Әкешім, анамды жылатпашы
Өз ойым /
Біздің қалаға кеше кешқұрым Алматыдан әкемнің жүз көріспегелі жыл өткен достары келген. Жылы құшақ қазақылығымызды танытқандай бүгін қонақ асына шақырып, шаңырағымызға алғаш рет дәм ауыз тиюге келеді. Анам,әкем тастап кеткен азын-аулақ ақшаға дүкен аралап, дастарханды жайнатып жіберді. Біздің де дастархан басында тату-тәтті жиналып ас ішпегенімізге жыл болмаса одан аз уақыт болған жоқ, сірә.Бүгін сол арманымның орындаларына сенгендей менің бала жүзім анамнның жайған дастарханы секілді тамаша, көтеріңкі!
Анамның да толқуы жүзінен байқалғандай, дірілдей алған тынысынан бір қуаныш, бір қорқыныш сезімін анғару да қиын емес. Таң сәріден басталған қызу дайындықтың шегі көрінді білем, анам, мені де ұмыт қалдырмады. Екі жыл бұрынғы тойға киген көйлегімді кигізіп, көкке бір елі жетпей тұрған қуанышымды айға бірақ шығарды.Шаштарымды тарап, екеуміз барынша сәнденіп бақтық.
Ал, енді барлығы дайын…
Ендігі қалған жұмыс,әкем мен оның достарын тосу болды.
Уақыт секундтап жылжып құптанның кіреріне минуттар таяп қалғаны анамды да мені де қатты аландатты. Сағат тырсылы үздіксіз құлақ етін жегенімен,әкемнің есік қаққан тырсылы естілер емес. Анам әкеме хабарласып үн қатқанша болған жоқ, телефонды тастай салды…
Қанша уақыт өткені сағатқа мәлім, айтеуір, анам екеуміздің үнсіз көз тілдесуімізді әкемнің шыдамсыздана қаққан есік қағысы бөліп жіберді. Анашым әкемнің алдынан шығуға қорықты ма, маған есікті ашуымды ишаралады. Алқымдана жүгіріп есікті аштым. Әкемнің достарына жарқын-жарқын күле кірген дауысы үйдің шамын жаққандай.Әрине,әкемнің армансыз жылы шырай күлкісі анамның арманы еді, менің де...Әкем анама қату көзбен бір сүзіп, дастарханның кемшілігін бір мінеп,қонақтармен бірге жастық жантая кетті. Анамды қонақтарға таныстырып, анама құлы секілді бұйыра сөйлейді. Әкемнің анама деген қас-қабағын сезгендеймін бе, я да, күнделікті үйреншікті әдетіме салдым ба, білмеймін, жатын бөлмемде екі алақанымды жайып:
-Уа, тәңірім! Бұл көңілді отырыс соңы да көңілді аяқталсыншы.Асан ағалармен(әкемнің досы) бірге дәмді ас ішейік… Әкемді ең болмаса бүгін ашуландырмаңызшы.Бүгін осы қонақтар алып келген көңіл-күйде тыныш ұйықтайық. Ен бастысы… Ең бастысы, анама ұрса көрмесіңші..,-деп тілеп отрып, тұзды көз жасым ерніме шейін сырғығанын байқамаппын.
Астың иісі мұрын жарып, жылауымды да доғардым. Анамның пісірген асы да мені жұбататындай… Қарным ашып қонақ бөлмеге бір баруға шешім байлап,әкемді бір ойлап тартыншақтап тұрғанымда, анам келіп мені қонақ бөлмеге бағыттап кіргізді. Барлығы да көңілді… Достарына деген жылы шырай танытып, алдарында әмпей-жәмпей болып жатқан әкемді көріп, мынау менің қатігез әкем бе деген де сансыз ойлар аралында қалдым. Көңілді кешкі ас ішіп, енді барлығы қоштасып тарқасуға ыңғай білдірді.Менің де санамнан бақытты сәтім қол бұлғап жатқандай…
Жылы қоштасып әкем де қонақ бөлмеге жантая көз шырынын ала кетті. Тыныш қана ыдыстарды жинап болып, анашым:
-Қызым, әкеңді ақырындап оятшы, бөлмесіне барып жатсын,-деп ақырын ғана үн қатты. Қорқанымды білдіргендей жыламсырай:
-Анашым,үстіне көрпе жаба салайықшы, осы жерде ұйқтасын,-деп оянса тозақ есігі ашылардай оятуға бата алмады. Анам өзі бел буғандай:
-Тұр,Қайрош, бөлмеңе жат,-деп түрткілей бастады.
-Кетші, сен мені неге оятасың, а? Өзің жата бер бар,қызыңды қосып алып! Сен,қатын, басыма бәле болдың ғой! Сүйген қызыма емес, саған үйлендірген тағдырыма қарғыс атсын..!-деп анамның алқымымнан алып қайтадан ұзана кетті.
Анам унсіз ғана жылап қоя берді.Жүрек жарасын емдей алардай құшағына кіріп менде жылай кеттім.Анамның жылағанын көріп менің де жүрегім сыздап қоя берді…

0 пікір