Қазақша сөйлемесем ше?

Өз ойым /
Бүгінгі күн дүйсенбі болған үшін бе, күллі әлемге негатив шашып, улағым кеп тұр. Бүкіл өткен-кеткен реніш-өкпемді жинастырып, еске алып, өз-өзімді аяп, өзімді сондай бір әділетсіздіктің құрбаны сезінгім кеп отыр — деп күлкім кеп кеткені)))

Көпшіліктің сөзін сөйлеп, ығына көшіп немесе көпшілікке қарсы шығып, атым шығару мақсат емес. Дұрыс/бұрыс болсын тек өз ойымды айтқым келеді. Біреу түзелер, не мені түзер. Себебі, қоғамда менің қауашақ миыма симайтын құбылыстар көп. Соның бірі — қазақ тілі мәселесі. Нақтырақ айтқанда, бүкіл ФБ толған “қазақша сөйле” деген лозунгтар.

Бұл сөзді қазақ қазаққа айтып жатса қабылдауға болады. Бірақ, бұйрық райдан гөрі “Ана тілің арың бұл” деген сөздер жақсы әсер етеді ма деп ойлаймын. Өзге ұлттарға қазақша сөйлеуін талап ете алмаймыз. Біріншіден, менің тілімде сөйле деп ешкімге бишара болмайықшы. Екіншіден, адам өзге тілді, көбіне, тек қажеттілік болған соң ғана үйренеді. Неге ауылдағы орысың да, кәрісің де қазақша сөйлейді? Неге қаладағы қазақ орысша сөйлейді? Себебі, бізде қала мен ауылда екі тілдің сұраныстары бірдей емес.

Осы ғана ғой, мәселенің басы. Керек болса, орысың қазақтан бетер сайрап кете алады. Олай болса, әрбір өз ана тілін құрметтейтін қазақ жүрген жерінде өзгелерге үлгі болу керек. Қазақша сөйле, тарихыңды біл, ұлттық құндылықтарыңды жеткіз. Шу шығарып, даурыққаннан нақты істермен мақсатқа тезірек жететін сияқтымыз. Бізде, әсіресе, тағы да бір жыным келетіні — бірдеңе жасау керек болса, міндетті түрде мемлекет оған ақша бөлу керек. Бәрін жоғары жаққа ысыра салады. “Балық басынан шірейді” деген мақал билік басындағыларға ғана арналмаған. Сонда елім-жерім, тілім деп еңіреп жүрген патриоттығымыз қайда қалды?

Мемлекеттің қаржыландыру саясатын былай өзгертсе екен: бірінші мемлекетке қарызға істейсің, бәрі ойдағыдай шықса — мемлекет ақшаңды қайтарады. Міне, осы кезде нағыз бір-біріне бәсеке жобалар шығар ма еді. Нағыз елдің қамын ойлағандар мен өз қарнын ойлағандардың арасы ажырар ма еді. Әйтпесе, “аспандағы айды әперем” деген жобалар біршама уақыттан соң беті бүлк етпей, банкрот болып жатады. Не деген жауапсыздық бұл?(((

Мәселенің шешімі қаражатқа емес, адамдардың патриоттығына тірелуі керек. Рас, елім деген азамат елі үшін тегін еңбектенуден таймайды. Қажет болса, бірігіп күш жинайды. Мемлекетке тіреп қою — ол жалқаулардың, қорқақтардың, аузымен орақ оратындардың, ақша жасап қалғысы келетіндердің, т.с.с. далбасамен айналысып жүргендердің ісі.

Жақында елбасы мемлекеттен қаржы бөлу кезіндегі олқылықтар жайында сөз сөйлеген болатын. Бұл мәселенің елбасыға жеткеніне қуаныштымын. Келер жолы қатты қаралатын болар деп сенемін.

Уффф, кеттім, суып кеткен әбетімді ішейін…
Дереккөз

15 пікір

Abylai
Ереке блогыңа сілтеп отыр, оқырмандар жинайсың. Маған блогың ұнайд, кіріп тұрам )))
ereke_enu
Жарайд, сен айтсаң сілтеме қойып қояйын. Рахмет:)
urimtal
Бәрін дұрыс айтып отырсың. Келісемін. Меніңше кейбіреулер қазір тілді саяси мақсатқа пайдаланып жүргендерідң жетегінде кетіп бара жатыр.
MSHERIMBEK
Жыным келед ультрапатриоттарға. Жай ғана тіліміздің әлі ондай дәрежеге жете қоймағанын мойындау керек. Робот шығарып жатқан жапон емеспіз. BMW шығарып жатқан неміс емеспіз. Ендеше, несіне сонда тұмсықты жоғары көтереді бұл адамдар!
Менің неміс досым бар. Германияға барып, Қазақстанға қайтып келді :) Ол, қазақша менен жақсы сөйлейді. Ләңгі ойнаған. Ауылдың тойларында билеген талай. Бірақ, оның қазақша сөйлегенінен қоғамға келетін пайда жоқ. Сөз жоқ, ол жақсы автожөндеуші. Оны кәсібіне адалдығы үшін құрметтеймін. Таныстарым оның қазақша сөйлегені үшін емес, оның жақсы маман болғаны үшін үнемі соған барады. Ощм, солай. Ал, сөйлейтіндерге құрмет, әрине!
Jako
Өз тілінде сөйлеу,өз тілін құрметтеп қадірлеу тек қана қазақтарға ғана емес, жер бетіндегі барша ұлтқа тән қасиет болу керек. Сондықтан өзге ұлт өкілін қазақ тілін білгені үшін марапаттау, немесе білмегені үшін жазғырудың түкке керегі жоқ, оларға мән беріп әулиесітудің орнына, «Барыңнан жоғың, ашыңнан тоғың»-дегендей позиция ұстанған дұрыс болар.Өзге ұлттарға, тіл білмейтін өз ұлтымыздың кещелеріне, тіл үйретеміз деп миллиярдтаған мемлекет қаржысын жұмсаудың еш қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл сыпайылап айтқанда, «Жыланнан да жүн қырқу»- деген сияқты пысық ала аяқтардың мемлекет қаржысын, (яғни сізбен, біздің теңгелерімізді) ұрлауы деп түсіну керек шығар.Тіл үйретеміз, оқытамыз деп мемлекет қаржысын оңды-солды шашқаннан көрі, сол ҚАЗАҚ тілін қажеттілік, өмір сүру, карьералық өсу сияқты тағы басқаларында басты кілтке, тетікке айналдыру керек. Міне сол кезде Қазақстанда өмір сүріп, тіршілік жасағысы келген өзге ұлт өкілдері бір тиын қаражат жұмсамай-ақ тілімізді игеріп алар еді, ал тілді үлкен саясатқа айналдырып, халық қаржысын сауын сиырға айналдырған пысықайлардың қалтасында кететін теңге ел игілігіне жұмсалар ма еді деп ойлаймын.
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
өте дұрыс айтылған пікір.
dudu
Сіздің ойыңызға бүкілдей келісемін! Жақсы ойлар айттыңыз!
Kan
"әбетімді" осылай өтірік аударма жасауды қояйықшы.
«Айта, айта ауылды Ақбай ағам ауырды» дегендей тілдің мәселесін айта, айта шаршап кеттік. Өзгені қойып өзіміздің қазақша қателерімізді жөндеп алсақ жөн болар еді
Delfina
Бәрін құртатын өзіміз. Қазақша сөйлемей орысша сөйлейтінде өзіміз.
Ainamatai
Қазақ тілі мүлдем дамымай бір орында тұр деп айтуға болмайды, Ресей мемлекетінең бөлек Тәуелсіз егеменді ел болғалы тіліміз де қарқынды дамуда!қазіргі таңда жұмысқа тұрарда ең 1 қойылатын талаптардың бірі қазақ тілің жетік білу болып келеді! мемелекеттік мекемелерде құжат айналымы түгелдей қазақ тілінде! Жастар арасында қазақ тілің дамыту өз қолымызда!
ereke_enu
Осы бір керемет пікірге қосыламын. Істің бас-қасында жүргендер жақсы білсе керек мәселенің жай-күйін, рахмет.
dinamusina
Дұрыс айтасыз өз тілімізді білуіміз керек. мен әсіресе қазақша сөйлей алмайтын, шынына келгенде жай ғана қазақша сөйлемейтін ҚАЗАҚТАРҒА қарап ұяламын.сосын ондай дәрежеге жетпеді деген не сөз ол? мен түсінбеймін. сонда адамдар қазақша сөйлеу үшін тіліміз қандай дәрежеге жету керек?…
Әрине біз өзге ұлт өкілдеріне талап ете алмаймыз. бірақ біз қазақша сөйле деп айтқаннан бейшара болып қалмаймыз, иа әрине мойындаймын бар адамдар жалынышты болып қаламын деп ойлайтындар. бірақ біздің сол қазақша сөйле деген сөзімізден ойланып қалатындар да аз емес
Yeld
Қазақша сөйлемейтін қазақтар қазақша жүз пайыз болмаса да біршама ұғады, түсінеді. Жүрегінің түбінде олар ұялады, қысылады. Қазақша жақсы сөйлей алмағаны үшін. Олар бас тартпайды қазақ тілінен. Міз бақпай жүргендері орысша тәрбие алғанның әсері. Көшеге шыққанда айнала өртеніп жатсын беттерін бүлк еткізбей бейжайлық таныту, бірдеңе деген адамға арс ете қалу сол тәрбиеден. Сол тәрбиенің әсерінен балаларын орысша мектепке береді, үйткені қазақтықтан алыстап кеткен, қазақи жан-дүние оларға жат болып кеткен. Олар тек сол түптің түбінде қазақша үйрену керек екенін ғана іштерінен мойындайды. Бірақ неге үйренбейсің енді дегенде тағы да арс ете қалады, мен кінәлі емеспін, заман кінәлі деп, т.с.с. деп.
Оларға қарап ұялудың қажеті жоқ, оларға жан ашудың да керегі жоқ. Тек соларға ғана қарап қазақ тілін дамыту керек деудің де қажеті жоқ. Жандары мұрындарының ұшына келгенде бір-ақ күнде сөйлеп шыға келеді олар, қазақша білмейтіндерін ұмытып, үйткені орысша тәрбие алған, сол үшін жан таласады өздерінше өмір сүру үшін.
Әйтпесе элементар қазақ тілін үйренуге жағдай көп жасалып отыр. Соны бағаламайды олар.
Мен ойлаймын, ендігі керегі ол өте жоғары деңгейдегі қазақша сөйлеу курстары. «Сәлеметсіз бе, менің атым Әсел» деген емес, мен қалай айтарымды білмей отырмын, Бекболат Тілеухан сөйлейді ғой қазақша, солай сөйлеп үйрететін курстар керек. Простой курстар онша емес, көбіне оларда қазақ тілінің қадірін білмейтін, ақша үшін ғана жүрген мұғалімдер сабақ береді. Простой курстарды қазақша білмейтін қазақтар менсінбейді. Қытай тілінің курсындай қиын курс деген, осы бастан үйрене алмасаң біттің деген түсінік қалыптасқанда зыр жүгіреді олар.
Менің достарым бар, қазақ филологиясын, журналистикасын бітірген, олармен сөйлесу қандай керемет. Олар ғ, ж, ә дыбыстарын керемет әдемі қылып айтады, сөйлегенде ұйқастырып, мақал-мәтелдер қосып сөйлейді. Орфоэпия ережелерін сақтап сөйлейді. Бір кітапты немесе басқа бір нәрсені олармен бірге талқылау мен үшін ғанибет.
Енді бір таныстарым бар, қазақ тілінің дипломды маманы болса да қазақша не дұрыс мақала жаза алмайды, не қазақ әдебиетін нашар біледі. Сөйткен түрімен қоймай қазақ тілінің курстарында сабақ береді.
Жақында Ерлан Малаев деген әншінің («Бәйтерек» тобындағы) «Егіз жүрек» деген клипын көрдім. Клипқа түскен әртіс қыз менің оқушым болған еді. Айтпағым ол емес, маған бұл әннің қатты ұнағаны — әншінің әнді қазақша өте қазақша айтуы. Курстарда үйрететіндей «жүрЕк» деп емес, нағыз қазақша орфоэпиялық нұсқада «жүрӨк» деп айтуына риза болдым… Осылай айтса әннің бәрін…
Соңғы өңделген уақыты:
followme_alik
Бес миллионға жуық «Бекболат Тілеухандар» бір мезгілде дүниеге келсе, жетіп жатыр… тізбек реакциясы іске қосылады :)))!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.