Латын емлесіне көшу туралы өз ойым.

Өз ойым /
Қазақтарға латын емлесіне көшу туралы өз ойым.
Ешкім де бере алмайды.Латын емлесі қазақ тілін сақау тілге айналдырады ма деп ойлаймын.Қазақ тілі сөз қоры бай,өзіндік дыбысталу үндестіктері ерекше тіл, бізге кирилиццаның 33 әріпі де аздық қылып, оған өз үндестік аумағымызға лайық әріптер қосып 42қылып отыр емеспіз бе. Сол 42 әріптің ішінде бізге керек емес 1-2 (Ё, Ъ) ғана әріптер бар.Мен өзім бұл әріптерді де керек деп есептеймін. Латын емлесіне көшіп кетсек те орыстармен хат жазысып тұратын шығармыз.Сол сияқты кириллицада қалсақта көрші халықпен қатынасымыз бәрібір болады деп ойлаймын.Кейбіреулер латын емлесіне көшпесек компьютер (интернет) тілінен артта қалып кетеміз дегендей пікірлер айтады, менімше бос сөз. 150млн. халқы бар Ресей компьютер пайдаланбайды деген құлаққа ене ма? Егер пайдаланатын болса сол программалардың бәрі осы кириллицаға аударылмайды ма.Латын емлесінен тағы бір қауіп күтетін тұсымыз болуы керек, ол, қазір қазақ жастарымызда жаппай ағылшын тіліне бет бұрыу тенденциясы байқалуда.Енді бір 10-20 жылдан соң біздің орыс тілі проблемамыз түсін өзгертіп алдымызға ағылшын тілі болып келмей ма деген қауіпім бар. Сонда тіс аурудан құтылып іш ауруға тап болғандай болмаймыз ба? Әрине мен тіл маманы емеспін, дұрыс айтпаған жерлерім болса кешірім өтінемін. Бұның бәрі жеке өз ойым, мақсатым көзі ашық жастарға ой салу.
Jako

11 пікір

arslan
Ағылшын тілінен қорықпауға болады бауырым!!! Ағылшынға бет бұрған басқа мемлекеттер ағылшынданып кеткен жоқ қой. Мысалға Үндістан. Ол екі тілдеде еркін сөйлейді ғой. Екінші проблема, ЛАТЫН қаріптерінен компьютерге қатысы өте жоғары. ASII тілінде Латын және Кирилицанын 33 әріпі ғана бар. Қазақтың ӘІҢҒҮҰҚӨҺ әріптерін енгізсең төрт бұрыш немесе? белгісіне айландырып жібереді. Орыс тілі ASII кодында, UNICODE кодында оқи алады, біздің тіл тек ЮНИКОДта ғана. Меніңше ауыса алсақ ауысқанымыз пайдалы, немесе өзіміз қазақша қаріптерді дамыту керек (әй осы қазақтың қолынан жақын арада келе қоймас)
Jako
Дамыту сендердің қолдарыңда емес пе, еліміздің болашақтары.
arslan
мен қолымнан келгенін аянып жатқан жоқпын, барынша тек тіл емес, техника жағынан дамуғада үлесімді қосып жатырмын. Барлығымыз жұмыла жасамасақ, жалғыздың үні шықпай қалады ғой.
Jako
Ризамын жерлесім, келешек сендердің қолдарыңда.
pheeria
ауысу тілімізге ребрендинг болар.
және де жаңа сөздер орыс тілінен еңбей, тікелей келетін болар.
ресей қазақша оқысын, өмір бақи оларға сәйкес болып жүретін түрім жоқ.
Erlan
Қазақ тілі 1929 дан 1940 жылға дейін латын графикасымен жүргізілді, сол тұста басқа салалар былай тұрсын бір ғана әдебиетте қанша туындылар дүниеге келді, әрине тікелей латын графикасының арқасында емес болар бірақ қалай деседе қазақ тілі латын графикасында өзінің қолданылу аясын біршама кеңейте алады, тек қана ғаламторды ойламау керек, латын графикасына қазірде басқа ел тілдері жаппай өтіп жатыр емеспе?
Jako
Ақыры мақсат кирилицадан кету болса неге өз әліпбиімңзді шығармасқа.
Erlan
Тұрсынбек КӘКІШҰЛЫ,
филология ғылымдарының докторы, профессор:

Латын әліппесіне көшуді біз сәл кешірек қолға алып отырмыз. Латынға көшуге келгенде қатардағы көп­шіліктің бірі емес, академиктің алақандай дипломы, профессорлық мандаты барлардың қайсыбірі кирилица арқылы жарияланған рухани байлықтан алыстап, екі ортада бос далақтаймыз деген өзінің жорамалын айтып, іс басында жүргендерді ойландырып тастады. Әліппе ауыстырудың пайда-зиянын білмейтіндердің үрейшілдігі өзгелерден жаман болады. Атағы барлардың үрейіне іс басындағылар амалсыз үрпиісіп қарайды.
Сондықтан адамзат қоғамының даму бағытын әрқашан естен шығармау керек. Замана ағымына ілесе алма­сақ, сені біреу қолтығыңнан демейді деп үміттенбе! Дер кезінде үрдіске ілеспесең “қап” деп саныңды соғумен боласың.
Латынға көшу керек. Біз қатарымыздан кешігудеміз. Әзірбайжандар бірден көшіп, техника тіліне үйреніп қалды. Ал қасымыздағы Өзбекстан осыдан он жыл бұрын мектептерін латыншаға көшірген. Балалардың оқуын латыншаға көшіру арқылы олардың ата-аналарының да сауатын ашып алды. Оларға енді онша қиындық келмейді. Ал қырғыз бауырларымыз орыс тілін мемлекеттік тіл деп жариялап, көріп жатқан күндері мынау. Ал біздің Қазақстан орыс тілін ресми тілге айналдырып алды да, ана тілін дау-дамайдың объектісіне айналдырып жі­берді. Қазақ қазақпен қазақша сөйлесе алмай әлектенудеміз, тіпті түсіну жағында да қиындық көп. Осындай шындықа көңіл аударған Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессия­сында қазақ тілінде іс жүргізуді мемлекеттік қызметкерлерге мықтап ескертіп, латын әліппесіне көшу міндетін алға қойған болатын.
Jako
Тұрсынбек ағамдікі өте дұрыс.Бірақ бізде латыница туралы жекелеген пікірлер болмаса, мемлекеттік дәрежеде еш әңгіме болған да емес.
beko
Сұрақ:
Ұялы телфонмен смс жазарда, латын әрпі мен кирилл әрпінің не айырмашылығы бар? Латын әрпімен көп, ал кирилл әрпімен аз символ кетеді, неге?

Жауабы:

Латын әріптері 7 биттік кодтаумен жасалады.
Кирилл әрпі 2 байтпен.

Ал бір смс те 140 байт болу керек!
8 діктің орнына 7 лік кодтау арқылы 160 символ жазамыз (яғни ағылшын әріптерімен 1 смске тең)
сол 160 символымыз 140 байтқа тең (яғни 1 смс).
Ал кириллица әр әрпі 2 байт орын алады сондыктан 70 символ кетеді!

Егерде мысалыға латын (ағылшынша) әрпімен 100 жазып, арасына кирилица жазатын болсақ, смс-іміз 2 байттыққа ұлғайып кетеді, өйткені арада бір кирилица символы бар!

Бұл мәлімет Сұрақ-Жауап сайтынан алынды. Сілтемесі мұнда.

Пікір:
Демек, егер ағылшын әріптерінің арасына орысша жазғанда, телефон оны бәрін орысша жазғандай етіп түсінсе, сол жағдайды кімдер және сол нәрсе не мақсатпен істелінген екен?
Ағылшындар, басында тіл жағының политикасын ойластырған ба екен?
Turekhan
Өз ерекшелігіміз болғаны дұрыс деп ойлайм.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.