Шымкент жастары «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ҰОС ардагерлеріне барып үй шаруасына көмек көрсетті.

Өз ойым /

2014 жылы 16 қаңтар күнi Шымкент қалалық «Жас Отан» жастар қанатының филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан Соғысы ардагерлері Мылтықбаев Айтбек Ысмайылұлы және Мұсаев Исрафил Мұратұлының үйіне барып үй шаруасында көмек көрсетіп, батыр аталардың жағдайымен танысты.
Іс-шараға ерекше белсенділікпен Оңтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк Фармацевтика академиясының «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.
Батыр ардагерлерiмiз соғыс кезiндегi жеңiстерi мен жеңiлiстерi туралы естелiктерiн бөлісті. Тек қана соғыс кезіндегі естеліктері жайлы емес, өздерiнiң жеңiстен кейiнгi өмiрі, жанұялары жайында, соғыстан кейінгі қираған ел экономикасын көтеру бағытында атқарған жұмыстарымен бөлісті.
1925 жылдың 15-ші мамырда Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Диқан жолы телiмiнде дүниеге келген Мылтықбаев Айтбек Ысмайылұлы соғыста көрсеткен ерлігі III дәрежелi «Ұлы Отан соғысы», III дәрежелi «Даңқ» ордендерiмен, «Ерлiгi үшiн» медальмен және мерейтойлық 7 медальмен марапатталған. Қазіргі уақытта 8 баласы, 14 немересi, 30 шөбересі бар.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.