Әйел адам,,,,

Өз ойым /
-Алло, жарайды, иә, шығайын деп жатырмын...Қазір поездға мінемін.

— Ал, сүйіктім, жолың болсын, жақсы жет.

— Иә, үйде қағазға тамақтың тізімін жазып кеттім. Тамағыңды пісіріп, ішіп жүр. Ең тез пісілетін тағам – жұмыртқа ғой. Үйге 30 данасын алып қойдым. Ет те бар, картоптарды да қуырып жеп жүр. Ал, мен кеттім. Екі күннен соң келемін.

— Сау бол, сүйіктім. Телефон шалып тұр,- деп қол былғап, сүйікті жарымды жұмыс сапарына шығарып салдым,- деп Ерлан өз әңгімесін бастады.

Бүгін, демалыс күні. Үйге барып, тамағымды пісіріп, дем алып алайын.

Үйге келдім. Тоңазытқышты ашып, «не пісірсем екен?» деп ойланып тұрмын. «Қуырылған картоп жегім келеді, жоқ, жоқ оны пісіру өте қиын. Бермешел жесем қайтеді? Бірақ, оны пісіре де алмаймын. Жақсы, жұмыртқа қуырып жейін». «Бір табаға неше жұмыртқа пісіреді екен осы? 5-уі аз болар ма екен? Жарайды, 10 данасын салып жіберейін».

10 данасын қолыма ұстап, ас бөлмесіне алып бара жатырмын. Бір кезде, жұмыртқаның 3 данасы қолымнан қалай шығып кеткенін де білмей қалдым. Жерге тарс ете сала, жарылып қалды. «Енді қайттім?» дегенше болмады, тағы да 2 данасы қолымнан домалап жерге түсе берді. Қолымда 5 дана қалды. «Жарайды, тағы да жарылып қалар деп, газ плитасына жақындадым. Жұмыртақаны табақшаға салып қойып, табаның астына от жақтым. Табаға май құюды да білмеймін ғой 5 жұмыртқаны табаның ішіне жарып, пісіре бастадым. Тұз іздеймін. Ары қараймын, бері қараймын, тұз көрінбейді. О, таптым. Тұздың 2 ас қасығын алып салып жібердім. 15 минуттан соң келіп, қарасам, жұмыртқам әбден күйейін деп жатыр екен. Бірден тәрелкеге салдым да, отты өшірдім.

Ішімнен «жарайды, ештеңе етпес, күйсе де жей берейін» деп аузыма сала бере, өте-мөте жиіркенішті дәм келіп, бірден дәретханаға жүгірдім. Аузымдағыны тастай сала, жүрегім де айынып кетті. Кейін білсем, жұмыртқаға тұз емес, секер салып жіберіппін. Жұмыртқа күйіп, оның үстіне секер салып жеген адамның түрі қандай болатынын білсеңіздер ғой. Бүгін, түскі асымды осылай өткіздім. Бір уыс нан жедім де, бір стакан су ішіп жіберіп, тойған адам секілді теледидар алдына кетіп бара жатырмын. Орта жолда сырғанап құлап түстім де, аяғымды ауыртып алдым. Қарасам, жаңағы жарылған жұмыртқаның орнын сүртуге ұмытып кетіппін. Басымды көтеріп, шүберек іздей бастадым. Таба алмай зар болдым ғой, үстел үстінде тұрған А4 қағазын алып сүрте салдым.

Кеш болды. Қарным ашты. Әйелімсіз өмір сүрген қиын екен-ау. Қазір ол болса, тамағымды пісіріп берер еді. Жарайды, кешкі асқа тағы да бір уыс нан мен алма жеп алдым. Үстіне су ішіп жібердім де тоқ болған адамдай жүре бердім. Далаға шығып, гүлдерді суарып келдім. Дүкенге барып, тағы да нан алдым. Бір кезде жаңбыр құйып кетті. Амалсыздан дүкен ішінде 10 минуттай тұрып, жаңбырдың басылғанын күттім. Далаға шығып, үйге қарай бет алдым. Аяқ киімім балшық болған күйінде үйге келіп, теледидар қосып, «бір дем алып алайыншы» деп ұйықтап кетіппін.

Көзімді ашып қарасам, сағат таңертенгі 8 болыпты. Лезде орнымнан атып тұрдым да, жуынып алып киіне бастадым. «Әйелімді жұмыс сапарына жібермегенімде ғой, мені таңертен ерте оятатын еді ғой. Жұмысқа тез кешікпей жетейін»,- деп, мен киімімді үтектеуге кірістім. Өмірімде киімді бірінші рет үтектеп тұрғаным. Үтек қызбай жатыр, әлде жай қыза ма. Оған шейін мен шәйнөктің астын жағып, шәй ішіп алайын. Шәйнөгім қайнап, бір стақан шәй ішіп, рахаттанып алдым. Енді киініп, тезірек жұмысқа баруым керек. Бір кезде күйген иісті сездім. Өз бөлмеме барып қарасам, жаңағы үтек қызып кетіп, аппақ көйлегімді күйдіріп тастапты ғой. Ойбуу, енді қайттім? Басқа көйлек жоқ. Амалсыздан соны кидім де, пиджагымнан ешкім байқамас деп, оны да кие салдым. Аяқ киімімді кие бере, тағы да ойбайлап зар болдым. Кешегі жаңабырдың балшығынан лас болған туфлиім әлі сол күйінде тұр екен. Басқа туфлиім жоқ, шарасыздан туфлиімді лас күйінде кие бердім. Далаға шығып, машинамды оталап жұмысқа келдім. Көйлегім қыртыс, оның үстіне 40 градус ыстықта пиджак киіп алғанмын. Аяқ киімімді айтпай-ақ қояйыншы. Шашым ұйпа-жұйпа. Баспалдақтан көтеріле бере, жұмыстасымды кездестіріп, қол беріп амандасып жатырмын.

— Ойбоойй, сізге не болған? Қайдан келесіз? ,- дейді.

— Жай, ештеңе, үйден келемін ғой. Әйелім жұмыс сапарына кетіп қалып еді.

— Бәсе, бәсе, көрініп-ақ тұр, — деп бетіме ыржия қарайды.

Мен онша мән бере қоймай, жүре бердім. Түскі уақыт та болып қалды. Бір кезде, телефон шырылдайды.

— Алло, сүйіктім, мен поездан түстім. Қалың қалай?

— Бәрі жақсы жаным! Қонақ үйге орналастың ба? Қалай жеттің?

— Мені қойшы. Бәрі жақсы ғой. Өзің қалайсың? Қарның ашып жүршен жоқ па? Кеше не жедің? Жұмысың қалай?

— Бәрі жақсы. Бәрі керемет, тамаша ,-деп мен еш сыр бергім келмейді. Өзімше қиын күйімді білдіргім келмей.

— Жарайды, тамақтанып жүр. Тағы да хабарласамын. Сау бол сүйіктім!

Ехх, әйелімнің қадірін енді түсініп жатырған секілдімін. Түскі асты қалай ішемін. Жақын жерде ресторан бар ма екен? О, «Арман» деген ресторанға көзім шалып қалды. Жақсылап тұрып тамақтанып алайын деп, ресторанға қарай бет алдым.

Ресторанның іші жайлы екен. Орындыққа отырып, пиджагымды шешіп, орындық артына іліп қойдым, менюді ақтарып тапсырыс бердім. Бір тәрелке борщ іштім, оған қоса палау жеп, оның үстіне салат жеп алдым да, 2 стақан шәй ішіп рахаттанып қалдым. Артымда бір топ қыздардың күлген дауыстары естіледі. Маған қарап, сыбырласатын секілді. «Мәдениетсіздік» деп дауысымды көтеріп айттым да, теріс қарап отыра бердім. Бір кезде, « Көйлегінің артын қарашы, дөңгелек болып ойылып қалыпты ғой»,- деп топ қыз күле бастады. Амалсыздан тамағымды тезірек бітіріп, бұл жерден ұятқа қалмай кетейін, дедім де даяшыны шақырдым.

— Счет, пожалуйста,- деп қоямын орыс даяшыға.

— С вас 11650тг,- деп маған көзіме бадырая қарайды. Менің көзім одан да бетер бадырайып кетті.

— Что? Как это? – деп мен сасақалақтап қалдым.

— Вот так вот! – деп маған тапсырыс берген тамағымның тізімін көрсетті.

Амалсыздан төледім. Енді рестораннан тамақ ішпеспін деп үйге қарай беттедім. Көңіл-күйім түсіп кетті. Екі күн болған жоқ, әйелімді де сағынып қалдым. Пісірген тамағын сағындым, жасаған күтімдеріне енді, енді назар сала бастаған секілдімін.

Кеш те болып қалды. Тағы да бір уыс нан мен 1 стақан шәй іштім. Бүгін, ерте ұйықтайыншы деп төсегіме жайғасып ұйықтап кеттім.

Таңертен болды. Қазір сағат 6 30 да поезд келеді. Сүйікті жарымды асыға күтіп тұрмын. Мінекей поезд да келіп қалды. Әйелімді қарсы алып, үйге қарай беттедік.

Сүйікті жарыммен берге таңғы ас ішіп, жұмысыма кеттім. Әйелім Алматы қаласынан маған судай жаңа аппақ көйлек алып келіпті. Қайдан ғана ойына келген екен? Мен көйлегімді киіп, әйелім галстугімді дұрыстап берді.

— Аяқ киімің балшық болып қалыпты ғой, тазалап қойдым,- деп сүйікті жарым тіл қатты.

— Рахмет, сен болмасам не істер едім?

— Түскі асқа кешікпей кел, сенің сүйікті «мантынды» пісіремін,- деп бетімнен сүйіп, шығарып салды.

Бүгін, мен үшін жақсы күн. Әйелім болмаса, қалай жүреді екем? Қазір, қарным тоқ, көйлегім көк, уайым жоқ кетіп барамын.

Баспалдақтан өте бере, кешегі жұмыстасымды тағы да кездестірдім.

— Әйелің жұмыс сапарынан келген секілді ғой? ,- деді

— Иә, бүгін келді,- деп қуанышпен айттым.

— Бәсе, бәсе, көрініп-ақ тұр,- деп ыржия қарады.

Мен мән бермей жүре бердім. Ішімнен «әйелімді енді ешқайда жібермеспін, мен оны сондай сүйемін»,-дедім. «Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен жандарды бағалайық достар. Екі күн ішінде осындай оқиғаға душар болдым»,- деп Ерлан өз әңгімесін аяқтады

3 пікір

Kan
Тым ұсақ ойлаудыңда қажеті жоқ. Әйелдің міндетін соншалықты күрделі етіп көрсетудің не қажеті бар. Әйтседе тамақ пісіру, күтім мен әйелдің қадірін түсірмеу керек. Әйел ана болғандықтан қасиетті деп ойлаймын өз ойым. өз басым әйелім болмасада жап-жақсы жүремін. Еркектер тым әйелге берілгіш, жалқау болудың әлсіздік екенін ұмытпайық
yesbolat83
Бұл әңгімеден әйел адамның бұл өмірде орны ерекше екендігін және әйелдерсіз ерлердің әр күні оңай еместігін айтқысы келгендей автор. Қосылам.
Әйелдерді құрметтейік, қадірін білейік!
arailym97
Өте әдемі жазылған! Сүйсініп оқыдым!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.