқсайды екен деді
yesbolat83
Ооо, Айгүл, қуаныштымын сүйікті әншіңмен кездескеніңе, кездесіп қана қоймай дастархандас болыпсың. Мен де бір кездері дәл сен сияқты қуанғам Тамара Асармен телефон арқылы СМС жазысып, туған күнімде құттықтап хабарлама жазғанына.
Роза апай және отбасы өттте қарапайым жандар екен. Әттең, бес саусақ бірдей болғанда.)
AyKoN
рахмееет Есболат аға! Роза әпкеммен айтылған үзік сырлар, өткеннің естеліктері, Айдын жездемнің әдемі әзілдері айта берсем көөөөп, бірақ соны Айтаберге жазудың ретін таба алмадым. Қаламымның шамасы жеткені осы шағын ғана пост болды
yesbolat83
Осы қысқа да нұсқа жазбаңнан көөөп нәрселерді түсініп отырмыз. Ең бастысы сенің қуанышыңда шек жоқтығын. Осындай қуанышты күндерің көп болғай!
AyKoN
Иншаллах! Амин аға, айтқаныңыз келсін!
yesbolat83
Өлең шығаратының бар. Роза апайыңа ұсыныс тастап көрмедің ба, сенің өлеңдеріңнің біреуін өз репертуарына қосып ән шырқауды. Сазгерлік қасиетің де бар сияқты еді ғо.
AyKoN
сазгерлік жоқ қой. Өлең шығаратындай өзімді ақын деп санаған емеспін, Роза апам ақынсың деп өлеңімді оқып беруімді сұрап еді, күмілжіп біреуін әзер оқыдым. Өткен күндердің естеліктері өлеңнің ауылынан алыстатып жіберіпті. Роза апам «Демек музанда жоқ екен ғой» деп бір күрсініп алды
qyrmyzy
Автор, әңгімені неден бастарыңызды білмепсіз, жарайды делік, бірақ постты ҮЛКЕН әріппен бастауды білетін шығарсыз…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.