Орысшасы өшсін, қазақшаға көшсін!

Өз ойым /
Ассалаумағалейкум Айтаберліктер!
Мені жиі мазалайтын жағдай, ол орыстанып бара жатқандар туралы. Бұл жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі. Қазіргі қазақстандықтар ұлттары қазақ болғанымен тілдері ақсап тұр. Аты-жөндері қазақ бола тұра орысша бұрқытып тұрады. Осыған ішім күйеді. Мысалғы: көпке топырақ шашпаяқ қояйын, кейбір лауазымды адамдар теледидардан сұхбат бергенде аты-жөндері қазақша сайрап тұрғанымен, тіл қатқанда орысша сөйлейді. Неге қазақша сөйлемейді?! Біз Ресейде тұрып жатқан жоқпыз, ата-бабамыз алып беріп кеткен Қазақ жерінде өмір сүремізғой. Мейлі ол кішкентайынан орыс мектебінде оқысын, лауазымды адам ба, қазақша сөйлеуге тиісті! Жақсы сөз арасында орысша сөз қыстырамыз бәрімізде бірақ, 100 пайыз орысша сөйлемейміз. Ал ұлттары қазақ бола тұра, реалда орысша сөйлейтін адамдарға ішім күйеді. Әлде орысша сөйлеу сенің беделіңді арттыра ма? Жоқ, әлде бұл мода ма? Бір кездері мода да болған. Құдай сақтасын! Қазақ екенбіз, ендеше ана тілімізді қадірлейік! Орысшалары өшсін,қазақ тіліне көшсін демекпін.
Менің жазбама антоним жазба МҰНДА!

3 пікір

pari
егерде сұхбат орыс тілінде алынып жатса екен, онда орысша сөйлесе ештеңе емес, ал қазақша сұхбат алына тұра, орысша сөйлейді.!!!
Yeld
Орысша оқыған соң ойын сол тілде дұрыс жеткізе біледі де… ешқандай бедел де емес, просто қазақша қанша білдім дегенмен дұрыс, әдемі сөйлеп үйрену бір басқа. Мен енді үйреніп келемін солай сөйлеуге, мысалы. Таң атқаннан көзің ұйқыға кеткенше айналаң басқа тілде сөйлесе, оның үстіне күні бойы жұмыста болсаң, әдемі сөйлеп үйретер курстар мен мамандар болмаса не істейді… Курстардың бәрі (мен білетін курстар) не ресми тіл емес, не ауызекі сөйлеу тілі емес, не деловой тіл емес, араласқан бірнәрсе… Ондағы нәрсені бәрі біледі ғой… "қазақша оқысам бәрін ұғамын, бірақ жақсы интервью бере алмаймын немесе ауызша баяндама жасай алмаймын" дегендер көп… Әкімшілік тарабынан ашылып жатқан қазақ тілі курстарына құсқым келеді!!! Маман жоқ қазақша стилистика мен риториканы мықты білетін…
Күніне алдыдан шығатын адамның жартысы орысша амандасады, еріксіз миың екіге бөлінеді қазақша мен орысшаға…
Ал анадай арандатушы АНТОНИМдар адамның ашуын келтіреді, оны көп талдасақ мына сайттың да беделі кетеді. Азғана уақыт өтер, бәрі өзінен өзі жақсы болады! Қазір жастардың көпшілігі қазақша сөйлейді ғой ештеңені ойламай-ақ!
pari
алдыңғы арба қалай айналса артыда солай айналады деген бар. Алдыңғы аға буын орысша сөйлегенде арттағы жас буынның болашағы не болмақ?! Және де бұл жаңалықтардағы сұхбаттарда көп кездеседі.Тағы да айта кететін жәйт, кей дүкендердегі орыс-сатушылар. не керек орысша сатушы қойып дүкенге. Міне сәселенің басы қайда жатыр!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.