↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
16 наурыз 2012

Миымның 100% жұмыс істегенін қалаймын!

Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз. Абай Құнанбаев "Ғылым таппай мақтанба"

Адам анатомиясын зерттеуші ғалымдардың айтуынша: «Адамдар ой еңбегіне келгенде өз мүмкіндіктерін толықтай пайдаланбай еріншектік танытады. Соның салдарынан олардың ойлау жүйесі 100%-дың қалыпты адамдар 2-3%-ғана пайдаланады» екен. Ал ғалымдардың өзі 10%-ға жетер-жетпестей ой еңбегін пайдалана отырып, жеткен жетістігінің өзі орасан.
Өмір деген мен үшін өте қызық құбылыс! Сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса тиісінше сан мыңдаған адамдар өмірден өтіп жатыр. Олардың әрқайсысының жақсысының не жаманының өз орны бар, өз ерекшелігі бар. Тарихқа үңілсек өмірден жақсы да өткен жаман да өткен. Бірақ менің ойымша тарихта аты қалған не жақсы не жаман адам болсын оларға ортақ нәрсе (уақыт айырмашылығына қарамай) олардың өз замандастарынан озық ойлауы және миының 50% не 80% жұмыс істеуі. Енді мен сөзіме дәлел ретінде бір тұлғаға тоқталып кетсем:

ӘБУ НАСЫР АЛ-ФАРАБИ және ОНЫҢ ӘЛЕМ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мухаммед Фараби ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көпжақты оқымысты-энциклопедисть және шығыс рационализмін қалыптастырғандардын бірі болды. Осы себепті оған “Аристотелден кейінгі екінші ұстаз!” деген құрметті атақ берілген Әл Фарабидің, бір кездері Орта Азияның ертедегі мәдени орталығы болған қала Отырарда туылғаны тарихтан белгілі. Әл Фараби осы Отрарда, өзінің ана тілі қыпшақ тілінде бастауыш білім алады. Фарабидің еңбегі мен әрекет дәуірі араб мәдениетінің даму дәуірімен түстас келді. Әлемнің атақты оқымыстылары, философтары, ақындары, музыканттары, бағдатқа жиналды және онда ғылым академиясы мен университет ашады. Бағдат оқымыстыларының арасында Орталық Азия мен Қазақстаннан шыққандар құрметті орындарды иеленді. Солармен бірге Бағдатқа – білімнің барлық саласынан; музыкадан бастап астрономияға дейін хабары бар Фараби де келді. Фараби тіл ғылымының, калеграфияның, лингвистиканың, өлең құрастырудың, риториканың ірі теоретигі ретінде танылды. Сауатты жазу, каллиграфия, өлең жазу риторикадан трактовкалар жазды. Әбу Насыр ал-Фараби – жан-жақты дамыған музыкант әрі компазитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды. Оның көптомдық “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Фараби трактаттары біздің заманымызға дейін аса жоғары бағаланады. Фараби геометрияны барлық жаратылыстық-философиялық ғылымдардың негізі деп қарады. Ұлы идеаны “Философияны меңгерудің қажетті шарттары” деген трактатында анық келтірген. Астроном және астролог ретінде Фарабидің беделі жоғары болды, ол бұл ғылымдарды арифметика, геометрия, музыка сияқты жоғары педагогикалық ғылымдар категогриясына жатқызды. Физика мен жалпы жаратылыстанудан жазған Фараби еңбектері белгілі. Жалпы физикалық және жаратылыс құбылыстарын зерттеуде ол эксперименттер жасау қажеттілігін атап көрсетеді. Фараби тамаша дәрігер ретінде де белгілі. Дәрігерлік қызыметіне байланысты Фараби, сол замандағы басқа да дәрігерлер сияқты, алхимиямен, ботаникамен, минерологиямен айналысады. Ғылымның бұл салаларының бәрі жаратылыстану құрамына кіретін. Фараби географияға көп көңіл бөлді. Саяхатшы ретінде ол, Қазақстан мен Орталық Азияның, Таяу Шығыстың, Африканың көптеген ғылыми және мәдени орталықтарында болды. Оның Отрарда, Талас, Шаш, Самархант, Бухара, Хива, Кабул, Бағдат, Дамаск қалаларында болғаны құжат түрінде белгілі. Барлық елдер мен қалаларда, Фараби жаратылыс зерттеушісі, географ және астрорном ретінде аймақты оқып үйренді, орынның координаталарын анықтады т.б. Жаратылсытануға Фараби басты мән берді. Ол, “қандай да бір педагогикалық ғылымға қарағанда, табиғат туралы ғылым әлдеқайда бай және кең көлемді болып келеді” деп жазды. Өзінің басқа бір еңбегінде “философияны оқып үйренуден бұрын табиғат туралы ғылымды игеру керек, өйткені бұл ғылым адамға барынша жақын, мәндері анық және оған түсінікті ғылым саласы” деп жазады. Философия саласында Фараби өз заманындағы теңдесі жоқ тұлға саналды. Оның негізгі көзқарасы – рациональдық. Оның философиялық еңбектерінде Аристотель, Платон және басқа ертедегі данышпандардың философиялық еңбектеріне коментарийлер жазуға көп орын берілген. Фарабидің тамаша, өте бағалы еңбегі “Даналықтың маржандары” деген трактаты 1000 жылдан бері Шығыс университеттерінің оқулық құралы болып келеді. Фараби еңбектері Европаның Қайта өрлеуінде үлкен рол атқарды. Бэкон, Л. Да Винчи, Коперник, кеплер, Лейбниц сияқты оқымыстылар өз жетістіктері үшін Фарабиге қарыздар. Бүкіл өркениеттің жан дүниесін даму бағытындағы оның білімін бағалау оңай емес.
Бір адамның бойынан қанша мамандықты көріп тұрмыз бұл дегеніміз қазіргі тілмен айтқанда «универсал» адам ғой! Міне миыңның 100% жұмыс істеуі деген осы! :))
Ұзақ уақыт созып, алтындай уақыттарыңызды алғаныма кешірім өтінем!
Миымыздың 100% жұмыс істеуін қалайтын Айтеберліктер өз-өзімізді дамыта түсейік! Жан-жақты дамуымыз үшін қандай амалдарды орындуымыз керек және қандай амалдарды орындамауымыз керек ой бөліссеңіздер!
?

Пікірлер:29

avatar
  • Jakss
  • 16 наурыз 2012, 13:19
  • 0
akil_kalta01 атыңды қатырыпсың!қалтаңда ақылың тола шығар ә?! Жалпы ойың жақсы, алайда мен өз атымнан саған миыңның 100% жұмыс істетуге ешқандай ой қоса алмаймын. Өкінішті-ақ
мммм
Пікір 2022-03-16 15:10:43 күні Oner_adamy тарапынан түзетілді
avatar
Oner_adamy сен үнсіз қалмаушы едің ғой! «мммм» бұл не қүрсініс пе? :))
  • qyrmyzy
  • 16 наурыз 2012, 16:23
  • 0
шынымен, akil_kalta01 не мағына береді??
avatar
Салем qyrmyzy!!! жоғарыдағыны оқып шығып, «akil_kalta01» дегеннің не екенін білгің келіп кетті ма? :) «Ақыл қалта» кітабы бұрын жарық көрген абзалдық әліппесінің жалғасы. Ақыл қалта адам санасының дамуына, ой-өрістің кемелденуіне жол сілтейді.
Қысқаша айтқанда осы сөз жүрегіме жақын келді :))
  • qyrmyzy
  • 16 наурыз 2012, 18:04
  • 0
сәлем, хмм, на жазбаны әлі оқымадым, жәй, қызық боп кетіп, сұрай салғам… Лайым, осы жасқа дейін өспеген санаң жететін жеріне жетсін!
avatar
qyrmyzy ашулысың ғой өзің! ым ым ым Сенің пікірің мен үшін маңызды! Уақыт тауып оқып шықсаң дұрыс болар еді :)))
  • qyrmyzy
  • 16 наурыз 2012, 22:07
  • 0
үйбәәәй, ашуланғам жоғи, аха, қолым босаса, оқып шығам ғой))))) Не үшін маңызды??
avatar
Жалпы сенің жазғандарыңды оқып шықтым.Вроде Ақылың көп қыз сияқтысың ғой!
  • qyrmyzy
  • 18 наурыз 2012, 17:05
  • 0
хмм, шашым ұзын, ақылым қысқа
avatar
Иә, солай ма? Шашыңның ұзын боғаны өте жақсы! Дегенмен, «ақылым қысқа деп айтқаныңның өзі» ақылдықтың белгісіне ұқсайды :))
avatar
  • 93ab
  • 17 наурыз 2012, 00:22
  • +2
100% миды жасатып керек емес, Сол данышпан адамдардың кітаптарын, шығармашылығын оқы, сонда сол адамның ойынан өзіңе ой қосасың, толықтай болмасада сол адам сияқты ойлайтын боласың, Мысалғы бір ақын махабатты өзінше сипатаса, оның сипатын оқып сенде солай ойлайтын боласын. Солай ойлау аумағың көбейет. Спортпен шұғылдан, спорт дегенде жүзу немесе жүгіру, таза ауа тыныстау сияқты Тәні саудың жаны сау дейді ғо, егер шаршап, былжырап жүрсең еш нәрсеге зауқымың болмайт. Құранда аят бар Аллах өткенімізді және болашағымызды толық білуші, Олар оның қалауынан басқа ілімнен еш нәрсе ұға алмақ деген. Және тағы бір аятта өздеріңнің жағдайларыңды өзгертуге тырыспағанша Біз жағдайларыңды өзгертпейміз делінеді. Енді осыдан қорытынды сен оқы, ғылым ізде, талпын мүмкін Аллах өзіңе ілім берер.
Пікір 2022-03-17 00:23:28 күні 93ab тарапынан түзетілді
avatar
93ab рахмет! Сенің ойыңды тоықтай түсінгендей болдым!0,000001% миымның жұмыс істеуі артқан сияқты :)))
avatar
  • 93ab
  • 18 наурыз 2012, 00:02
  • +1
Тағы бір жағдай адамға қателесу орынды құбылыс. Барлық информацияны дұрыс деп қабылдаудың керегі жоқ, тіпті егер оны Абай, Сократ, Платон немесе Доктор Наук т б айтсада. Ақпаратта дұрыс жағы да бұрыс жағыда болуы мүмкін. Басты барлық ақпаратты қорту ғо, өңдеу Адамның миының жұмыс жасау дәрежесі ақпараттарды өңдеу қуаттылығымен анықталады. Компьютер сияқты го. Есте сақта мен де қате айтып жатқан шығармын мүмкін.
avatar
93ab осыншама құнды мәліметтерді бойыңа сіңірген екенсің қай мектептің түлегісің? Алған бетіңнен қайтпа тек алға бауырым!!! Қазақстанға өзің сияқты адамдар керек!!!
Миды дамытудың бір жолы, мүмкін, жалғыз ғана жолы — бір нәрсемен ұзақ уақыт бойы айналысу деп ойлаймын. Мысалға, ғылыммен… Бір күнде, бір айдан соң ешқандай нәтиже болмауы мүмкін. Бірақ, бірнеше жылдан кейін міндетті түрде соның жемісіе көресің…
avatar
ereke_enu ой бөліскеніңе рахмет! Алайд бір саланы таңдасаң басқа саладан «мақұрым» қалу қаупі бар емеспе осыған қалай қарайсың?
Басқа салаларды былай жобалап білсең жақсы ғой, оның бәрін білу үшін уақыт қайда?))) Бірақ, бір нәрсені мықты біліп алған дұрыс.
  • qyrmyzy
  • 18 наурыз 2012, 17:26
  • 0
Оқып шықтым арасында мамаммен сөйлесіп…
Негізі адамдармен араласу керек, көмектесу керек, түсіну керек, көп жағдайда «мен оның орнында болсам, не істейтін едім» деп өзіңе сұрақ қою керексің. Сонда миың жұмыс істей бастайды, меніңше..«Көпті көрген біледі» дегеннің де жаны бар.
Бұйыртса, балама мозаиканың түр-түрін сатып әперетін боламын, ИнШ
Пікір 2022-03-18 17:27:28 күні qyrmyzy тарапынан түзетілді
avatar
qyrmyzy мамаңмен сөйлесі отырып оқып уақытыңды үнемдепсің тамаша!:) Өзіңді өзгенің орнына қою сол мәселеден шешім шығару мидың жұмысістеуне әсер етуі сөзсөз осыны еске сала кеткеніңе рахмет! :)
avatar
  • Zevs
  • 19 наурыз 2012, 02:07
  • 0
миың 100 пайыз жұмыс істегенін қаласаң жаттығу керек соған менің ойымша! Егер күніне қалыпты жағдайдан 10-15 пайызға асыра отырып ойлау жүйеңе салмақ түсірсең асып кетсе 50 пайыз жұмыс жамап кетер)))))))))))))))) қалғанына денсаулығың жетпейді! көтере алмай қаласың салмақты
avatar
Zevs миға салмақ салу денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін дегенді айтқың келді ме? Сосын мына сөзіңді ашып жазсаң онша түсіне алмадым «асып кетсе 50 пайыз жұмыс жамап кетер))))))))))))))))»
avatar
  • Zevs
  • 19 наурыз 2012, 02:10
  • 0
Отрар емес Отырар емес пе?
жер-су аттарын қате жазбаған дұрыс!!!
  • qyrmyzy
  • 19 наурыз 2012, 02:12
  • 0
не го, сенен қызықты жазбалар күтеміз
avatar
qyrmyzy мен енді «Аруларға шабуыл» деген тақырыппен өз ойымды ортаға салсамба деген ойым бар! Қалай қарайсың? Сен де жігіттер жайлы оз ойыңды ортаға салсаңшы :)) «Жігіттерге тойтарыс» тақырыбымен.:))
  • qyrmyzy
  • 20 наурыз 2012, 12:51
  • 0
о, келістік! Бірақ сосын жіләәәәәп жүрмеңдер. Ал, сен баста! Екі сағаттан соң жазбаң флудерлер блогында тұратын болсын!
avatar
Ок! Әміріңізге құлдық qyrmyzy ханым :))
  • qyrmyzy
  • 20 наурыз 2012, 13:08
  • 0
ық ық, әмір етпеген сияқты ем...әмір сияқты бокетіпті ғой…
avatar
Иә,қатемді түзеттім рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.