Менің қызығым
Өз ойым /
Балалық шағымнан көп нәрсеге қызығып өстім. Шайтанарбаны да қанша армандап өтсем де, оған қолым жетпеді. Кейіннен видик, түрлі түсті теледидар, DVD, ұялы телефондар да келе бастады. Отбасымызда алғашқы болып әкеміз иеленді сол ұялы телефонды. Алғаш үйге алып келген күні түнімді ұйқысыз өткізген болатынмын. Себебі не дейсіздер ғой? Себебі: «блоктан» шығара алмай таңға дейін алыстым. Кейінен жылан ойынын қаз қатар отырып, кезекпен ойнайтын болдық. Бұл да бір қызық дәурен еді.
Қаладағы қызығушылығым.
Қалаға 7-сыныпты аяқтағанда көшіп келдік, келгендегі 3 айлық ермегім балалар алаңындағы сырғанағыш пен тербеткіш болды. Талай қалалықтармен қақтығысып, ата-аналарынан да біраз таяқ жеп алдым. Қала мектебіне кіргеннен кейінгі ермегім — мұражай сынды есігі анда-мұнда ашылатын компьютер класы еді(есемді компьютерлік клубтан алдым, онда да тек ойын). Ақыры 11 сынып аяқтағанша сол компьютерлерде айызым қанғанша отыра алмай кеттім.
Ех, студенттік өмір-ай! Сабақты сылтау етіп, өзіме жеке ноутбук алдым ақыры. Енді ұйқы деген жәйна қалды. Лексияда ұйықтап, семинарда көзім ісіп отыратын болдым. Қасымдағы баланың ноуытына екі антивирус орнатып оны да талай шығынға ұшыраттым. Менің арқамда переустановканы жиі-жиі жасататын болды. "Қой, оны да өзім істеймін",- деп Windows XP-дің үстіне Windows 7-ні орнатып тастап, С дискасынан орын таппай қалған кездер болды. "Қорқақты қуа-қуа батыр болады" демекші, переустановка, аудиомонтаж, видеомонтаж дегендерді үйреніп алдым. Қазіргі кезде дизайнерлікпен де айналысып жүрмін. Енді сайт жасау деген дүниге қызығып жүрмін. Оған қоса 3D анимацияға да. Арман қуып Алматыға келгеннен кейінгі қызыққанымның нәдижесі осындай.
Менің айтпағым бұл емес. Менің айтпағым: қолымызда бардың қадір қасиетін білмекке баулу. «Интернет деген анандай, мынандай», «жастарымыз қайда кетіп барады?», «Сотка деген жақсы болды қазір, жатса да сол, тұрса да сол» сынды пікірді көп естиміз. Олардың айтпағы дұрыс қой. Бірақ адам қолындағы құралды қалай пайдаланса солай жемісі мен нәтижесін береді.

7 пікір
Интернет қолдана білген адамға көп ақпарат береді))))