Өрмекші өмір

Өз ойым /
Үш күннен бері төсектен тұрғызбай жатқан ауру бүгінде шуағын шаша қоймады.
Бөлмедегі үнсіздікке, ілесіп, жүректегі жырларыма, өткен өмірге ой жүгіртіп, төбеге қарап жаттым. Көзіме, қара өрмекші түсті. Өз өзімен торын құрып…
Адамда осы өрмекші секілді тырбаңдап өмір сүреміз. Жоғары шығамыз, төмен түсеміз. Үнсіз қарап жата бердім. Адам мен жәндіктің өмір сүруі Алланың ерекше жаратылысы екені мәлім. Мен бұрын ойлайтынмын, адамдар ұзақ өмір сүреді, жәндіктер мен жануарлар неге аз өмір сүреді. Қазір ойласам күлкім келеді. Себебі біз адамдар өзіміз өлтіріп, тастайды екен біз. Ол сорлының тілі болмағасын менде ұзақ сүремін деп айта алмайды ғой. Қазір аналар балаларын өлтіріп, әжетханаға, тірідей қоқыстарға тастап жатқанға басқадан қандай жақсылық күтеміз. Айналаңа қарасаң, суық, асығыс адамдар, көшеде аунап жатқан алқаштар, қайыршылар, көліктер у шу қарбалас. Жатың түгіл жақының танымайды. Өрмекшінің торындай түсініксіз өмір. Бөлме тазалаушы келді, өрмекшіні өлтірді. Мен қалдым ой түбінде. Дәл қазір біреу аурумен алысуда, баз біреуі шаттануда, жылап жатқаны қаншама, мәңгілікке кетіп жатқаны қаншама, ай өрмекші өмір ай

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.