Ұялы телефон қабы, көңілді түстер

Сәлеметсіздерме! Біраз күн бұрын ұялы телефоныма қап тоқып едім, бөлісейін.Ешқандай қиындығы жоқ.
Шығын болған уақыт: 30 минут (жарты сағат)
Керекті нәрселер: Әр түсті жіптер, 2 тоқитын ине, қайшы, ине және жіп.
1. Алдымен 60 бас аламыз

2. Енді әртүрлі жіптерді қосып тоқи береміз




3. Біраз қатар тоқып болған соң, теріс қаратып, қапталынын тігеміз


4. Оны үстайтын жіп тоқу үшін 65 бас алып тоқып, тігіп қоямыз
5. Дайын болғанұялы телефон қабына ұялы телефонымызды салып қоямыз.

6. Осы суреттегідей, бірақ мынадан да үлкенінінен жаздық сөмкелер тоқуға болады.
Сау болыңыздар!

25 пікір

Korkem
Әр ісіңе нұр жаусын! Керемет))) алда талай жазбалар күтемін)
ardak1996
БҰЙЫРСА) рахмет
pari
ухх тамашаш керемет маған тоқып бересің бе? жазбаңа сөз жоқ плюя +1
ardak1996
Әрине, рахмет)
Daka_sss
маған тоқып берші))) +
ardak1996
келесі жазбамды күтіңіздер)) міндетті түрде)
qyrmyzy
қандай кучт! Кімнің қарындасы дешиш?! Маддис,өркенің өссін, айнолайеееен!!!
pari
Қырмызы өзінненкішілергекәмпитберудіқащанқоясың???
ardak1996
Абылай аға мен Карлен ағаның)))) Рахмет)
Jakss
Ардақ мәләдес! Өнерің өрге жүзсін! Жігіттер қалтафонын салатын қалта күтеміз сенен! :)
+ міндетті түрде.
ardak1996
Рахмет) келесі жазбамды күтіңіздер)
dimash
Сенің осындай посттарыңы қарап сабырлығы мен шыдымдылығына сөз жоқ деп ойлаймын. Себебі анау дүниені жасау үшін төзімділік те керек шығар, тоқыыыыып отыру…
Ең керемет сыйлық өз қолымен жасалған сыйлық ғой, мынаны маған сыйласа пайдалануға қыймайсың ғой, бүлініп қалар деп)
ardak1996
мен тез ренжіп қаламын, сол үшін тоқыма тоқимын, ашуымды тежеу үшін, артық сөз айтпау үшін. Тоқыма тоқып отырғанда санап отыруын керек, сондықтан ашуын тез тарап, есіңнен шығып кетеді. Ия, сабырлы, шыдамды болуға уйретеді. Және медицинаға қатысты бірнәрсе айтайын адамның саусағы көп жыбырлаған сайын, тырнақтары қатты әрі тез өседі.Себебі бұлшықеттер жиі қозғалысқа туседі.
Рахмет)
dimash
Керемет қызсың ғой…
Очень очень очень сильно респектую!
akil_kalta01
Тамаша! Тоқыманы кімнен үйрендің екен?!
Үйренгенге де үйреткенге де мың алғыс!
Жазбаңа, тоқыма сабағына +! :)
ardak1996
анам өте тез тоқиды, мен интернеттегі видеоуроктардан үйреніп алдым)
Arhun
қандай тамаша!
ardak1996
үлкен рахмет)
VVVWWW
Рахмет, тамаша екен, менде қызығып кеттім (әттең қолымнан келмейді)
Өнерің өрге бассын!!!
qyrmyzy
Асығаааа күтем! Үлкен рахмет:) Хатыңды алдым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.