Менің жүрегім неге жылайды?

Өз ойым /
Менің жүрегім неге жылайды?
Менің жүрегім адамзат деген ұғымды аяқ асты еткен хайуандарды көргенде жылайды. Менің жүрегім махаббат орнына қиянат жасайтын тасжүректерді көргенде жылайды. Менің жүрегім әке-шешесі тірі тұрғанда тірі жетім атанғандарды көргенде жылайды. Менің жүрегім дос досты сатқанда жылайды. Қазақтың арамшөп басқан кең даласын төмпешікке айналдырып, түрмеде туберкулезден қырылып жатқан балаларды көргенде жылайды. Балаларының жағдайы болып тұрса да, ата-анасын қарттар үйіне өткізіп жіберетін тасжүректерді көргенде жылайды. Не білімі, не сауаты жоқ, базарда арба сүйреп жүрген ағаларымды көргенде жылайды. Арақ пен темекіге беріліп, жүріс-тұрыстары өзгерген қаракөз әпкелерімді көргенде жылайды. Міне, осының бәрін көре тұра ол жыламағанда кім жылайды?…
Мұндай-мұндайды айта берсе өте көп. Өмір неге осылай? Соған таңғаламын. Жағымсыз оқиғаларды ой елегінен өткізе отырып қатты ойланамын: « Шіркін деймін ішімнен, үлкен қызметте істесем, қоғмадық тәртіпті сақтауға бар күш жігерімді жұмсар едім, балаларды қатаң тәртіпке, саналы, ойлы, тәрбиелі, білімді етер едім-ау!»-деп те ойға батамын.
Ел ішіндегі келеңсіздіктерге жол бермеуге әбден болады деген сенімім мол. Темірдей тәртіп орнықтыратын азамат болсам деймін. Теледидарды ашып қалсаң, неше түрлі қылмысты әреттерді көрсетіп жатады. Сонда қылмыс неге көп? Жан түршігерлік оқиғаның орын алу себебі неде? Нашақорлар көбейіп, есіркімен есі кетіп жүргендер қаншама?!
Мен бетін бояп, қасын жұлып, кірпігін ұзартып, ернін қызартып алған қазақтың қараторы қыздарын көргенде жылаймын. Ал осыған орай, қарапайым мысал келтірсем толып жатыр. Жақында қасын түгел жұлып оның орнына бір сызық қара тартқан қазақтың қызын көрдім. Сол бояуды көзінің жанына да жағып, оны және ұзартып қойыпты. Бетіндегі баттасқан бояуды былай қойғанда, қасының орны мен көзінің жанына қатарласа сызылған жаңағы екі сызық көлденең адамға жыланның айыр тіліндей әсер етеді. Қыздың онда шаруасы жоқ. Жағын таянып, сіресіп отыр. Оның қасына қарт ана келіп түрегеп тұрды. Жағамды ұстадым. Жүрегім оның көргенсіздігіне шыдай алмай, тағы жылады.
Менің бүгінде бар мақсат-арманым — осындайларға жол бермеу, жүрегімді жылатпау. « Біздің елімізде, яғни Қазақстанда осындай темірдей тәртіп орнықса екен » деп армандаймын. Арманым алдамайтын шығар деген үміт те бар.

5 пікір

ereke_enu
Қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосу үшін үлкен қызметте істеу шарт емес. Осы постыңыз арқылы кішкене болса да өз үлесіңізді қосып жатырсыз деп ойлаймын. Және мұның бәрі темірдей қатаң тәртіппен шешіле қоя ма?
qyrmyzy
өз үлесіңді қосу: мусорды тастамау; жетімдерге аптасына бір рет барып, ең болмағанда көңілдерін көтеру; сумкасы ауыр кез келген адамға көмектесу;…
KILYZAMAN
Жақында қасын түгел жұлып оның орнына бір сызық қара тартқан қазақтың қызын көрдім. Сол бояуды көзінің жанына да жағып, оны және ұзартып қойыпты.
— кейде ойға қаламын… Қажеттілік пен мүмкіншілік алшақтамағаны дұрыс сияқты…
Оның қасына қарт ана келіп түрегеп тұрды.
— қарапайым қазақ жастарынан көп көріп жүрмін…
KILYZAMAN
Жүрегіңн нәзік бола тұра, ҮЛКЕЕЕЕЕЕЕН екен… Аман жүрші күнім :-)
mairosh
Өйбуу айналайын Монти ау. оқып отырып отырғанда жүректі ауыртатындай қылып жазыпсың (((( Бүкіл қоғам 100 пайыз бола алмайды. Өмір болғаннан кейін ақ пен қара бірдей жүреді. Қайтеміз әркімнің санасына берсің. Құдайым сондай адамдарға жолықтырмасын. Оның бәрін түзету мүмкін емес (( +1 саған. айналандағы адал достарынды, жақын адамдарынды, сыйлы туысқандарымызды көріп шүкіршілік айтамын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.