БСҰ туралы ойым.
Өз ойым /
Сонымен БСҰ (ВТО) ға қабылданатынымыз, оның да шапағатын көретінімізге үміт бола бастағандай ма деймін. Осы БСҰ туралы әңгіме шыққаннан бері өзіміздің кейбір азаматтар «Бұдан бізге не пайда, біздің өнеркәсіп те, өндірілетін тауарлар да бәсекеге түсе алмайды»-дегендей пікірлер айтып жатыр. Соларды оқып отырып, «Оған неге біз, қарапайым тұтынушы шаршауымыз керек? Бәсекеден ұтылғысы келмесе билік халық байлығын тонауды азайтсын, еліміздегі бар монополияны ұстап отырғандар билікпен тікелей байланысы бар адамдар, солар ойлансын»-дегім келеді. Өз билігіміз, өзіміздің ат үстіндегі азаматтарымыз қарапайым халықтың жағдайына қарамай, тек қана монополистердің (жарық, жылу, су т.с.с), екінші дәрежелі банк иелерінің, ірі концерндердің, қысқаша айтқанда өздерінің ғана қалталарын ойлап халық тұтынатын тауарлардың бағасын сол монополистерге тәуелді етіп шарықтатып, елдің сіңірін шығарып титықтатып отырған мына заманда мемлекетті ойлаудың не керегі бар. Келсін арзан тауарлар, толтырсын нарықты, халыққа жеңілдік болар сәлде болса. Ал өзіміздің өнеркәсіп бәсекеге шыдамаса бағаны түсірсін, сапаны көтерсін, проблемаларын өндірген өнімнің бағасын көтерумен ғана емес мемлекеттен эл. энергияны, газды, суды т.с.сияқтыларды төмендетуді талап етумен шешуді үйренсін…
3 пікір