Ниетіміз қабыл болғай!

Өз ойым /

Осы өмірімде оразаны екі жыл қатарынан тұттым. Биыл құлқым болмады. Өзімше мың толғанып ойландым. Бұл күнә шығар. Бірақ, расымен, соншалық қиналғаныма өзім де таң қалдым. Өз-өзіме «жұмысың бар, алматыда шілде айы да ыстық» деген секілді түрлі сылтаулар ойлап таба бастадым. Ақыр соңында азғырған ойдан арылып, тым құрығанда күніне сәждеге басымды 5 мезгіл тигізіп, намаз оқымасам да жылына бір келер қасиетті айдағы парызымды өтеуге бел будым.
Оразамыз қабыл болып, ниеті тілегіміз періштелер құлағына шалынсын деп тілейік баршамыз. Егер денсаулықтарыңыз жарап тұрса, мен секілді сылтау іздеп әуре болмай, 5 парыздың тым болмағанда бірін орындап өтейік.

5 пікір

Jako
Жарайсың, ниетің қабыл болсын, қалқам!
Flower
Ниетіңіз қабыл болсын… Оте куанып турмын сіз үшін, Аллах жүрегіңіздегі имандылық кілтін одан сайын ашсын.
yesbolat83
Шілденің аптап ыстығына қарамай бір Аллаһтың разылығы үшін тұтқан оразаларыңыз қабыл боп, Өзі сүйген құлдарының қатарынан еткей!
ai85
Ниеттериниз кабыл болсын Ораза устаган жандар!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.