Бір күндік өмірім
Өз ойым /
Бір күндік өмірімдегі қарапайым қажеттіліктерден астыртын істерді ғана жазғаным құп болар. Бір жетілік айналымда санамда сайраған осы сөз тіркесі ғана: Бір күндік өмірім!
Өмірімнің бір белеңі қарапайым дағдылы іспен өткені тәнімнің де, жанымның да «жүйкесін» қоздыра қоймады. Қазіргі сәтке дейінгі өмірімде де өзгешелік жоқ кәдуілгі тіршілік нәубеті. Адам атамыздан бермен мойын артқа қайырылғандықтан өткенімізге қарай тәлім ала үйреніппіз. Өткен балалық болсын, мектеп төрі, университеттегі жарым жылым болсын басыма қара дәкі орап көзімді жұмып қана сүріппін. Әр нәрсенің берері мен алары тең. Балалық көпірім күннің нүрында, жайлаудың тұсында өтіпті. Ара-арасында бұйрықтың бұйырғанынан тікен жұттық.
Тұжырымның айтары, өмір мен уақыттың ымдағаны, Алланың берген сыйы салқын қандылық пен тұрақтылық. Әрине орнымен қалжындасу, күлісу, жайдармандықпен өтер шақта алдымда тосар. Тіліме шоқ тиді ме? оқ тиді ме? Тиылыпты. Сүйексіз тілге де сүйек қонады екен. Сөйлеуші судырақтан мылқау тыңдаушыға өңделіппін. Бұрындары, ия, бұрындары өздігімнен өзімді бақылаушы санап бақылаушының шаңын оттаған болдым. Ендігі сынды сырт көз айтар, қияметте Алла айтар.
Өз қателігімді, кемшілігімді жазармын… мақтаннан, паңдықтан, такаппарлықтың сойылын соғуды талақ еттім. Талақ ете жүріп өзіме балақ етпесем болғаны… Қадамымды щақ бастым деу бір бөлек, нақ басу бір бөлек.
Атан түйе мініп құйрығыма тар қылып, аяғыма бәтеңкенің жылтырын пар қылып селеу жапқан басыммен білім тексерілер тұста тар келсем қай оңғаным? Қай оңғаным? Шадты айырып, башпайды қайырып, кеудемде жайылып ғұмыр өткергенім не болмақ?
Өмірде ең қу адам аузына байлам байлап, жүзіне күлкі сайлап өтеді. Ал мендей құр-құрдым, тарсыл-дүрсілдерің бұлбұлдан аса сайрап, шымшықтай келбетімен «өзгертем», «өзгертем» дей жүріп-ақ ортасына көзге өртем күйінде өтеді екен. Аяғында сұралар шағымда дамбалсыз ақымақ бала болмасам мен тапқан игілік сол болар еді-ау? Түсінбесеңіз де күле түсіңіз, күле түсіңіз! Сіздің өмірдің бояуы осы күлкі қулығы. Бұл да шулы өмірде білімнің бір тармағына танылды. Ол өнер сезімтал маған жұғыспапты.
Біздікі ой алаңынан гүл теру, іздегенге бүр беру. Одан басқа менде не бар дейсің. Жиырма бірінші ғасырда майданымыздан парасат, игілік, адамгершілік атауы табылмас құндылық. Адамға адам сенбейді. Әрбіріміздің жүрегімізде қорқыныш, күмән паналаған. Бағзы заманның кең пейілдігі жоқ. Қазір дастарханын жая отыра жолыңа көр қазып даярлап қояры таңсық емес. Бұл шындықты өзімізше жоққа шығарамыз. Жаратылысымыздан адам атаулы барды жоқ деп, жоқты бар деп танитыны ғажаптанарлық іс емес.
Жазғандарымдағы істерге кезінде ақымақ басым нанбай аузына у басылғанын қайдан білсін. Сенбегенге сендіретін де, сенгенге сендірмей қоятын да өмір ғаламаты екен. Гүл ұстағаны қанжар қайрап, қынапта қылыш баққаны сыйын сыйлар өмір тоқпақпен бастан ұрғанда періштедей жаратылған жүректің қанаты өзін тұншықтырады. Ақ еті нарттана түсетіні осы шығар бәлкім.
Таңның атарынан кештің батары, күннің тағынан түннің тағы орнықты. Өмірде мейірбан қормал әрине, сен өзің өмірге қормалдық танытсаң. Өмірімнің пұшпағында өмірдің қормалдығын мөлшерінен аса сезіндім.
Арқам төсек сүйіп, басыма мамық тиіп, аузым үш уақ металға қанып, жамбас «мраморды» танып, көзім мен жүрегім ғана жарық іздеп жүрген жеті күндік өмірдің бір күнінде не бітірдім?
Өзің үшін өмір сүрем деп өздік есімдік болудан әсте шошимын. Қазағым көпшіл бола жүріп кем өспей, жүрек қорғаған бір төстей қаншама ғасыр өмір сүргені рас. Көпшіл қазақтың ішінде жүріп жаралының жарасын тамып, кемшілікті бауырдың аласын жауып, жоғын түгендеп, бірлі бүтіннің шанырағын түтіндетсем өмір сүргенім зая кетпесі аян. Бар арманым, бар тілегім осы, ал менің істеп жүргенім дұрыс па? Бұрыс па? Білмеймін!!!
ТӨРЕХАН Арыстан (Satirik92)

0 пікір