Оюлы көрпеше (өз қолымызбен)

Салем, «Айтабер»

Тәк, бүгін көрпеше тігейік))) дұрысы дайынын тамашалайық. Қас қылғанда суретке түсіруді ұмытыппын, қайта сіңлім біраз пысықтық танытыпты.

Сонымен бізге қызыл, жасыл, қоюкөк түсті велюр мата керек. Шеттерін баса тігу үшін арнайы жіпше мен, шетіне қолданылатын тағы сәнді ұзынша бұйым керек. Жіп, ине, қайшы, белгілеуге бор, ПВА желімі, тігін машинасы керек.

табаны 40 см, қалған екеуі 28 см болатын үшбұрыштан — 8 шт
табаны 55 см, екі жәні 40 см болатын үшбұрыштан — 12 шт
төртбұрышты матадан — 8 шт
жиектері дөңгеленген матадан — 8 шт
оюдан — 8 шт керек

Оюдың сыртқы түрі:



Ішкі түрі:



Жиектері дөңгеленген мата үстіне ішкі оюды жабсырып, оны төртбұрышты мата үстіне жапсырамыз. дәл солай сыртқы оюдя 4.ке бөліп үшбұрыштарға жабсырып шығамыз да машинамен басып, бәрін біріктіреміз. Өкінішке орай, суретке түсіріп алмағанымды тағы еске салғым келеді(( Енді тағы көрпе тігуге уақыт жоғын ескертемін, мүмкін болып та қалар)))



Тігін машинасымен:






тәк, сонымен, дайын болған түрі:




Сонымен бірге, жастықша да жасауға болады:



Түсінген адамға оңай, әр матаның см жазып кеттім.

Әзірге осы))) анау смайликтер қойылмай жатыр бар ғой((

26 пікір

beko
Жаман емес!
Түстері жақсы таңдалынған екен, тартымды келген әртүрлі ашық түстері бір-бірлеріне жарасымды ақ.
m170785
әдемі көрпеше
Bagashar
Анама дәл осындай келін керек.
Bagashar
осындай дүние қолдарынан келетін қазақ қыздары көп болса екен
mairosh
Көркемді кім деп тұрсың)))))))
оо жарайсың,!өзің сегіз қырлы бір сырлы жан екенсің! сені мақтан тұтамын!!!
Korkem
Рахмет! танымадым
pari
мәләдец Көркем!!!
qyrmyzy
мәәәә, мынадай да өнерің бар екен ғүә, маддис! Денің сау болсын! Жасауыңды жасап жатсың ба?
бекомен үйленеді бұйыртса
qyrmyzy
тссссс, олар жақсы дос!
akil_kalta01
— «ойыбоййй не деген өнер!»- деп, таң қалсам ыңғайысыздау шығыр. Бірақ мен осылай таң қалдым!
+ тер
alikona
Шынымен де жақсы тігілген!іскер қыз екенсін!
AKA
Керемееет, өнеріңе тамсанудан шаршамаймын. Қолдарың дерт көрмесін! Соңғы суреттер өте әдемі:)
ardak1996
суреттер әдемі, таза шығыпты! Өте әдемі, сіздерден үлгі алып жүрміз ғой біз!
Бір сұрақ: тігін машинамен жұмыс жасап отырған қыз кім?
Korkem
Ұқсамай ма маған? ))))
ardak1996
білмедім, соңғы суреттерді тусірген фотоаппаратпен неге түсірмедіңіз бәрін?
Korkem
Бәрі бір ұялы телефонмен түсірілген. Тігін машинасымен үй ішінде, свет жарығымен. Ал соңғы сурет дайын болған соң, далада, күндіз жарықта тапшан үстінде))))
qyrmyzy
Көрпешем дайын болды ма? Жасауымды нетесің ғҮә?
Korkem
Муахахахах, әлбетте нетемін. той қашан?
qyrmyzy
Қазірден дайындала бер! Әйтеуір бұйырған бір сенбіде ғой:)
mairosh
)))))))))) рахмет Көркем
Ais_97
Керемет Көркем +1!
yfriend
Атына заты сай қыз екен да
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.