Сүйіп қалдым
Өз ойым /
Емен-терек еркiмен қауышады,
Қайың менен қара ағаш танысады.
Алатаудан басталған ақ бұлақтар,
Алматыға жеткенше жарысады ©
Алматы туралы жыр-әндер маған ұнайтын, жәй ғана ұнайтын. Алматыны көрмеген адам ОЛ жайлы жырды жүрегімен тыңдап, сезіне де алмайды екен. Онда барып көргелі оған арналған қаншама әндер көкірегіме жайылып сала берді. Алматы — әсем қала. Көшелері ертегі әлеміне ұқсады, адамдары да жайдары. Сүйіп қалдым…
Суреттер сөйлесін
«28 панфиловшылар» саябағында:
мына алып ескерткіш маған кішкентай ғана болып көрінетін, көрген адамға әсері бар.
Мәңгі алау жанында:
Сағындым аққу үнді
Сағындым ақ гүлімді
Алматым, сайладың сен
Шабытты шаттығымды ©
Медеу мұз айдыны жанында:
Республика сарайы:
Ғашықпын жауыныңа
Талпынған тау ұлына
Сағынып жетем саған
Бас мені бауырыңа! ©
Қарсы алдымда жалаңаштап кіндігін,
Сол Алматы маған қарап тұр бүгін.
Алатаудың жас тоқалы секілді,
Жанарына жасырған бір сұмдығын. ©
Суықпын, сіңіп кетті ғайыпқа үнім,
Сергелдең сезіміме лайық мұңым.
Алатау, махаббаттан мән сұрама,
Сүйгенім үшін ғана… айыптымын. ©
Алматыдағы метро:
Ішкі көрініс:
Мен келемін.
Жанымда саялы бақ.
Жүрісім де, жүрек те саябырлап.
Соғады.
Бірақ, нәзік ақын жаны
Қара түннің төсінен қаяу ұрлап. ©
Айконамен (Құлмұханбетова Айжан Нұрланқызы):
Айконтай Алматының өзіндей мейірімді. Жүрегінің кеңдігіне ризамын. Ал оның әжесі, ата-анасы, әулеті… сөз таппаймын айтуға, ғажап жандар! Жәніім, Айкона сені туған анаңнан айналайын, тәрбиелеп жеткізген әкеңнен айналайын. Бейнебір Алматы үшін үлкен жауапкершілікті көтеріп жүргендей-ақ, қасымнан бір елі шақпады-ау, шықпады. Кеттім деп, қайта айналып қасымнан табылған Айжанға шексіз ризалығымды білдіргім келеді. Сендей досты сыйлаған Алматыға рахмет!
Түнгі Алматы, көркің-ай, керімдей,Суреттер Айжанға тиесілі. Суретке түсуді аса қалай бермеймін, Айжанның арқасы мұның бәрі. Тілмен жеткізе алмайтынымды білгендей-ақ суретке түсіруде аянып қалмады. Тағыда алғысымды білдіремін!
Жүрегіме жабыстың желімдей.
Мәңгі ғашық Алматы, жаным саған
Өмірімнің айнымас серігіндей!!! ©
Жанымды қайтсем екен шерге малған,
Мерт болды-ау мұңға айналып мендегі арман.
Аласұрып іздеймін әлі күнге,
Алматы, Жүрегімді сенде қалған. ©
Тағыда барам саған, Алматы.
25 пікір
Көре сала ауызымды ашып қалдым
бір апа келіп айтты балам ауызынды жап деді
сол ақ сәтте ауызымды жауа салдым
***
Шетелде жүрдім деп ойлап қалдым
Адамдары ерекше мен тандандым
Барахолка сұмдық қой действительны сумдык
Донганстанда журмин деп ойлап калдым
Астанага барып турып байтеректі комрей кеалган секілдіма
келесіді олай істеменіз джарайма?
Келесіде дұрыстап дайындалып кел жарайма, осы жолы жетінкіремей тур бірақ сондада 5 қоям, бірақ ялянга карагнда адемде арзан сиякты, енді ойлап қара бензин багасы жогарлап кетті сол себепті Қазақстан немістерден ұтылып қалт, не керек бізге Қытайский пласмасса ыдыстар:???
Барахолканы көру парыз деген жокпын, дұрсы тусініз игі!!!
Бещпармақтан кейін кола ішкін келіп тұрган сияқтыго просты!!!